Bestprofi Logo

Бұйрық № 22 от 2016-01-20г./Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

"Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025 г.

Документ на казахском языке

"Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 ақпанда № 13086 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 

1. «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 7197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидалары»;

«1. Осы Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.»;

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б. Сұлтанов

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание