Toggle Dropdown
Қаржы мониторингі жөніндегі органдардың жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 689 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12756 болып тіркелді
Редакция 07.12.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті(Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі
______________А. Дауылбаев
2015 жылғы « » ________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
______________Қ. Қасымов
2015 жылғы 28 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
_______________Ә. Исекешев
2015 жылғы « » ________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 689 бұйрығымен бекітілген
Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидалары
1. Осы Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 128, 131-баптары негізінде және тәртібінде ұсталған, қылмыстың жасалуына сезікті, сондай-ақ ҚР ҚПК 147-бабының негізінде сот қамауға алуға санкция берген, қылмыстың жасалуына айыпты ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды (бұдан әрі – ұсталғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар) айдауылмен алып жүру тәртібін айқындайды.
2. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру бойынша міндеттерді орындау үшін экономикалық тергеп-тексеру қызметінде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) төрағасының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен, ал Агенттіктің аумақтық органдарында (бұдан әрі – ЭТД) басшының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен жедел бөлімшелер қызметкерлерінен айдауылмен алып жүру топтары құрылады.
3. Айдауылшының міндетіне ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдарды (бұдан әрi - күдіктілер мен айыпталушылар):
1) уақытша ұстау изоляторларына (бұдан әрі – УҰИ) және тергеу изоляторларына (бұдан әрі – ТИ) айдауылмен алып жүру;
2) оларды УҰИ-да, ТИ-де жүргізу мүмкін емес тергеу әрекеттерін жүргізу үшін тергеу әрекеттерін жасау кезінде күзетуді қамтамасыз ету;
3) медициналық мекемелерге, стационарлық емдеу кезінде күзетуді қамтамасыз ету;
4) ҚР ҚПК 150-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен тергеу әрекеттерін жүргізу үшін бір ТИ-дан екінші ТИ-ға айдауылмен алып жүру;
5) санкциялауға, бұлтартпау шарасын өзгертуге УҰИ-дан, ТИ-дан, соттарға айдауылмен алып жүру және көрсетілген шараларды жүргізу кезінде күзетуді қамтамасыз ету жатады.
Ішкі істер органдарының УҰИ мен ТИ күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау орындары болып табылады.
4. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру белгілі бір бағыттар бойынша (негізгі, қосалқы) жүзеге асырылады, оларды Агенттік төрағасының (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) (оны алмастыратын тұлға), ал ЭТД-де оның басшысының (оны алмастыратын тұлға) бұйрығымен бекітеді.
5. Күдіктілерді, айыпталушыларды алып жүру осы Қағидаларда көзделген тәртіппен автомобиль, әуе және теміржол көлігімен жүзеге асырылады.
Күдіктілерді, айыпталушыларды қала маңы пойыздарында, қалааралық және қалалық автобустарда, троллейбустар мен трамвайларда алып жүруге жол берілмейді.
6. Күдіктілерді, айыпталушыларды жаяу айдауылмен алып жүру тек:
1) арнайы көлік құралдарынан – соттардың және құқық қорғау органдарының ғимараттарындағы ұстауға арналған камераларға, УҰИ-дің, ТИ-дің режимдік аймағына, тергеу әрекеттерін жүргізу орындарына, емдеу мекемелеріне дейін;
2) қашқындарды ұсталған жерден бастап, егер көлік құралдарын пайдалану мүмкін болмаса, ішкі істер органдарының жақын маңдағы бөлімшесіне дейін жүргізіледі.
7. Ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдарды елдi мекен шегiнде айдауылмен алып жүру арнайы көлiк құралымен жүзеге асырылады.
Ерекше жағдайларда, арнайы көлік болмаған жағдайда, ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдарды алып жүру уәкілетті тұлғаның (оны алмастыратын тұлғаның), ЭТД басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазбаша рұқсатымен (баянат) жеңіл қызметтік көліктерде жүзеге асырылады.
8. Ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған әйелдерді айдауылмен алып жүру кезінде айдауылдың құрамына әйел қызметкерлер енгізіледі.
9. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдарды сенімді қорғау мақсатында арнайы көліктер жарқылдағыш маяктармен, Агенттіктің, аумақтық органның кезекші бөлімінің пультіне белгі беретін радиостанциялармен, кабина мен шанақ арасындағы сөйлесу құрылғыларымен жабдықталады.
10. Айдауыл қозғалысын бақылауды Агенттіктің, ЭТД-ның кезекші бөлімі орнатылған радио және телефон байланысының арналары бойынша жүзеге асырады.
2-тарау. Айдауылды тағайындау, қаруландыру, қамтамасыз ету
11. Ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру үшін құрамында аға айдауылшысы және айдауылшылар бар айдауыл тағайындалады.
12. Айдауылға күдіктілері, айыпталушыларды айдауылмен алып жүруге және оларды күзетуге байланысты емес міндеттемелерді жүктеуге жол берілмейді.
13. Айдауылдың құрамын, түрін, санын және қарулануын уәкілетті тұлға (оны алмастыратын тұлға), ЭТҚ бастығы (оны алмастыратын тұлға) айқындайды:
Айдауылдың қауіпсіздік деңгейлері:
1) қарапайым айдауыл мынадай есеппен тағайындалады: бірден-екіге дейінгі ұсталғандарға және күзетпен қамауға алынған адамдарға - екі айдауылшы; үштен-алтыға дейін - үш айдауылшы; жетіден-онға дейін - жеті айдауылшы. Егер айдауыл құрамында бес және одан көп айдауылшы бар болса, аға айдауылшысының көмекшісі тағайындалады;
2) күшейтілген айдауыл ұсталғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың қандай да біреуінің қашуға әрекет жасайтыны, күзетке шабуыл жасауы, өзіне және айналасындағыларға зиян тигізу ниеті бар екендігі туралы мәліметтер бар болғанда, айдауылмен алып жүру бағытының ұзақ болуына байланысты, әуе немесе теміржол көлігімен айдауылмен алып жүру үшін тағайындалады.
Күшейтілген айдауыл мынадай есеппен тағайындалады: ұсталған және күзетпен қамауға алынған бір адамға - үш айдауылшы, екі-төрт адамға – алты айдауылшы, бес немесе одан көп адамға – сегіз айдауылшы;
ауыр, аса ауыр қылмыстар жасаған, қашуға, айдауылшылар мен қамауда ұстау орындарының персоналына шабуыл жасауға бейім;
үлкен қоғамдық резонанс тудырған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру кезінде тағайындалады.
Ерекше аға айдауылшысы болып аға офицер құрамы қатарынан Агенттіктің, ЭТҚ-ның қызметкері тағайындалады.
Айдауылдың барлық түрлерінің құрамы қорғаныш кеудешемен жабдықталады, атыс қаруымен қаруланады, өзімен бірге арнайы құралдар – қол-кісендер, резеңке таяқтар (РТ), металліздегіш, сондай-ақ байланыс құралдары (радиостанциялар) болуға тиіс.
Айдауылға жүктелген міндеттемелерді орындау кезінде айдауылшылардың Заңға сәйкес қару-жарақты, күш қолдану және арнайы құралдарды қолдануға құқығы бар.