Toggle Dropdown
"Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 738 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 2 ақпанда № 12982 болып тіркелді
1. Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2010 жылы № 2, 368-қ. жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары»;
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (әрі қарай - Бюджет кодексі) сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бюджеттік есепке алуды жүргізудің тәртібін анықтайды.»;
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган органдар осы Қағидаларға сәйкес бюджеттік есепке алуды жүргізуді жүзеге асырады.»;
жетінші бөлігі мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы бюджеттік есепке алуды дұрыс жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайды, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алудың құрылымдық бөлімшелерінің осы Қағидаларда көзделген талаптардың бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік есепке алуды жүргізу, құжаттарды және мәліметтерді есепке алу үшін ресімдеу және беру тәртібі бөлігінде орындалуын қамтамасыз етеді және ол үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіпте жауап береді.»;
2-тармақ мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«2. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы өз жұмысында осы Қағидаларды басшылыққа алады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Аумақтық қазынашылық органдары қағаз тасығышта беретін және уәкілетті органның қол қоюын көздейтін бюджеттік есепке алу құжаттары бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысының және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі басшысының немесе олар өкілдік берген тұлғалардың қолдарымен ресімделеді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының 68-тармағына сәйкес орнатылған және 113, 114, 115, 116-тармақтарына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган аумақтық қазынашылық органдарының ұсынған бастапқы есепке алу құжаттарындағы айналымдардың көрсетілуінің дұрыстығын және тиісті бюджеттердің ҚБШ қалдықтарын тексереді, содан кейін орындауға және есепке алуға қабылдайды.»;
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын күнделікті есепке алу үшін аумақтық қазынашылық органдары бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға электрондық тасығыштарда тиісті жергілікті бюджет бойынша жиынтықта 5-34А «Ақылы қызметтер, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарыз немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарындағы қалдықтары туралы есеп» нысанын ұсынады.»;
екінші, үшінші, төртінші абзацтар мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Бас-журнал» кітабы;
осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шоты бойынша мемориалдық ордер;
осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемориалдық ордер;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚБШ толық жазылуы (ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналық қаржыландыру, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор), кеден одағының ҚБШ, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарын, соманы анықтауға дейінгі шотты есепке алуға арналған);»;
алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он үшінші абзацтар мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БҚШ-тан салымдарға (депозиттерге) орналастырылған сомалардың толық жазылуы;
осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жергілікті бюджеттерден депозиттерге орналастырылған сомалардың толық жазылуы;
осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджеттердің түсімдері мен шығыстары бойынша сомалардың толық жазылуы;
осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес № 1 нысан бойынша Қазынашылық комитетінің балансы;
осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес № 1-М нысан бойынша Жергілікті бюджеттің атқарылу балансы;
осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес № 2 нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шоттағы ақша қозғалысы туралы есеп;
осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджеттік кредиттерді есепке алу кітабы;
осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес № 3 нысан бойынша Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттің кепілгерлері бойынша қарыздары туралы есеп;»;
он төртінші абзац алып тасталсын;
он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтар мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес № 5 нысан бойынша Мемлекеттік сыртқы қарыздар бойынша есеп;
осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдар резервтерінің жұмсалуы жөніндегі ақпарат;
осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік мекемелердің аккредитивтер сомаларын есепке алу үшін шоттарындағы қалдықтар туралы мәліметтер;
осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес № 6 нысан бойынша Шетел валютасы шоты бойынша операциялық күннің жабылуы туралы есеп;
осы Қағидалардың 18-қосымшасына сәйкес № 2-М нысан бойынша Жергілікті бюджеттің ақша қозғалысы туралы есеп;
осы Қағидалардың 19-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Шетел валютасы түрлерi бойынша шоттардың толық жазылуы;
жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: