Toggle Dropdown
1
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің 2016 жылғы
6 қаңтардағы № 2
бұйрығына 10-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу салаларында реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Toggle Dropdown
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, Департамент мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
Toggle Dropdown
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Toggle Dropdown
8. Департаменттің заңды мекенжайы: 120021, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 156а.
Toggle Dropdown
9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
13. Міндеттері:
Toggle Dropdown
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы заңнаманы сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелерінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) қызметін үйлестіру;
Toggle Dropdown
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың пайда болу себептері мен жағдайларын азайту.
Toggle Dropdown
14. Департаменттің функциялары:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызмет саласында стратегиялар мен бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге қатысу;
Toggle Dropdown
3) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерге консультация беру;
Toggle Dropdown
4) электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдарда персоналды басқарудың тиімділігін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеуді, оқытуды, баспа қызметін жүзеге асыруға қатысу;
Toggle Dropdown
6) мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
Toggle Dropdown
7) құзыреті шегінде реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
15. Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы функциялары:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру, әлеуметтік-құқықтық қорғалуы жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттiк қызмет персоналы жөнiндегi автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені) қалыптастыру бойынша жалпы үйлестіруді қоса алғанда, мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерінің кадр құрамы жай-күйінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарының мониторингін жүргізу;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі, оның ішінде шетелдерде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруды және орналастыруды үйлестіру;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдардың мемлекеттік қызмет өткеруіне мониторингті жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеуді ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
7) орталық мемлекеттік органның немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшесінде не жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органда төменгі емес «Б» корпусының өзге де бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурстың өткізуін келісу;
Toggle Dropdown
8) азаматтардың жеке қасиеттеріне бағалау жүргізе отырып, қорытынды беру;
Toggle Dropdown
9) «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастыруға қатысу;
Toggle Dropdown
10) мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері әзірлейтін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын, қойылатын біліктілік талаптарына үміткердің сәйкес келуі бөлігінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауларды, сынақ мерзімінен өтпеген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жұмыстан шығаруды келісу;
Toggle Dropdown
11) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
Toggle Dropdown
12) мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнаманы бұзу, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау мәселелерi бойынша әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау;
Toggle Dropdown
13) мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
14) мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарау;
Toggle Dropdown
15) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерден мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін берілген тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға келісім беру;
Toggle Dropdown
16) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау жөніндегі мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысын үйлестіру;
Toggle Dropdown
17) әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
18) персоналды басқару қызметтерінің (кадр қызметтерінің) қызметін үйлестіру және әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
19) лауазымды адамдар мен мемлекеттiк органдарға олардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерін бұза отырып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзу;
Toggle Dropdown
20) мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тексеру нәтижелерінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы қаралуға міндетті ұсынулар енгізу.
Toggle Dropdown
16. Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функциялары:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;
Toggle Dropdown
2) қоғамның сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін барынша азайтуға бағытталған, азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік органдар басшыларының қарауына мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнінде ұсынымдар енгізу;
Toggle Dropdown
4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды орындауын мониторингілеу;
Toggle Dropdown
6) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғауға, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық бере отырып, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың түрлі нысандарын белгілеуге қатысу;
Toggle Dropdown
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруға қатысу, халықтың сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері туралы хабардар болуын арттыру;
Toggle Dropdown
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша жұмысқа қатысу;
Toggle Dropdown
9) Қазақстан Республикасының Президентіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманының жобасын дайындауға Министрлікке ұсыныс енгізу;
Toggle Dropdown
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың оң тәжірибесін зерделеу және тарату;
Toggle Dropdown
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу, ақпараттық және түсіндіру қызметі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне жәрдемдесу және әдістемелік көмек көрсету;
Toggle Dropdown
17. Департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылау саласындағы функциялары:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қызметті алушылардың қанағаттанушылығына мониторингті жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпаратты сұрату;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға қатысу;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік органдар көрсететін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Toggle Dropdown
6) жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша ақпараттық, кеңестік, әдістемелік қолдау көрсету.
Toggle Dropdown
Департамент Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
18. Департаменттің құқықтары:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тексерулер жүргізу, тексерулер жүргізуге мемлекеттік органдардың келісімімен олардың жұмыскерлерін тарту;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тексеру нәтижелерінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы өз құзыреті шегінде қаралуы міндетті ұсынулар енгізу;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті органдардан және лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа тексерістер, аудит және бағалау жүргізу туралы ұсыныстар енгізу;
Toggle Dropdown
5) Департаментке және оның құрылымдық бөлімшелеріне жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпарат жүйелерімен пайдалану;
Toggle Dropdown
6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық мәселелері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментімен өзара іс-қимыл жасау;
Toggle Dropdown
7) басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен Департамент қызметінің негізгі бағыты бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Toggle Dropdown
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
19. Департаменттің міндеттері:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шаралар қабылдау;
Toggle Dropdown
2) Департаменттің қызметіне қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
Toggle Dropdown
20. Департаментті Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын Басшы басқарады.
Toggle Dropdown
21. Департамент басшысын Министрмен келісу бойынша Министрліктің Жауапты хатшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Toggle Dropdown
22. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары (оның ішінде Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі) болады.
Toggle Dropdown
23. Департамент басшысының өкілеттігі:
Toggle Dropdown
1) Департаменттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
2) Департамент жұмыскерлерінің (қызметкерлерінің) және оның құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктерін айқындайды;
Toggle Dropdown
3) өз өкілеттіктері шегінде Департаменттің және оның құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің (қызметкерлерінің) орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің жұмыскерлерін (қызметкерлерін) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Toggle Dropdown
5) Министрліктің қарауына Департаменттің, оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлерін (қызметкерлерін) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтармен марапаттау және құрметті атақтарын беру туралы ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
6) заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Департамент атынан өкілдік етеді;
Toggle Dropdown
7) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
Департамент басшысы орнында болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
24. Департамент басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.
Toggle Dropdown
25. Департамент басшысының Департамент жанындағы консультативтік-кеңесші органдар құруға құқығы бар.
Toggle Dropdown
4. Департаменттің мүлкі
Toggle Dropdown
26. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Департаменттің мүлкі мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда), Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
27. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Toggle Dropdown
28. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Департаменттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруына немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуіне құқығы жоқ.
Toggle Dropdown
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
Toggle Dropdown
29. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.