• Мое избранное
"Электрондық үкімет" шлюзінің, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Электрондық үкімет" шлюзінің, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13244 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылдың 5 мамырынан бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 29.03.2018 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған «Электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының қағидалары бекітілсін. 
2. Мыналардың: 
1) «Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 26 тамыздағы № 365 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5783 болып тіркелген); 
2) «Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 26 тамыздағы № 365 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 16 қазандағы № 991 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12324 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап): 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 
3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің міндетін атқарушының
 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 104
 бұйрығымен бекітілген
«Электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының қағидалары 
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және «электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады: 
1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 
2) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы; 
3) ақпараттық жүйе әкімшісі - міндетіне интернетке шығудың техникалық қамтамасыз етілуін, АЖ жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етілуін қоса алғанда, жүйенің бастапқы орнатылуы, апаттық жағдайларды жойғаннан кейін қайта орнату кіретін, жүйелерге қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персонал; 
4) ақпараттық жүйелердің интеграциясы – деректерді берудің Қазақстан Республикасында пайдаланылатын стандарттық хаттамалары негізінде екі және одан да көп ақпараттық жүйе арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар; 
5) ақпараттық жүйелердің интеграциясын техникалық іске асыру – ақпараттық алмасуға қатысушылардың интеграциясын қамтамасыз ету үшін жүргізілетін техникалық жұмыстар кешені; 
6) ақпараттық жүйелердің сервисі (бұдан әрі – сервис) – ақпараттық жүйе беретін қызметті ерекшелендіру үшін пайдаланылатын операциялар жиынтығынан тұратын сервис; 
7) ақпараттық жүйенің бизнес-деректері – ЭҮШ тарапында тексерілмейтін блок ретінде ЭҮШ форматының хабарламасы құрамына кіретін, Сервис пайдаланушысы мен Сервис иеленушісінің өзара іс-қимыл деректері; 
8) веб-сервистердің қауіпсіздігі (Web Service Security) (бұдан әрі – WS Security) – SOAP веб-сервистері арасында хабарлама алмасу кезіндегі қауіпсіздік функцияларын қолдану стандарты; 
9) логтау журналы – жүйенің жұмысын мониторингілеу және жаңылысу орын алған жағдайда оның пайда болуы себебін анықтау үшін қолданылатын жүйенің жұмысы туралы ақпаратты қамтитын файлдар; 
10) мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) – «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және ақпараттық қауіпсіздіктің талап етілетін деңгейін сақтай отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі; 
11) объектілерге қол жеткізудің қарапайым хаттамасы (Simple Object Access Protocol) (бұдан әрі – SOAP) – АЖ интеграциясы кезінде хабарламалар тасымалдау үшін XML негізделген хаттама; 
12) кеңейтілетін белгілеу тілі (eXtensible Markup Language) (бұдан әрі – XML) – құрылымдық және машинада оқылатын форматтағы мәліметтерді сақтау және тасымалдау үшін қолданылатын кеңейтілетін белгілеу тілі; 
13) көліктік қолтаңба – АЖ-ның ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде WS Security ерекшілігін қолданумен жіберілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын ЭЦҚ; 
14) сервис иеленушісі – сервисті іске асыратын АЖ иеленушісі; 
15) сервис пайдаланушысы – сервис ұсынуға сұрауды бастамалайтын АЖ иеленушісі; 
16) сыртқы ақпараттық жүйе – Интернетте орналасқан ақпараттық жүйе, мемлекеттік емес АЖ; 
17) «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі (бұдан әрі – ЭҮСШ) – МО БКО-да орналасқан ақпараттық жүйелердің МО БҚО-дан тыс орналасқан ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған «электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі;
18) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процесстерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе; 
19) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) «электрондық үкімет» шеңберінде мемлекеттік және мемлекеттік емес АЖ интеграциясына арналған ақпараттық жүйе; 
20) электрондық хабарлама – ақпараттық жүйелер арасында ақпарат алмасуға арналған XML форматындағы электрондық құжат; 
21) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі; 
22) «электрондық үкімет» шлюзінің әкімшісі – ЭҮШ, ЭҮТШ, ЭҮСШ жұмысына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персонал, оның міндетіне ЭҮШ, ЭҮТШ, ЭҮСШ сервистерін басқару, мониторингілеу және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету кіреді. 
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын мәліметтерді және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын АЖ-лар «электрондық үкіметтің» шлюзімен, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзімен интеграциялауға жатпайды. 
4. «Электрондық үкіметтің» шлюзімен, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзімен интеграциялану процесінде қолданылатын АЖ-дан алынған мәліметтер қағаз жеткізгіштегі құжаттардағы тиісінше мәліметтерге тең.
2. «Электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелерімен интеграциясы тәртібі
5. Сервис иеленушілері АЖ-ың ЭҮШ-пен интеграциясын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар мынадай тәртіппен іске асырылады: 
1) сервис иеленушісі АЖ-сының ЭҮШ-пен интеграциясын техникалық іске асыру және тестілеу осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады;
2) сервис иеленушісі АЖ-сының ЭҮШ-пен интеграциясын техникалық іске асыру және бірлесіп тестілеу аяқталысымен сервис иеленушісі осы Қағидаларғы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның мекен жайына ЭҮШ-те сервисті жариялауға өтімді жібереді.
3) сервис иеленушісі мен уәкілетті органның пайдалануға енгізу туралы бірлескен шешім (хаттама, акт) негізінде сервистің иеленушісі және уәкілетті орган сервис иеленуші АЖ-сының ЭҮШ-пен өзара іс-қимылын пайдалануға беруді енгізеді;
4) уәкілетті орган қосылған сервис туралы мәліметтердің осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АЖ өзара іс-қимылын тіркеу журналында электрондық тіркелуін жүзеге асырады.