Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 717 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Редакция 22.02.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік мекемелердің (бұдан әрі – ММ), мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың (бұдан әрі – МКҚК), шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі – ШЖҚМК) ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алудың тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) әлеуетті өнім беруші – тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);
Toggle Dropdown
2) бюджет – мемлекеттік мекеменің бюджеті.
Toggle Dropdown
3) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;
Toggle Dropdown
4) конкурсқа қатысуға өтінім – конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған, тауарларды жеткізу үшін материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын, әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттар;
Toggle Dropdown
5) конкурстық комиссия – конкурс өткізуге конкурсты ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
Toggle Dropdown
6) конкурстық құжаттама – әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінім дайындау үшін және конкурс өткізу шарттары мен тәртібі қамтылған конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын құжаттар;
Toggle Dropdown
7) конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімі – әлеуетті өнім берушімен тауарларды жеткізу туралы шарт жасасу мақсатында конкурсты ұйымдастырушы Қағидаларға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, жүйелі іс-шаралар кешені;
Toggle Dropdown
8) конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) – ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы немесе ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда, білім беру органы;
Toggle Dropdown
9) қаржы жылы – ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;
Toggle Dropdown
10) мемлекеттік мекеме (ММ) – басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекет құрған және қаржыландырудың қосымша көздері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын коммерциялық емес ұйым;
Toggle Dropdown
11) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын (МКҚК) – мемлекет жедел басқару құқығында бөліп берген мүлкі бар коммуналдық коммерциялық ұйым;
Toggle Dropdown
12) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын (ШЖҚМК) – мемлекет шаруашылық жүргізу құқығында бөліп берген мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін коммерциялық ұйым;
Toggle Dropdown
13) отандық тауар өндірушілерді қолдау – 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес тауарлардың отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар;
Toggle Dropdown
14) өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасқан заңды тұлға;
Toggle Dropdown
15) өнім берушінің біліктілік талаптары – тауарлардың жеткізілімі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын құжаттар тізбесі.
Toggle Dropdown
16) тауар – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауар;
Toggle Dropdown
17) тауарларды жеткізушілерді таңдау өлшемшарттары – әлеуетті өнім берушінің тауарларды жеткізу бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;
Toggle Dropdown
18) тауарларды сатып алу – тапсырыс берушінің тауарларды осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте сатып алуы;
Toggle Dropdown
19) шарт – тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында тауарлардың жеткізілімі туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
Toggle Dropdown
3. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізу кезінде мынадай қағидаттарды негізге алады:
Toggle Dropdown
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
Toggle Dropdown
2) әлеуетті өнім берушілерге конкурсты өткізу рәсіміне қатысуы үшін тең жағдай жасау;
Toggle Dropdown
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
Toggle Dropdown
4) конкурс процесінің жариялылығы және айқындылығы;
Toggle Dropdown
5) отандық тауарларды өндірушілерге қолдау көрсету.
Toggle Dropdown
4. Тауарларды сатып алу процесі мыналарды қамтиды:
Toggle Dropdown
1) тауарларды сатып алу жоспарын қалыптастыру және бекіту;
Toggle Dropdown
2) тауарларды жеткізушілерді таңдау және олармен шарт жасасу;
Toggle Dropdown
3) шартты орындау.
Toggle Dropdown
Тауарларды сатып алудың бекітілген жоспарында көзделмеген тауарларды сатып алуға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
2. Тауарларды сатып алу жоспары
Toggle Dropdown
5. Конкурсты ұйымдастырушы немесе МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Toggle Dropdown
Тауарларды сатып алу жоспарын конкурсты ұйымдастырушы тиісті бюджет бекітілген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді.
Toggle Dropdown
МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарда тауарларды сатып алу жоспары қаржы жылының желтоқсан айында бекітіледі.
Toggle Dropdown
6. Тауарларды сатып алу жоспары конкурсты ұйымдастырушының немесе МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және міндеттері мен функцияларына қол жеткізу үшін тауарларға деген қажеттілік негізінде қаржы жылына қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
7. Конкурсты ұйымдастырушы немесе МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы тауарларды сатып алу жоспары бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оны конкурсты ұйымдастырушының, МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының немесе конкурсты ұйымдастырушының, МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырады.
Toggle Dropdown
8. Тауарларды сатып алу туралы шешімді тауарларды сатып алудың бекітілген жоспарының негізінде конкурстық комиссия немесе МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы қабылдайды.
Toggle Dropdown
9. Тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол беріледі.
Toggle Dropdown
Тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тапсырыс берушінің бюджетіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
10. Конкурсты ұйымдастырушы немесе МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды конкурсты ұйымдастырушының, МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының немесе конкурсты ұйымдастырушының, МКҚК, ШЖҚМК ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырады.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Toggle Dropdown
11. ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алуды конкурстық негізде конкурсты ұйымдастырушы жүзеге асырады. Егер конкурсты ұйымдастырушы білім беру органы болған жағдайда, соңғысы конкурсты ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары бойынша лоттар бөлінісінде өткізеді.
Toggle Dropdown
Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін конкурсты ұйымдастырушы техникалық тапсырмада тауарларды жеткізушіні таңдау кезінде әлеуетті өнім берушілерге тамақ өнімдерін кемінде 80% (сексен пайыз) мөлшерінде отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы талаптарды қарастырады.
Toggle Dropdown
12. Тауарларды сатып алу рәсімі мынадай жүйелі іс-шараларды орындауды көздейді: