• Мое избранное
Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 08.07.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 8 шілдесінен бастап ҚР Үкіметінің 20.06.2022 жылғы № 409 Қаулысына сәйкес 
Редакция 06.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 98-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 52, 707-құжат);
2) «Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1073 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 575-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2016 жылғы 27 қаңтардағы
 № 32 қаулысымен
 бекітілген
  • 2
Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) индустриялық-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені (бұдан әрі – жоба);
2) индустрияландыру картасы республика деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.09.2020 жылғы № 601 Қаулысына сәйкес (23.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) өңірде кәсіпкерлікті қолдау картасы өңір деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.09.2020 жылғы № 601 Қаулысына сәйкес (23.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) өтініш беруші – жобаны жоспарлауды және іске асыруды жүзеге асыратын жеке/заңды тұлға;
5) өңірлік үйлестіру кеңесі – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері жалпы санының кемінде 50%-ін бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – кеңес);
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.09.2020 жылғы № 601 Қаулысына сәйкес (23.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) жобаларды қарау жөніндегі салалық комиссия – мемлекеттік органның қызметкерлері мен тиісті саланы білдіретін бизнес-қауымдастық мүшелері қатарынан келісім бойынша тиісті салалық мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен қалыптасатын, нақты салалар бойынша индустрияландыру картасына енгізуге ұсынылатын жобаларды қарайтын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – салалық комиссия);
7) уәкілетті орган – индустриялық даму саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.09.2020 жылғы № 601 Қаулысына сәйкес (23.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) индустрияландыру картасының мәселелері жөніндегі штаб – жобаларды қарау жөніндегі мүдделі салалық комиссиялардың басшылары, уәкілетті органның, салалық министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық холдингтер мен даму институттарының, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардың қызметкерлері қатысатын индустрияландыру картасына енгізу үшін жобаларды қарау мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жанындағы комиссия (бұдан әрі – штаб);
9) Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия – Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласында ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған уәкілетті орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – Комиссия);
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.09.2020 жылғы № 601 Қаулысына сәйкес (23.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) жергілікті уәкілетті орган – кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы даму, үйлестіру, реттеу және басқару функцияларын жүзеге асыратын, тиісті аумақтағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысатын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы;
11) салалық орталық атқарушы орган – тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
12) жауапты мемлекеттік орган – жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік орган;
13) өңірлік кәсіпкерлер палатасы – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүйесіне аумақтық деңгейде кіретін облыс, республикалық маңызы бар қала және астана кәсіпкерлерінің палатасы (бұдан әрі – өңірлік палата).
2. Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу тәртібі
3. Жобаларды индустрияландыру картасына енгізу кезең-кезеңмен жүргізіледі:
1) бірінші кезең – жобаларды жергілікті деңгейде қарау;
2) екінші кезең – жобаларды орталық деңгейде қарау;
3) үшінші кезең – жобаларды уәкілетті органда қарау;
4) төртінші кезең – жобаларды комиссияда қарау.
4. Жобаларды өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізу кезең-кезеңмен жүргізіледі:
1) бірінші кезең – жобаларды жергілікті деңгейде қарау;
2) екінші кезең – салалық комиссияда қарамай, жобаларды салалық тиесілілік бойынша орталық деңгейде қарау.
5. Мынадай:
1) құны 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізіледі;
2) құны 4,5 млрд. теңгеден басталатын жобалар индустрияландыру картасына ұсынылады;
3) мемлекеттік қолдау шараларын талап етпейтін жобалар индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізілмейді.
6. Индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына жобаларды іріктеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.09.2020 жылғы № 601 Қаулысына сәйкес (23.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган, өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шараларын қарау, келiсу және ұсыну кезiнде мынадай өлшемшарттардың бiрiн:
1) инновациялық – экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ескере отырып, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстердi, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi жасау арқылы қызметтiң экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға бағыттылықты;
2) бәсекеге қабілеттілік – шығарылатын өнімнің, көрсетілетін жұмыстардың және (немесе) ұсынылатын қызметтердің төмен өзіндік құнынан, олардың сұранысынан және оларды өндірудің, көрсетудің немесе ұсынудың экономикалық орындылығынан көрінетін ұқсас, индустриялық-инновациялық жобалармен салыстырғандағы артықшылық;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.10.2019 жылғы № 786 Қаулысына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) ауқымдылық – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту үшiн индустриялық-инновациялық жобаны іске асырудың маңыздылығын басшылыққа алуға міндетті.
4) еңбек өнімділігі – пайдаланылатын ресурстар бірлігіне есептегенде өнім шығаруды сипаттайтын, өндіріс көлемі мен еңбек ресурстары шығындарының арақатынасын білдіретін өндіріс тиімділігінің көрсеткіші;
7-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.10.2019 жылғы № 786 Қаулысына сәйкес (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) экспортқа бағдарланушылық – өндірістің өнім мен көрсетілетін қызметтер экспортына бағытталуы.
7-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.10.2019 жылғы № 786 Қаулысына сәйкес (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Индустрияландыру картасының және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарының жобалары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын ескере отырып іріктеледі.
9. Өтінімдерді қабылдауды жергілікті уәкілетті орган тұрақты негізде жүзеге асырады.
  • 1
10. Өтініш беруші жобаны индустрияландыру картасына немесе өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізу үшін тиісті өңірдің жергілікті уәкілетті органына мынадай құжаттарды электрондық және қағаз жеткізгіштерде қолма-қол ұсынады: