• Мое избранное
Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 259 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 ақпанда № 13078 болып тіркелді

Редакция 31.08.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
  • 1
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 жылғы № 201 Қаулысымен (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
  • 1
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 жылғы № 209 Қаулысымен (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.11.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Төлем жүйелерiн дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қантардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2015 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 259 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 711 тіркелген).
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы № 266 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 910 тіркелген).
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгеріс енгізу жөнінде» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 16 мамырдағы № 216 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1152 тіркелген).
4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 106 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1538 тіркелген).
5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 2 қыркүйектегі № 362 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1999 тіркелген, 2002 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде № 29, 635-құжатта жарияланған).
6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2193 тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 64-65 (23275) жарияланған) 1-тармағының 1) тармақшасы.
7. «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 711 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 мамырдағы № 158 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2369 тіркелген).
8. «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 711 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесінде ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 мамырдағы № 74 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2887 тіркелген, 2004 жылғы 12 маусымда «Казахстанская правда» газетінде № 132 (24442) жарияланған).
9. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3993 тіркелген) Қосымшаның 1-тармағы.
10. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 96 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5422 тіркелген).
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2015 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 259 қаулысымен
 бекітілген
Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидалары
Қағидалар күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 жылғы № 201 Қаулысымен (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды