БҰЙЫРАМЫН:
| Продукты: |
|
Отправить по почте

Жер қатынастары саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 782 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 ақпанда № 13093 болып тіркелді
Редакция 29.06.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін жер қатынастары саласындағы бұйрықтар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ________________ А. Мамытбеков 2015 жылғы 23 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ________________ Ә. Исекешев 2016 жылғы 16 қаңтар
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 782 бұйрығына қосымша
Өзгерістер енгізілетін жер қатынастары саласындағы бұйрықтар тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2022 жылғы № 119 Бұйрығымен (15.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін беру және ақпаратын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2009 жылғы 10 шілдедегі № 118-П бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5740 болып тіркелген, 2009 жылғы 28 тамыздағы № 131 (1554) «Заң» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін беру және ақпаратын пайдалану жөніндегі нұсқаулығында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Кадастрды жүргізетін ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) - жер-кадастрлық істерді қамтитын жер учаскелері туралы мәліметтерді:
жер учаскелерін құқықтардың жеке және заңды тұлғаларға тиістілігі;
жер учаскелерінің орналасқан жері және олардың шекаралары;
шектес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары;
жер учаскелерін пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;
жер учаскелерінің бөлінетіндігі және бөлінбейтіндігі;
жер учаскелерінің нысанды тағайындалуы;
жер учаскесіне құқықтың түрі;
өтеулі негізде берілген жер учаскесінің бағалау құны;
жерлердің сапалық жағдайы туралы (жер учаскесінің топырақ және геоботаникалық сипаттамасы, оның мелиоративтік жағдайы) және жер мониторингі мәліметтері, жер-кадастрлық, топырақ және геоботаникалық карталардан үзінді көшірмелер;
жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кадастрдың мәліметтерін жеке және заңды тұлғаларға беру үшін төлемақының мөлшеріне Мемлекеттік корпорацияның мәліметтерді әзірлеуге, оларды ресімдеуге және жіберуге жұмсалған шығындары кіреді және ол Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 146-бабына сәйкес белгіленеді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кадастр мәліметін алуға мүдделі тұлға тиісті ұйымға өзінің реквизиттерін, сұрап отырған мәліметтердің сипаттамасын және көлемін, беру нысаны мен жеткізу тәсілін көрсете отырып жазбаша өтініш береді.
Өтінішті сенiм бiлдiрiлген тұлға берген жағдайда «сенімхат бойынша» деген жазба енгізіледі және өтінішті білдіруші тұлға туралы мәліметтермен қатар сенiм бiлдiрiлген тұлға туралы мәліметтер де көрсетіледі.
Мүдделі жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдарды қоспағанда, өтініштен басқа, кадастрды жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға келесі құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке тұлғалар ұсынады);
2) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесін (мемлекеттік емес заңды тұлғалар ұсынады);
3) сенімхаттың көшірмесін (сенімхат берілген тұлғалар);
4) заңнамада белгіленген жағдайларда, өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжаттың көшірмесін;
5) мәліметтерді беру қызметі үшін төлемақының төлегені туралы түбіртекті ұсынады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мәліметтердің сипаты мен көлеміне байланысты ресми сұраныс кезінде өтініш:
республиканың жер қоры бойынша - жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ведомствосына, Мемлекеттік корпорацияға;
нақты жер учаскесі, бір ауданның шегіндегі жер учаскелерінің тобы, тұтас алғанда аудан бойынша - аудандық жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға, Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшесіне;
облыстың жер қоры бойынша - облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органға, Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшесіне;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жер учаскелері, жер учаскелерінің тобы бойынша - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға, Мемлекеттік корпорацияға беріледі.».
3. «Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру кезіндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 67 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 9952 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 шілдедегі № 131 (28609) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-қосымша осы Тізбенің 1-қосымшаға сәйкес жазылсын.
4. «Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымын, құрамын және мазмұнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 68 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 9951 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпандағы № 28 (28506) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: