1. «Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына 12-қосымша
Осы Бұйрық 12-қосымшамен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.11.2015 жылғы № 7-1/1031 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 12-қосымша күшін жойды 2021 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес
«Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 28.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2019 жылғы № 406 Бұйрығына сәйкес (09.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринариядағы Ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің (бұдан әрі – ведомство) кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2019 жылғы № 406 Бұйрығына сәйкес (09.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 жылғы № 235 Бұйрығына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін - жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттамаларға және Ветеринариялық препаратқа, жемшөптік қоспаға апробация жүргізу бағдарламасына сәйкес 2 (екі) жылға дейін;
2) көрсетілетін қызметті алушы ведомствоға құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – апробация нәтижелері туралы акт не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 жылғы № 235 Бұйрығына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Апробация нәтижелері туралы акт қағаз нысанда ресімделеді, оған көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және мөрмен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет «Ветеринария туралы» 2002 жылғы
10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының
1) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы түрде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда не зертханалардың кассаларына қолма-қол ақшамен төлейді.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс және мереке күндері – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Мерекелер туралы» Заң) 5-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақыты кестесіне сай.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2019 жылғы № 406 Бұйрығына сәйкес (09.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығының шегінен тыс өтініш қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді жұмыс уақыты кестесіне сай көрсетілетін қызметті беруші белгілейді.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (бірдейлендіру үшін);
жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттамасының ведмоствомен келісілген көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
Ветеринариялық препаратқа, жемшөптік қоспаға осы стандарттың
4-тармағында көрсетілген мерзімдерде апробация жүргізу үшін:
көрсетілетін қызметті беруші Ветеринариялық препаратқа, жемшөптік қоспаға апробация жүргізу бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) ведомствомен келіседі, ветеринариялық препаратқа, жемшөптік қоспаға апробациясын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады, Ветеринариялық препаратқа, жемшөптік қоспаға апробация жүргізуге арналған комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мүшелерінің қатысуын және Бағдарламамен танысуын қамтамасыз етеді;
ведомство Бағдарламаны және Комиссия құрамын бекітеді, ветеринариялық препаратқа, жемшөптік қоспаға апробация жүргізу орнын айқындайды;
көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық препаратты, жемшөптік қоспаны апробация жүргізу орнына Бағдарламада көрсетілген көлемде жеткізуді қамтамасыз етеді.
9-1. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 жылғы № 235 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) өтініш беруші апробация нәтижелері туралы актіні алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) өтініш берушіге қатысты апробация нәтижелері туралы актіні алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
3) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші апробация нәтижелері туралы актіні алуға байланысты арнайы құқығынан айрылуы.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2019 жылғы № 406 Бұйрығына сәйкес (09.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2019 жылғы № 406 Бұйрығына сәйкес (09.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почтамен не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Мыналардың:
жеке тұлғаның шағымында – оның аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), тегі почталық мекенжайы көрсетіледі;
заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |