Bestprofi Logo

Бұйрық № 695 от 2015-12-28г./Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

"Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025 г.

Документ на казахском языке

"Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 695 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 қаңтарда № 12932 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 

«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте № 370-371 (26214) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларында:

«13. Бас бухгалтер мемлекеттік мекеме басшысымен бірлесіп банк құжаттарына және материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын қабылдау мен беруге негіз болатын құжаттарға, сондай-ақ қаржы міндеттемелеріне қол қояды. Мемлекеттік мекеменің басшысы бас бухгалтердің ұсынымы бойынша банк құжаттары мен бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығын уәкілетті тұлғаларға беріледі. Осы өкілеттіктер мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтары негізінде беріледі. Бас бухгалтердің немесе оны алмастыратын тұлғаның қолтаңбасыз құжаттар жарамсыз болып есептеледі және орындалуға қабылданбайды.»;

14-тармақтың жетінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«есепке алу, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды ұйымдастыру үшін қажет іс-шаралар;»;

«18. Операцияны немесе оқиғаларды жасау фактісін белгілейтін, дұрыс рәсімделген бастапқы құжаттар бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде жазбаларды көрсетуге негіз болып табылады.

Бастапқы құжаттар операцияны немесе оқиғаларды жасау кезінде жасалады, егер бұл мүмкін болмаса операция мен оқиғалар аяқталғаннан кейін тікелей жасалуы тиіс.

Бастапқы құжаттардағы жазбалар ұзақ уақыт бойы жазбалардың сақталуын қамтамасыз ететін құралдар арқылы ғана жүргізіледі.

Бастапқы құжаттарда мынадай міндетті деректемелер қамтылады:

ұйым атауы немесе құжат кімнің атынан жасалса, соның тегі мен аты-жөні;

операция мен оқиғаның өлшем бірлігі (сандық және құндық шамада);

операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс рәсімделуіне жауапты тұлғалардың лауазымдарының атауы, тектері, аты-жөндері және қолдары;

бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН).

Бастапқы құжаттың электрондық нысаны қағаз жүзінде ресімделген бастапқы құжаттың күшінде болады. Электрондық қолдарды қолданушы электрондық қолтаңбаларды пайдалану және қол жеткізу құқығына қатысты тиісті сақтану шараларын және бақылауды белгілейді.

Мемлекеттiк мекемелер электрондық тасымалдағыштарда бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерiн жасау кезiнде осындай құжаттардың көшiрмесiн қағаз тасығыштарда дайындайды.

Бастапқы құжатта мынадай қосымша деректемелер көрсетіледі құжат нөмірі, мемлекеттік мекеменің мекенжайы, құжатпен тіркелген операция жасау үшін негіздеме, құжатталатын операциялардың сипатымен анықталатын басқа қосымша деректемелер.

Материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған құжаттарда осы құндылықтарды алғаны жөніндегі материалдық жауапты тұлғаның қолхаты, ал орындалған жұмыстар үшін құжаттарда – тиісті тұлғалардың жұмыстарды қабылдау растамасы болады.

Бастапқы құжаттарда мәтіндік бөлімде де, сандық деректерде де келісілмеген түзетулер мен тазартуларға жол берілмейді.

Бастапқы құжаттарда қателер дұрыс емес мәтінді немесе соманы сызып тастау жолымен түзетіледі және сызып тасталғанның үстінен дұрыс мәтінді немесе соманы жазу арқылы түзетіледі. Сызып тастау бұрынғы жазылғанды оқитындай етіп, жіңішке сызықпен жүргізіледі. Бастапқы құжатта қатені түзеу «Түзетілді» деген жазумен ескертілу және құжатқа қол қойған тұлғалардың қолымен, түзету енгізу мерзімін көрсету арқылы расталады.

Кассалық және банктік бастапқы құжаттарға түзетулер енгізуге жол берілмейді.

Халықаралық ұйымның дипломатиялық хатының негізінде жасалған бухгалтерлік анықтама Қазақстан Республикасының жарналарын төлеу кезінде корреспондент банктің комиссиялық сыйақысына арналған шығыстарды бухгалтерлік есепте көрсету үшін негіз болып табылады.»;

24-тармақтың төртінші, алтыншы және жетінші бөлгілері мынадай редакцияда жазылсын:

«Карточкалар (активтер бойынша карточкалардан басқа) әр шот бойынша жеке жүргізілетін Нысандар альбомының 279 нысанды каточкалар тіркелімінде тіркеледі. Активтерді есепке алу карточкалары Нысандар альбомының ҰМА-10 нысанды ұзақ мерзімді активтерді есепке алу бойынша түгендеу карточкаларының тізімдемесінде тіркеледі.»;

«Материалдарды есепке алу карточкалары тігілген түрде карточкалар тізілімімен, тіркелімдерімен және басқа бухгалтерлік құжаттармен бірге жыл сайын немесе екі жылда бір рет мұрағатқа тапсырылады. Жыл бойы шығып қалған активтерді есепке алу карточкалары осындай мерзімдерде мұрағатқа тапсырылады.

