Toggle Dropdown
2
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 наурызда № 13359 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы 7-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 146 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11253 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Мемлекеттік қызметтер департаменті (Ә.Қ. Мұқашев):
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдануын;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі Т. Донақов
Toggle Dropdown
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының
міндетін атқарушы
Б.З. Иманәлиев _______________
2016 жылғы 18 ақпан
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің
2016 жылғы 16 ақпандағы
№ 35 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінің, орталық мемлекеттік органдардың немесе жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – тексерілетін субъектілер) мемлекеттік қызметтер көрсетуі сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодекс) 134-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау сыртқы және iшкi болып бөлiнедi.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік бақылау мынадай қағидаттарға негізделеді:
Toggle Dropdown
1) заңдылық;
Toggle Dropdown
2) объективтілік;
Toggle Dropdown
3) бейтараптық;
Toggle Dropdown
4) ашықтық;
Toggle Dropdown
5) жан-жақтылық;
Toggle Dropdown
6) тәуелсіздік;
Toggle Dropdown
7) анықтық.
Toggle Dropdown
2. Сыртқы бақылау жүргізудің тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын сыртқы бақылауды
Toggle Dropdown
(бұдан әрі – сыртқы бақылау) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) және оның аумақтық органдары тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасын сақтауын тексеру және мониторингтеу нысанында жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5. Сыртқы бақылау жүргізу кезінде Министрлік және оның аумақтық органдары:
Toggle Dropdown
1) тексерілетін субъектілерден және (немесе) лауазымды адамдардан тексеру нысанасына тиісті қағаз және (немесе) электрондық жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не олардың көшiрмелерiн тексеру нәтижелерi туралы актіге қосу үшiн, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған деректер қорына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуді сұратады және алады;
Toggle Dropdown
2) ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпаратты сұратады;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері бойынша жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар ұсынған ақпаратты қолданады;
Toggle Dropdown
4) тексерілетін субъектілерге мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оның ішінде анықталған бұзушылықтарды жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы талаптарының орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Toggle Dropdown
1-параграф. Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының сақталуына тексеру жүргізудің тәртібі
Toggle Dropdown
6. Тексеру келесі түрлерге бөлінеді:
Toggle Dropdown
1) ішінара;
Toggle Dropdown
2) жоспардан тыс.
Toggle Dropdown
7. Министрлік және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің ішінара тексеру жүргізуінің негіздемелері Министрліктің немесе оның аумақтық органының бірінші басшысының немесе олардың міндеттерін атқарушы адамдардың бұйрығымен жыл сайын бекітілетін ішінара тексеру тізімі болып табылады. Ішінара тексеру тізімі Кәсіпкерлік кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген тәуекел дәрежесін бағалау негізінде жасалады және есептілікті және бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелерін талдау нәтижелері бойынша қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
8. Жоспардан тыс тексерулерді жүргізудің негіздемелері:
Toggle Dropdown
1) құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтініштері;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың бұзылуының нақты фактілері бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;
Toggle Dropdown
3) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алу мақсатында тексерiлетiн субъектiмен азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;
Toggle Dropdown
4) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың бұзылуының нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері.
Toggle Dropdown
9. Министрліктің:
Toggle Dropdown
қызметкерлері орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін;
Toggle Dropdown
аумақтық органдарының қызметкерлері құзырет шегінде, сондай-ақ Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша Министрліктің қызметкерлері орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінің және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін тексеруді жүргізеді.
Toggle Dropdown
10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тексерілетін субъектілерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың (көрсетілетін қызметті берушілердің) Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасын бұзғаны туралы ақпарат келіп түскен жағдайда, мұндай ақпарат Кәсіпкерлік кодексте көзделген бақылаудың тиісті шараларын қабылдау үшін осы мемлекеттік қызметтер көрсетілген салада бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарға жолданады.
Toggle Dropdown
11. Қажет болған жағдайда тексеру жүргізуге тексерілетін субъектілермен азаматтық-құқықтық және еңбек қатынастарында тұрмайтын сарапшылар, сараптама ұйымдары және мамандар тартылады.