Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 191 Жарлығы
Редакция 21.06.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 8 ақпандағы
№ 191 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы» деген жол алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрі»;
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамына:
Мұқашев - Қазақстан Республикасы Парламенті
Төлеубек Төлеуұлы Сенатының депутаты (келісім
көрсетілген Комиссияның құрамынан Н.І. Сүлейменов, Ш.Х. Хахазов шығарылсын.
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына:
Айтуғанов - Қазақстан Республикасы
Қайрат Қапарұлы Кәсіподақтар федерациясы
төрағасының орынбасары (келісім
Рахметулин - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Абай Жамбылұлы Сотының қылмыстық істер бойынша
Тұрмағамбетова - «Адам құқықтарын жақтаушы хартия»
Жеміс Өтегенқызы қоғамдық қорының атқарушы
директоры (келісім бойынша)
«Оңғарбаев - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
Еркін Әнуарұлы ұлттық университетінің заң
факультетінің деканы (келісім
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Оңғарбаев - Қазақстан Республикасы Бас
Еркін Әнуарұлы прокуратурасының жанындағы Құқық
қорғау органдары академиясының
бірінші проекторы (келісім
көрсетілген Комиссияның құрамынан Қ.Я. Амандықов, А.Қ. Жұмағалиев, А.А. Қасымов, Н.К. Фокина шығарылсын.
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:
«Мүкей Айгүл - «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық
компаниясының баспасөз хатшысы
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүкей Айгүл - «SNC» журналының бас редакторы
6. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 254-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Комиссияның отырыстарына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқаларының төрағалары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Ішкі істер, Әділет, Мемлекеттік қызмет істері министрлері немесе олардың орынбасарлары, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қатысып, талқыланатын мәселелер бойынша сөз сөйлей алады.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
Бекетаев - Қазақстан Республикасы Президенті
Марат Бақытжанұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
көрсетілген Комиссияның құрамынан Т.С. Донақов шығарылсын.
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8. «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік органдар енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына, әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы виза қоятын судьяларды қызметке тағайындау және қызметтен босату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қоспағанда, әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның басшылары және қажет болған кезде Премьер-Министр, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы міндетті түрде виза қояды.»;
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66. Жартыжылдықтың соңғы айының 30-күніне дейін мемлекеттік органдар Президент Әкімшілігіне мониторингтің нәтижелері туралы ақпарат және қажет болған жағдайда, тиісті жарлықтарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар жібереді.».
9. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 24, 379-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)» деген жол алып тасталсын.
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына:
Ақышев - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Данияр Талғатұлы Банкінің Төрағасы,
Айван - «Гленкор плс» компаниясының бас
Глазенберг атқарушы директоры (келісім
Кармайн - «ЕҮ»-нің клиенттерімен жұмыс
Ди Сибио жөніндегі басқарушы әріптесі
Ван Дунцзин - «CNPC» компаниясының
вице-президенті (келісім бойынша),
Сами Искандер - «Би Джи Групп» компаниясының
өндіру жөніндегі бас басқарушы
директоры (келісім бойынша),
Джим Коулз - «Ситигрупп» компаниясының Еуропа,
Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі
бас атқарушы директоры (келісім
Дэвид Крукшэнк - «Делойт» компаниясының халықаралық
директорлар кеңесінің төрағасы
Панкин - «Еуразия даму банкі» акционерлік
Дмитрий Владимирович қоғамының басқарма төрағасы
Смайылов - Қазақстан Республикасы
Әлихан Асханұлы Президентінің көмекшісі,
Эрик Шир - «Бейкер және Макензи Интернешнл»
компаниясының атқарушы комитетінің
мүшесі және бас директорының
орынбасары (келісім бойынша)
көрсетілген кеңестің құрамынан Г.Н. Әбдіқалықова, С. Алмонд, К. Ванхарентс, Қ.Н. Келімбетов, Е.Т. Орынбаев, Д.Ферраро, К.Финлейсон, И.В. Финовгенов, Д.Харикен шығарылсын.
13. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 44-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына:
Бекетаев - Қазақстан Республикасы Президенті
Марат Бақытжанұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
Жұмақанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Владимир Зейноллаұлы қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
«Донақов - Қазақстан Республикасы
Талғат Советбекұлы Президентінің Әкімшілігі
Кеңестің төрағасы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Донақов - Қазақстан Республикасының
Талғат Советбекұлы Мемлекеттік қызмет істері
көрсетілген Кеңестің құрамынан Н.Әбіқаев, Қ.П. Қожамжаров, М.С. Нәрікбаев, Н.М. Ыбырайым шығарылсын.
14. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
15. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
16. «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 7, 66-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамында:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрі, төрағаның орынбасары».
17. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 8 ақпандағы
№ 191 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің
ТІЗБЕСІ
1. «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығы.
2. «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 323 Жарлығы.
3. «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 331 Жарлығы.
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 395 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1025-құжат).