Нысандар альбомының ҰМА-10 нысанды активтерді есепке алу бойынша түгендеу карточкаларының тізімдемесі Нысандар альбомының НҚ-6, 8, 9 нысанды соңғы түгендеу карточкасы бойынша мүкәммалды есептен шығару туралы белгі болғанда мұрағатқа тапсырылады. Тізімдемесіз түгендеу карточкаларын мұрағатқа тапсыру кезінде олар жеке ведомосте жазылады, онда карточка нөмірі және есептен шығарылған мүкәммалдың атауы, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда одан басқа қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеменің атауы да көрсетіледі.»;

«26. Синтетикалық және талдамалы есеп шоттары бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын бақылау үшін тиісті синтетикалық шотпен біріктірілетін талдамалы шоттардың әрбір тобы бойынша Нысандар альбомының М-44, 285 және 326-ҰМА, 326-МЕА, 326-ИЖМ, 326-БА нысандарының айналым ведомостері жасалады. Айналымдардың қорытындылары және әрбір талдамалы шоты бойынша айналым ведомостерінің қалдықтары айналымдардың қорытындыларымен және Нысандар альбомының 308 нысанды «Басты-журнал» кітабының осы қосалқы шоттарының қалдықтарымен салыстырылады.

Айналым, оның ішінде активтер бойынша ведомостер ай сайын жасалады.

Нысандар альбомының 326-ҰМА, 326-МЕА, 326-ИЖМ, 326-БА нысандарындағы айналым ведомостеріндегі жазбалар бірнеше жыл бойы жүргізіле алады.

27. Жаңа қаржы жылында синтетикалық және талдамалық шоттар бойынша бухгалтерлік тіркемелерде жыл басындағы қалдықтардың сомасы бухгалтерлік баланс пен өткен жылғы есепке алу тіркемелерімен толық сәйкестікте жазылады.

Егер бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi есепті қаржы жылындағы қаржылық есептiлiктi қабылдау кезiнде түзетулер жасаса, онда тиiстi жазбаша хабарлама негiзiнде бұл түзетулер осы есепті қаржы жылының бухгалтерлiк есебiнiң тiркелiмдерiне (бухгалтерлiк жазбаны түзету жолымен) және ағымдағы жылдың бухгалтерлiк есебiнiң тiркелiмдерiне (кiрiс қалдықтарын өзгерту жолымен) енгiзiледi.

28. Әрбір есепті ай өткенен кейін барлық мемориалды ордерлер, мемориады ордерлер – жинақтау ведомостері оларға қатысты құжаттармен бірге хронологиялық тәртіппен іріктеледі және түптелед. Құжаттар саны аз болған кезде түптеуді үш айда бір дестеге жүргізіледі. Мұқабада мемлекеттік мекеменің немесе орталықтандырылған бухгалтерияның атауы, дестенің, істің атауы мен реттік нөмірі, есепті кезең жыл мен ай, мемориалды ордерлердің бастапқы және соңғы нөмірлері, істегі беттердің саны жазылады.

Тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жағдайларында – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормалары қолданыла отырып, және онсыз мемлекеттік мекеменің міндеттемелері (тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға арналған азаматтық-құқықтық мәмілелер) бойынша шығыстар жүргізу үшін негіздеме болып табылатын құжаттар, төлеуге берілетін шот, шот-фактуралар, орындалған жұмыстардың актілері немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде белгіленген басқа да құжаттар номенклатуралық істерде хронологиялық тәртіпте нөмірленеді, тігінделеді және тігіледі.»;

«39. Қаржылық есептiлiк элементiнiң анықтамасына жауап беретiн бап, егер:

1) баппен байланысты кез келген болашақ экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті алады деген ықтималдық бар;

2) объектіні сатып алуға немесе оның құнына іс жүзіндегі шығындар сенімді өлшенгенде танылады.»;

«52. 1030 «Есеп айырысу шоты» шотында Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі - СІМ) және басқа ұйымдар алған бюджет қаражатын есепке алу жүзеге асырылады.

Түскен сома мынадай жазбамен көрсетiледi 1030 «Есеп айырысу шоты» шотының дебетi және 6010 «Ағымдағы қызметтi қаржыландырудан алынатын кiрiстер» шотының кредитi.

Шетелдік мекемелер жүргiзген аударымдар 3210 «Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» шотының тиiстi қосалқы шоттарының, 3273 «Өзге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешектер» және 1410 «Берiлген қысқа мерзiмдi аванстар» қосалқы шоттарының дебетi және 1030 «Есеп айырысу шоты» қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi.»;

«55. 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шотында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар оларды қайтаруы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға белгілі бір шарттар басталған кезде аудару шарттарында мемлекеттік мекемеге беретін ақша қозғалысы ескеріледі.»;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание