Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 қазандағы № 200 қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 желтоқсанда № 12376 болып тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 257 Қаулысына сәйкес (30.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
2. «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6877 тіркелген, 2011 жылғы 31 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 226-227 (26625) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
«9) банктік қарызды ислам банкі берген жағдайда - Банктер туралы заңның 52-8, 52-9, 52-10 және 52-12-баптарында көрсетілген талаптар;»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. 10-тармағының бірінші бөлігін қоспағанда, осы қаулының талаптары шарттың шет мемлекеттің құқығымен реттелетіндігі көзделген, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын кредитор банктердің қатысуымен синдикатталған қарыз беру жөніндегі шарттарға қолданылмайды.».
3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |