Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 23 мамырдағы
№ 475 бұйрығына
4-қосымша
Toggle Dropdown
«Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
Редакция 05.02.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1. «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) 010000, Астана қаласы Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 2-кіреберіс мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 болып тіркелген) бекітілген «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) негізінде көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша аккредиттеу аттестаты (бұдан әрі – аккредиттеу аттестаты) не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттардың тізбесі қоса бере отырып мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға электронды сұрау салуы негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
Toggle Dropdown
1) кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды порталда тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) алады - орындау уақыты 30 минут;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті орындаушыны анықтайды - орындау уақыты 30 минут;
Toggle Dropdown
3) жауапты қызметкер ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолданады – орындау мерзімі екі жұмыс күні;