Toggle Dropdown
"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 28 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13214 болып тіркелді
1. «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте, ББӘ - мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ - мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір МИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған қосымша салалық сараптамалық қорытындыларын тиісті салалық орталық мемлекеттік органдар МИЖ-дің іске асырылуының жетекшілік ететін салаға ықпалын бағалау және саланың басымдықтарына сәйкестігі бөлігінде ғана ұсынады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«МИЖ инвестициялық ұсынысының, оның ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың әрбір парағын инвестициялық ұсынысты әзірлеу үшін жауапты ББӘ құрылымдық бөлімшесінің басшысы дәйектейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен ресімделеді.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір МИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қояды.
Бір ББӘ-нің құзыретіне жатқызуға болмайтын, экономиканың әртүрлі салаларындағы жобаларды іске асыруды көздейтін, ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жоспарланған МИЖ инвестициялық ұсынысы бойынша ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір МИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлғаның қолы қойылып ұсынылатын ақпараттық парақты, салалық сараптама қорытындысын қоспағанда, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар осы ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы холдингтің және ұйымның бірінші басшыларының не оларды алмастыратын тұлғалардың қолы қойылып ұсынылады.»;
55-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте, ББӘ - мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ - мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған қосымша салалық сараптамалық қорытындыларын тиісті салалық орталық мемлекеттік органдар БИЖ-дің іске асырылуының жетекшілік ететін салаға ықпалын бағалау және саланың басымдықтарына сәйкестігі бөлігінде ғана ұсынады.";
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Салалық сараптаманың қорытындысына ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір МИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен ресімделеді.»;
78-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған тиісті салыстырма кестені қоса бере отырып, өзгеруі болжанатын техникалық шешімдер мен қосымша шығыстар көрсетілген ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған өтінім-хат;
2) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған және Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен ресімделген, техникалық шешімдерді өзгертудің және қосымша шығыстар көздеудің орындылығын растайтын, тиісті саланың уәкілетті органының салалық сараптамасының қорытындысы;»;
3) ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған ресми хат нысанында ұсынылатын және техникалық шешімдерді өзгертудің болжанған параметрлерінің және қосымша шығыстарды көздеудің талап ететін негізділігі мен дұрыстығын растайтын жобаның ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қосымша салалық сараптама қорытындысы;";
114-тармақтың төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырмалы кестені қоса берумен, өзгеруі болжамдалған техникалық шешімдер мен қосымша шығыстар көрсетілген ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған өтініш-хат;
2) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған және Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен ресімделген, техникалық шешімдерді өзгертудің және қосымша шығыстарды көздеудің орындылығын растайтын, тиісті саланың уәкілетті органының салалық сараптамасының қорытындысы;»;
114-тармақтың төртінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бекітілген БИЖ-дің ТЭН-інде көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не жеткізбеу туралы ақпаратты қамтитын, қол жеткізбеудің себептері көрсетіле отырып, оның ішінде бөлінген бюджет қаражаты толық игерілген кезде, ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған түсіндірме жазба.»;
115-тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) болжанатын қымбаттау сомасын көрсете отырып, ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған өтінім-хат;
2) ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған түсіндірме жазба, онда мынадай ақпарат қамтылады:
БИЖ-ді іске асыруды аяқтау үшін талап етілетін болжамды қосымша бюджеттік шығыстардың негіздемесі;
мемлекеттік сатып алу жүргізу нәтижесінде үнемделген соманы (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, ЖСҚ әзірлеуден бастап БИЖ-ді іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;
ЖСҚ әзірлеу басталғаннан бастап жобаны бюджеттен әрбір жыл үшін қаржыландыру. Игерілмеген жағдайда оның себептері көрсетіле отырып, бұл ақпарат әрбір жылдағы жоспармен және фактімен сүйемелденеді;
қымбаттауға алып келетін себептерді егжей-тегжейлі көрсету (ББӘ шартта көрсетілген бағаны (сметаны) ұлғайту қажеттігі туралы уақтылы дің орындылығын растайтын мердігерлер хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып);
кінәсінен қымбаттау орын алған ұйым не жеке тұлға, сондай-ақ осы ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;
аяқталмаған құрылыстың жай-күйі, оның ішінде оның құнының бағалануы, тәуелсіз техникалық аудит растаған орындалған жұмыстар актілері туралы мәлімет;
бекітілген ЖСҚ-да көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не жеткізбеу туралы ақпарат, қол жеткізбеудің себептері көрсетіле отырып, оның ішінде бөлінген бюджет қаражаты толық игерілген кезде;
3) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған, мөрмен расталған, ресми хат нысанында ұсынылатын және ББӘ түсіндірмесін қоса бере отырып, жобаның сметалық құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын, БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының қорытындысы;»;
115-тармақтың төртінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған және мөрмен расталған, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық порталға, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштерде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынылатын, сметалық құнын ұлғайту болжанатын жобалар бойынша салыстырмалы кесте мен құжаттама тізбесі;»;
115-тармақтың оныншы бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қымбаттау сомасын көрсете отырып, ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған өтінім-хат;
2) ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған түсіндірме жазба, онда мынадай ақпарат қамтылады:
БИЖ-ді іске асыруды аяқтау үшін талап етілетін қосымша бюджеттік шығыстардың негіздемесі;
мемлекеттік сатып алу жүргізу нәтижесінде үнемделген соманы (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, ЖСҚ әзірлеуден бастап БИЖ-ді іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;
ЖСҚ әзірлеу басталғаннан бастап жобаны бюджеттен әрбір жыл үшін қаржыландыру. Игерілмеген жағдайда оның себептері көрсетіле отырып, бұл ақпарат әрбір жылдағы жоспармен және фактімен сүйемелденеді;
қымбаттауға алып келетін себептерді егжей-тегжейлі көрсету (ББӘ шартта көрсетілген бағаны (сметаны) ұлғайту қажеттігі туралы уақтылы дің орындылығын растайтын мердігерлер хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып);
кінәсінен қымбаттау орын алған ұйым не жеке тұлға, сондай-ақ осы ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;
аяқталмаған құрылыстың жай-күйі, оның ішінде оның құнының бағалануы, тәуелсіз техникалық аудит растаған орындалған жұмыстар актілері туралы мәлімет;
бекітілген ЖСҚ-да көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не жеткізбеу туралы ақпарат, қол жеткізбеудің себептері көрсетіле отырып, оның ішінде бөлінген бюджет қаражаты толық игерілген кезде;
3) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған, мөрмен расталған, ресми хат нысанында ұсынылатын және ББӘ түсіндірмесін қоса бере отырып, жобаның сметалық құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын, БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының қорытындысы;»;
115-тармақтың оныншы бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: