• Мое избранное
Газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Газ және газбен жабдықтау саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 748 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 824 бірлескен бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 ақпанда № 13031 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 23.11.2018 жылғы № 454 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.11.2018 жылғы № 78 Бірлескен бұйрығына сәйкес (24.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.11.2022 жылғы № 383 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 99 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 17.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 5-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 23.11.2018 жылғы № 454 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.11.2018 жылғы № 78 Бірлескен бұйрығына сәйкес (24.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.11.2022 жылғы № 383 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 99 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 23.11.2018 жылғы № 454 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.11.2018 жылғы № 78 Бірлескен бұйрығына сәйкес (24.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.11.2022 жылғы № 383 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 99 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарлық газын өндірушілерге қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сұйытылған мұнай газын өндірушілерге қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сұйытылған табиғи газын өндірушілерге қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
9) осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
10) осы бірлескен бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес ұлттық операторға қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
11) осы бірлескен бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес газ толтыру станцияларының иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
12) осы бірлескен бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес газ тарату ұйымдарына қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
13) осы бірлескен бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес газ тасымалдау ұйымдарына қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
14) осы бірлескен бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес газ толтыру пункттерінің иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
15) осы бірлескен бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес автогаз құю станцияларының иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
16) осы бірлескен бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
17) осы бірлескен бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес топтық резервуарлық қондырғыларының иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
18) осы бірлескен бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес тауарлық газдың өнеркәсіптік тұтынушыларына қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
19) осы бірлескен бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес сұйытылған мұнай газдың өнеркәсіптік тұтынушыларына қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
20) осы бірлескен бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы бекітілсін;
20-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.08.2024 жылғы № 302 және ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.09.2024 жылғы № 70 Бірлескен Бұйрығына сәйкес (17.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21) осы бірлескен бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес ірі коммерциялық тұтынушыларға қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы бекітілсін;
1-тармақ 21-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 27.08.2024 жылғы № 302 және ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.09.2024 жылғы № 70 Бірлескен Бұйрығына сәйкес (өзгерту 17.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22) осы бірлескен бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
1-тармақ 22-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 27.08.2024 жылғы № 302 және ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.09.2024 жылғы № 70 Бірлескен Бұйрығына сәйкес (өзгерту 17.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 30 маусымдағы № 483 және Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 441 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11827 болып тіркелді, 2015 жылғы 3 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ оның алынған күнінен бастап Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. 
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Ұлттық экономика министрі________________ Е. Досаев            
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі______________ В. Школьник      
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Бас прокуратурасының 
Құқықтық статистика және 
арнайы есепке алу жөніндегі 
комитетінің төрағасы 
_______________ С. Айтпаева 
2015 жылғы 24 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 748 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 824 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 24.02.2017 жылғы № 70 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.03.2017 № 120 Бірлескен бұйрығына сәйкес (24.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
10.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 23.11.2018 жылғы № 454 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.11.2018 жылғы № 78 Бірлескен бұйрығына сәйкес (24.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.11.2022 жылғы № 383 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 99 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Газ және газбен жабдықтау саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы газ және газбен жабдықтау саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5-тармағына, «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында әзірленді.
2. Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2023 жылғы № 222 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.06.2023 жылғы № 112 Бірлескен бұйрығына сәйкес (29.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) автогаз құю станциясы – сұйытылған мұнай газын сақтауға және оны отын ретінде пайдаланатын көлік құралдары иелеріне бөлшек саудада өткізуге арналған технологиялық кешен;
2) автогаз толтыру компрессорлық станциясы – тауарлық газды сұйытуға, сақтауға және оны отын ретінде пайдаланатын көлік құралдарының иелеріне бөлшек саудада өткізуге арналған технологиялық кешен;
3) бақылау субъектісі – тауарлық, сұйытылған мұнай, сұйытылған табиғи газ өндірушілер, өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелері, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері, ұлттық оператор, газ толтыру станцияларының иелері, газ тасымалдау ұйымдары, газ тарату ұйымдары, газ толтыру пункттерінің иелері, автогаз құю станцияларының иелері, автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелері, топтық резервуарлық қондырғыларының иелері, тауарлық газдың өнеркәсіптік тұтынушылар, сұйытылған мұнай газдың өнеркәсіптік тұтынушылар, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар;
4) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
5) болмашы бұзушылықтар – көзделген есептерді және мәліметтерді ұсынбауға байланысты бұзушылықтар;
6) газ тарату ұйымы – тауарлық газды газ тарату жүйесі арқылы тасымалдауды, газ тарату жүйесін техникалық пайдалануды, сондай-ақ Заңда белгіленген шарттарда тауарлық газды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
7) газ тасымалдау ұйымы – Заңда белгіленген шарттарда тауарлық газды жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау және (немесе) тауарлық газды тауарлық газ қоймаларында сақтау жөніндегі қызметтерді көрсететін заңды тұлға;
8) газ толтыру пункті – сұйытылған мұнай газын сақтауға, тұрмыстық баллондарға қотару мен құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған инженерлік құрылысжай;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.04.2024 жылғы № 164 және ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 22.04.2024 жылғы № 17 Бірлескен Бұйрығына сәйкес (13.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) газ толтыру станциясы – сұйытылған мұнай газын сақтауға, теміржол цистерналарына, автогаздарға, тұрмыстық баллондарға қотаруға және құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілер кешені;