• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасының қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 12 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13308 болып тіркелді

Редакция 01.01.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы, Тізбенің 2016 жылғы 15 мамырдан қолданысқа енгізілетін 11-тармағын және Тізбенің 5-тармағының 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін отыз үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2016 жылғы 28 қаңтардағы
 № 12 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 
1. «Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 177 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4860 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды бекіту туралы»; 
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) сәйкес әзірленді және ақпараттық процеске, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға және электрондық жабдыққа қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеуге, сақтандыру жөніндегі бірыңғай деректер базасының сақталуына және үй-жайларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ деректер базасының басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісінің нысанын, Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі қағидалардың мазмұнына, жеткізушілердің деректер базасын қалыптастыру үшін ақпаратты ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды, ақпаратты жеткізушілер ұсынатын ақпараттың мазмұнына қойылатын қосымша талаптарды, оны электрондық түрде ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ сақтандыру есептерін ұсыну тәртібін белгілейді.»; 
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Талаптарда Сақтандыру қызметі туралы заңда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:»; 
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Ұйымның қызметін жүзеге асыруға Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер базасын басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі және Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі қағидалар болған жағдайда ғана рұқсат беріледі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Сақтандыру қызметі туралы заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты жеткізуші Ұйымға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6171 тіркелген «Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысында (бұдан әрі – № 24 қаулы) көзделген мәліметтерді нақты уақыт режимінде ұсынады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Ұйым мынадай тәртіппен сақтандыру полисіне бірегей нөмірді тағайындайды: 
1) сақтандырушының мазмұнына қойылатын талаптар № 24 қаулысында белгіленген көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауға арналған сақтанушының өтініші негізінде сақтанушы (сақтандырылушы), көлік құралы (көлік құралдары) туралы мәліметтерді енгізуі;
2) деректер базасында міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисіне енгізу үшін қажетті мәліметтер бар сақтандыру есебін қалыптастыру;
3) сақтандыру полисіне сақтандыру полисінің нөмірі болып табылатын бірегей нөмірді тағайындау;
4) деректер базасында қалыптастырылған ақпаратты, оны сақтандыру полисінің бланкісіне басып шығару ақырлы шығару.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Ұйым ақпаратты жеткізуші ұсынған ақпаратты, ол дұрыс немесе толық ресімделмеген, ақпаратты жеткізушінің, сақтандыру есебін алушының, деректер базасы субъектісінің деректері пайдаланылатын ақпарат жүйесінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сақтандыру есептерін қалыптастыру және пайдалану жүйесінде пайдаланбай қайтарып беруі мүмкін.»; 
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Пайдаланушының дербес компьютері құрамында пайдаланушылардың сәйкестендіру және бірдейлендіру құралдары бар, компьютерге кірумен және пайдаланушылардың іс-қимылдарымен байланысты қызметті бақылау мақсатында электрондық құжаттардың сақталу мерзімі ішінде электрондық журналдарды жүргізу мүмкіндігі бар қорғау кешенімен жабдықталады.»;
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Пайдаланушының дербес компьютері бағдарламалық қамтамасыз етудің тұтастығын қамтамасыз ету құралымен жабдықталады.»; 
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Қорғаныс жүйесін пайдалана отырып, ақпаратты ақпараттық ортаға жинақтау үшін бөлінген ресурстарға (дискілік кеңістік, директориялар, желілік ресурстар, деректер базалары және басқалар) кіру, ақпараттық ортадан ақпаратты алу, ақпаратты сақтау, мұрағаттау не басқа да өңдеу тәртібі бұл ресурстарға рұқсат етілмеген кіру мүмкіндігін бермейді.»;
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«64. Негізгі ақпараты бар сыртқы тасымалдағыштарды сақтау және пайдалану тәртібі оларға рұқсат етілмеген кіру мүмкіндігін бермейді.»; 
67-тармақ алынып тасталсын;
8-тарау алынып тасталсын;