Toggle Dropdown
13
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 наурызда № 13391 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 22.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына, «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1
1. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
1
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
Toggle Dropdown
1
3) осы бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде тіркелген күннен бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
Toggle Dropdown
1
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаменті, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың, ішкі істер департаменттері:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты көші-қон полициясы бөліністері жеке құрамының зерделуін ұйымдастырсын және оның талаптарын мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
2) сауалнама-өтініштердің, анықтамалар мен журналдардың (Қағидаға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-қосымшалар ) бланкілерін дайындауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
Toggle Dropdown
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 85 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
Осы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 30-бабына, «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес әзірленді
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда төмендегі ұғымдар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) арыз иесі – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданым берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);
Toggle Dropdown
2) әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;
Toggle Dropdown
3) әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;
Toggle Dropdown
4) әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет;әкімшілік әрекет;
Toggle Dropdown
5) бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары – бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының азаматтары;
Toggle Dropdown
6) жаппай саяси қуғын-сүргіннің ақталған құрбандары – сот тәртібінде не заңмен белгіленген өзге тәртіпте саяси қуғын-сүргіндердің құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған адамдар;
Toggle Dropdown
7) Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік құқықтық нормативтік актілерді тіркеу тізілімінде № 12880 болып тіркелген) Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларымен белгілеген тәртіппен тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар танылады.
Toggle Dropdown
8) қандастар – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;
Toggle Dropdown
9) этникалық қазақ – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар.
Toggle Dropdown
2-тарау. Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібі
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдауды өтініш иесінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру, азаматтықтан шығу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруден бас тарту үшін негіз «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабымен көзделген.
Toggle Dropdown
Азаматтыққа жататындығын айқындау және азаматтықты жоғалту мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдар Қазақстан Республикасының Президентінің атына беріледі.
Toggle Dropdown
Азаматтық мәселелері жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қайта қарауы мүмкін.
Toggle Dropdown
Азаматтық мәселелері жөніндегі өтінішті қабылдаудан негізсіз бас тартуға, өтініштерді қарау мерзімін бұзуға, сондай-ақ лауазымды адамдардың азаматтық туралы істерді қарау тәртібін және азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерді орындау тәртібін бұзатын басқа да құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі-Кодекс) 13-тарауымен көзделген бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған лауазымды адамға әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте шағым берілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
Шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте қарауды шағымды қарайтын жоғары тұрған әкімшілік орган (лауазымды адам) жүргізеді.
Toggle Dropdown
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға (лауазымды адамға) беріледі.
Toggle Dropdown
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган (лауазымды адам) шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Toggle Dropdown
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган (лауазымды адам) егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Toggle Dropdown
Шағым Кодексте белгіленген мерзімдерде қаралады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына келіп түскен азаматтық мәселелер жөніндегі материалдар азаматтығын өзгерту себебіне және сауалнамалық мәліметтің толықтығына, өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің тегінің, аты мен әкесінің атының (бар болған жағдайда) дұрыстығы тексеріледі.
Toggle Dropdown
Осы Қағидаларға сәйкес өтініш иесі толық емес құжаттар пакетін немесе толық емес мәліметтерді ұсынған жағдайда лауазымды адам үш жұмыс күні ішінде құжаттар пакеті қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетіп, өтініш иесіне хабарлама жолдайды.
Toggle Dropdown
Егер өтініш иесі хабарлама алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде толық құжаттар пакетін ұсынбаса және (немесе) ұсынылған құжаттардағы кемшіліктерді жоймаған болса лауазымды адам өтінішхатты қараудан бас тарту туралы хабарлама жолдайды.
Toggle Dropdown
Өтінішхат (өтініш) өтініш иесі осы Қағидаларда көзделген барлық құжаттарды берген күннен бастап орындауға қабылданды деп есептеледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және одан шығару бойынша сауалнама-өтінішке тиісті белгі қойылады, ол материалды қарауға қабылдаған қызметкердің қолымен расталады.
Toggle Dropdown
Азаматтыққа қабылдау және азаматтықты қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және азаматтыққа тиесілігін айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттар (өтініштер) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғалардың өтінішхаттарын (өтініштерін) есепке алу журналына тіркелуге және қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу не азаматтықтан шығу туралы өтініш берген адамдарға олардың талабы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы анықтама беріледі. Анықтаманы Полиция департаменті (бұдан әрі – ПД) азаматтықты ресімдеу мәселесі бойынша өтініш берген адам туралы мәліметтерді кейіннен «Бүркіт» Бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау не азаматтықтан шығу үшін барлық қажетті құжаттардың электронды көшірмелерін қоса отырып, Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі арқылы енгізгеннен және нәтижесін алғаннан кейін ғана береді.