«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектіcі іске асыратын көрсетілетін қызметтерге бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 235 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 67 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектіcі іске асыратын көрсетілетін қызметтерге бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 235 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11073 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымдағы «Әділет» Қазақстан Республикасының ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев __________________ 2016 жылғы 5 ақпан
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |