Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 717 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Редакция 22.02.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – орта білім беру ұйымдары) ақылы және тегін негізде оқитындарға тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді немесе тауарларды сатып алу тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Тамақтандыруды ұйымдастырудың міндеттері:
Toggle Dropdown
білім алушыларды тиімді тамақтандырумен қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
тағам әзірлеуде пайдаланатын тамақ өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігіне кепілдік беру;
Toggle Dropdown
білім алушылар арасында тамақтан уланудың алдын алуға және профилактикасына бағытталған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10275 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) талаптарын сақтау болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсетуге мамандандырылған заңды немесе жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызмет берушілер жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) әлеуетті өнім беруші – қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);
Toggle Dropdown
2) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру – білім алушыларға, олардың білім беру ұйымдарында болу кезеңінде тамақтандыруды ұсыну бойынша қызмет көрсету немесе тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарларды сатып алу үшін қажетті жағдай жасау;
Toggle Dropdown
3) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;
Toggle Dropdown
4) конкурсқа қатысуға өтінім – конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған, қызметтер көрсету немесе тауарларды жеткізу үшін материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын, әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттар;
Toggle Dropdown
5) конкурстық комиссия – конкурс өткізуге конкурсты ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
Toggle Dropdown
6) конкурстық құжаттама – әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінім дайындау үшін және конкурс өткізу шарттары мен тәртібі қамтылған конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын құжаттар;
Toggle Dropdown
7) конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімі – әлеуетті өнім берушімен көрсетілетін қызметтерді көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасу мақсатында конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын өзара байланысты, жүйелі іс-шаралар кешені;
Toggle Dropdown
8) конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) – орта білім беру ұйымы немесе білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда, білім беру органы;
Toggle Dropdown
9) көрсетілетін қызмет берушіні таңдау өлшемшарттары – әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуі бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;
Toggle Dropdown
10) қаржы жылы – ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;
Toggle Dropdown
11) отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау – 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар;
Toggle Dropdown
12) өнім берушінің біліктілік талаптары – қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын құжаттар тізбесі;
Toggle Dropdown
13) өнім беруші – қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасқан кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
14) тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттары – әлеуетті өнім берушінің тауарларды жеткізу бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;
Toggle Dropdown
15) тауарларды сатып алу – тапсырыс берушінің тауарларды осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен сатып алуы;
Toggle Dropdown
16) тиімді тамақтандыру – тамақтандырудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормалары ескерілген үйлестірілген тағам;
Toggle Dropdown
17) шарт – тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында қызметтер көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт.
Toggle Dropdown
2. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
5. Білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар орта білім беру ұйымдарында егер конкурс қорытындысы бойынша көрсетілетін қызмет берушілер жоқ болса, Санитариялық қағидаларға сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыруға қажетті жағдайлар болған жағдайда, жергілікті бюджет есебінен ас әзірлейтін бөліктердің қызметкерлерін (аспазшылар, асхана қызметкерлері, қоймашы) енгізуге жол беріледі.
Toggle Dropdown
6. Орта білім беру ұйымының әкімшілігі білім алушыларды тиімді тамақтандыруды, дұрыс тамақтанудың қағидаттары мен санитариялық-гигиеналық негіздерін қамтамасыз етуге, білім алушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) консультациялық және түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді қабылдауды қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
7. Білім алушыларды тамақтандыру бекітілген ас мәзіріне сәйкес орта білім беру ұйымдарының асханаларында және (немесе) буфеттерде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастырудың тәсілдері:
Toggle Dropdown
ас әзірлейтін бөлікте тамақ өнімдерін сақтауды, өңдеуді және дайын тамақтар мен аспаздық өнімдерді, оны өндіретін жерден сатуды ескере отырып, азық-түлік шикізатымен жұмыс істейтін асханада білім алушыларды тамақтандыру;
Toggle Dropdown
кремі бар кондитерлік бұйымдарды қоспағанда дайын тамақтарды, аспаздық және кондитерлік бұйымдарды сатуды жүзеге асыратын буфеттерде білім алушыларды тамақтандыру;
Toggle Dropdown
мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарымен салқындатылған немесе мұздатылған әзірлігі жоғары деңгейлі аспаздық жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді өнеркәсіптік өндіруді көздейтін білім алушыларды индустриалды тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.
Toggle Dropdown
Отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау үшін конкурсты ұйымдастырушы техникалық тапсырмада мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде әлеуетті өнім берушілерге тамақ өнімдерін кемінде 80% (сексен пайыз мөлшерінде) отандық қызмет көрсетушілерден, тауар өндірушілерден сатып алу туралы талаптарды қарастырады.
Toggle Dropdown
9. Өнім беруші білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету процесінде орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызмет берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырманы орындайды.
Toggle Dropdown
10. Білім алушылар үшін әзірленетін тағамдар мен аспаздық бұйымдар, оның ішінде білім алушыларды тамақтандыру кезінде пайдаланатын шикізат пен тамақ өнімдері, оларды жеткізу жағдайлары, өндіріс технологиясы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес гигиеналық нормативтер талаптарына сәйкес келеді.
Toggle Dropdown
11. Білім беру ұйымдарының асханаларына және (немесе) буфеттеріне тағамдарды мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарынан жеткізілген жағдайда Санитариялық қағидаларға сәйкес тиісті температураны сақтауды қамтамасыз ететін арнайы ыдыстар (термоконтейнерлер) қолданылады.
Toggle Dropdown
12. Білім алушыларды тамақтандыру тәртібі орта білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.
Toggle Dropdown
13. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруға жауапты, сынып жетекшілердің, педагогтердің оқушыларды асхана бөлмесіне алып жүруін қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
14. Дайын аспаздық өнімдерді және тамақ өнімдерін сату асхана және (немесе) буфеттің жұмыс уақыты ішінде жүзеге асырылады және оқу процесінің соңына кемінде бір сағат қалған уақытта аяқталады.
Toggle Dropdown
Тамақ өнімдерін сатып алу білім алушылардың тамақ рационына сәйкес және оны сақтау (жарамдылық) мерзімін ескере отырып жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
15. Органдар және орта білім беру ұйымдары интернет ресурсында «Мектептік тамақтандыру» айдарын ашады және білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпаратты жүйелі орналастыруды қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
16. Көрсетілетін қызмет беруші орта білім беру ұйымының басшысына ай сайын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынады.
Toggle Dropdown
17. Санитариялық қағидаларға сәйкес білім беру органы маусымдықты, білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып бірыңғай перспективалы мәзір әзірлейді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келіседі.
Toggle Dropdown
Білім алушылардың мәзірі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жасалады.
Toggle Dropdown
18. Санитариялық қағидаларға сәйкес әлеуетті өнім беруші шығарылатын өнімнің ассортимент тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінде бекітеді. Көрсетілетін қызмет беруші болмаған жағдайда шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесін орта білім беру ұйымы келісуді жүргізеді.
Toggle Dropdown
19. Орта білім беру ұйымының басшысы перспективалы мәзірге сәйкес күн сайын алдағы күнге мәзірді бекітеді және оны асхана мен білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін қолжетімді жерде орналастырады.