• Мое избранное
Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1231 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13341 болып тіркелді

Редакция 17.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары бекітілсін.
2. «Тіркеу куәліктерін беру, тіркеу, сақтау, кері қайтарып алу (жою), оның ішінде олардың қағаз жүзіндегі көшірмесін және тіркеу куәліктерінің тіркелемін жүргізу ережесі» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 8 желтоқсандағы N 457-Ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26441 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 10 ақпанда № 23-24(830) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Мәдениет және спорт министрі 
_______________ А. Мұхамедиұлы 
2016 жылғы 25 қаңтар
  • 1
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2015 жылғы 23 желтоқсандағы
 № 1231 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 30.03.2023 жылғы № 115/НҚ Бұйрығына сәйкес (23.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) ақпаратты криптографиялық қорғау құралы – кілттерді криптографиялық қайта түрлендірудің алгоритмдерін, құруды, қалыптастыруды, бөлуді немесе басқаруды жүзеге асыратын құрал;
2) интернет желісінде кеңінен пайдаланылатын техникалық ерекшеліктер мен Стандарттарды қамтитын интернеттің нөмірленген ақпараттық құжаттары (Request for Comments) (бұдан әрі – RFC) 2560 сериясынан алынған құжат – тіркеу куәлігінің мәртебесін анықтауға арналған хаттамаға қойылатын талаптарды реттейтін халықаралық IETF стандарттары сериясынан ұсынылатын стандарт;
3) интернет желісінде кеңінен пайдаланылатын техникалық ерекшеліктер мен Стандарттарды қамтитын интернеттің нөмірленген ақпараттық құжаттары (Request for Comments) (бұдан әрі – RFC) 5280 сериясынан алынған құжат – тіркеу куәліктерінің құрылымы мен КТКТ-ға қойылатын талаптарды реттейтін халықаралық IETF стандарттары сериясынан ұсынылатын стандарт;
4) каталогтарға қол жеткізудің жеңілдетілген хаттамасы (Lightweight Directory Access Protocol) (бұдан әрі – LDAP) – Халықаралық электрбайланыс одағының (Internation Telecommunication Union – telecommunication sector) электрбайланысты стандарттау секторы стандартының (бұдан әрі – ITU-T) X. 500 ұсынымдарында әзірленген каталогтар қызметіне қол жеткізуге арналған қолданбалы деңгей хаттамасы;
5) кері қайтарып алынған куәлік – осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен жойылған тіркеу куәлігі;
6) кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі (бұдан әрі – КТКТ) – қолданысы тоқтатылған тіркеу куәліктері туралы мәліметтерді, олардың сериялық нөмірлерін, қайтарып алу күні мен себебін қамтитын тіркеу куәліктері тіркелімінің бөлігі;
7) куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға;
8) кілттік ақпаратты жеткізгіш –электрондық цифрлық қолтаңбаның сақталатын жабық кілтін қорғау үшін «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралы. Жалпы техникалық талаптар» (екінші 2 деңгейден төмен емес) Қазақстан Республикасының 1073-2007 ұлттық стандартының талаптарына сәйкестік сертификаты бар ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары пайдаланылатын арнайы жеткізгіш;
9) өтініш беруші – тіркеу куәліктерін беруге немесе кері қайтаруға құжаттар ұсынған жеке немесе заңды тұлға;
10) тіркеу куәлігі – электрондық цифрлық қолтаңбаның Заңмен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін куәландырушы орталық беретін қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат;
11) тіркеу куәлігі мәртебесінің онлайн хаттамасы (Online Certificate Status Protocol) (бұдан әрі – OCSP) – тіркеу куәлігінің мәртебесін анықтауға арналған хаттама;
12) тіркеу куәлігінің (Distinguished Name) әмбебап атауы (бұдан әрі – DN) – тіркеу куәлігінің иесін немесе куәландырушы орталығын сәйкестендіру үшін пайдаланылатын ерекше атау;
13) тіркеу куәлігінің иесі – атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
14) тіркеу куәліктерін пайдалану саясаты – куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін басқаруға қатысты жұмысының регламенті мен механизмдерін айқындайтын, куәландырушы орталық бекіткен ішкі құжат;
15) тіркеу орталығы – өтініш берушіні сәйкестендіру, тіркеу куәліктерін беруге немесе кері қайтарып алуға құжаттарды қабылдау мен өтініш берушіге дайын тіркеу куәліктерін ұсынуға жауапты куәландырушы орталықтың құрылымдық бөлімшесі немесе куәландырушы орталықпен шарт негізінде әрекет ететін заңды тұлға;
16) уақыт белгісінің түбіртегі – куәландырушы орталық беретін, электрондық құжаттың жасалу уақыты туралы ақпаратты қамтитын электрондық құжат;
17) үлкен мәтінді жіберу хаттамасы (Hyper Text Transfer Protocol) (бұдан әрі – HTTP) – деректерді берудің қолданбалы деңгей хаттамасы;
18) электрондық құжат айналымының жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАЖ) – қатысушылары арасындағы қатынастар Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттармен алмасу жүйесі;
19) ЭҚАЖ қатысушысы – электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, тарату, іздестіру және жариялау процестеріне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға;
20) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символарының жиынтығы;
21) Х.509 – ЭЦҚ-сы бар тіркеу куәлігінің көмегімен ашық кілттерді бөлу рәсімдері мен деректердің форматтарын анықтайтын стандарт;
22) электрондық жеткізгіш – ақпаратты электрондық нысанда сақтауға, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегімен жазуға немесе оны жаңғыртуға арналған материалдық жеткізгіш;
23) биометриялық сәйкестендіру – адамның бірегей биометриялық деректері негізінде оның жеке басын анықтау рәсімі.
2-тарау. Куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру тәртібі
3. Өтініш берушіге (не сенімхат бойынша оның өкіліне) тіркеу куәлігін беру үшін құжаттарды қабылдау ол тіркеу орталығына немесе куәландырушы орталықтың интернет-ресурсы арқылы жүгінген кезде жүзеге асырылады.
4. Тіркеу куәлігін алу үшін жеке тұлға (не сенімхат бойынша оның өкілі) тіркеу орталығына қолма-қол мынадай құжаттарды немесе куәландырушы орталықтың интернет-ресурсы арқылы алған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғадан тіркеу куәлігін беруге өтініш;
2) сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
3) жеке тұлғаның мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсыну және сенімхатта белгіленген тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттіктері көрсетілген, нотариалдық куәландырылған жеке тұлғаның атына сенімхат.
5. Тіркеу куәлігін алу үшін заңды тұлға, оның филиалы немесе өкілдігі (не сенімхат бойынша оның өкілі) куәландырушы орталықтың интернет-ресурсы арқылы алған кезде мынадай құжаттарды не құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғадан тіркеу куәлігін беруге өтініш;