• Мое избранное
Тіркеуші есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Тіркеуші есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 256 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 ақпанда № 13140 болып тіркелді

Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 263 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.07.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тіркеуші есептілігінің тізбесі;
  • 1
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
  • 1
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен жасалған «керi РЕПО» және «РЕПО» операциялары туралы есептің нысаны;
  • 1
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен орналастырылған салымдар мен ақша туралы есептің нысаны;
  • 1
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептің нысаны;
  • 1
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес шартты талаптар (міндеттемелер) туралы есептің нысаны;
  • 1
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес қаржы құралдарын аудару операциялары туралы есептің нысаны;
  • 1
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметтің қорытындылары туралы есептің нысаны;
  • 1
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес тіркеуші қызмет көрсететін инвестициялық қорлардың және инвестициялық қорлардың пайларын (акцияларын) ұстаушылардың саны туралы есептің нысаны;
  • 1
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес эмитенттердің дауыс беретін акциялары туралы есептің нысаны;
10-1) осы қаулыға 10-1-қосымшаға сәйкес акцияларды ұстаушылар тізілімі туралы есептің нысаны;
1-тармақ 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес Тіркеушінің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Тіркеуші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
1) осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және  6)тармақшаларында көзделген есептілікті – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде; 
2) осы қаулының 1-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген есептілікті – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың отызына дейінгі (қоса алғанда) мерзімде;
3) осы қаулының 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген есептілікті – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың онына дейінгі мерзімде;»
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
4) осы қаулының 1-тармағының 10-1) тармақшасында көзделген есептілікті – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырмасына дейінгі мерзімде ұсынады.
2-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
3. Осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбетәлиев М.Т.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
7. Осы қаулы 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрлігі 
Статистика комитетінің Төрағасының м.а. 
_____________ Б. Иманәлиев 
2016 жылғы 25 қаңтар
  • 1
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2015 жылғы 19 желтоқсандағы
 № 256 қаулысына
 1-қосымша
Тіркеуші есептілігінің тізбесі
Тіркеушінің есептілігіне мыналар кіреді:
1) меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп;
2) меншікті активтер есебінен жасалған «керi РЕПО» және «РЕПО» операциялары туралы есеп;
3) меншікті активтер есебінен орналастырылған салымдар мен ақша туралы есеп;
4) басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есеп;
5) шартты талаптар (міндеттемелер) туралы есеп;
6) қаржы құралдарын аудару операциялары туралы есеп;
7) бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметтің қорытындылары туралы есеп;
8) тіркеуші қызмет көрсететін инвестициялық қорлардың және инвестициялық қорлардың пайларын (акцияларын) ұстаушылардың саны туралы есеп;
9) эмитенттердің дауыс беретін акциялары туралы есеп.
10) акцияларды ұстаушылар тізілімі туралы есеп.
Тізбе 10-тармақшамен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2015 жылғы 19 желтоқсандағы
 № 256 қаулысына
 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 5 Нормативтік Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
  Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан
  Меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп
  Есепті кезең: 20__жылғы «___»________ жағдай бойынша
Индекс: 1-REG_CBSA
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ұсынатындар: тіркеуші
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі