Toggle Dropdown
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Отправить по почте
Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 1072 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 675 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 қаңтарда № 12872 болып тіркелді
Осы Бірлескен Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 7 мамырдан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.02.2015 жылғы № 200 және ҚР Энергетика министрінің 27.02.2015 жылғы № 155 Бірлескен бұйрығына сәйкес
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П.Рауға және Қазақстан Республикасы Энергетика бірінші вице-министрі Ұ.С.Қарабалинға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев _______________ Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник______________
«КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ___________________ А. Мамытбеков 2015 жылғы 25 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________________ Е. Досаев 2015 жылғы 29 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 1072 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 675 бірлескен бұйрығымен бекітілген
Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидалар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай тәртіпті айқындайды.
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) геологиялық қорлар – шоғырларда болатын көмірсутек шикізатының қорлары;
2) күрделі геологиялық құрылымы бар кен орындары – қорларының жетпіс пайызынан астамы қуатының өзгеріп тұратындығымен не пайдалы қазба денелерінің бұзылып орналасуымен немесе пайдалы қазбаның сақталмаған сапасымен және негізгі құнды компоненттерінің теңдей емес бөлінуімен не коллектордың немесе өнімділік қаттардың коллекторлық қасиеттерінің біртектес болмауымен не ерекше жоғары қаттық қысыммен сипатталатын кен орындары;
3) көмірсутек шикізаты – шикі мұнай, газ конденсаты, табиғи газ және ілеспе газ, битум, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газды тазартқаннан, жанатын тақтатастарды және шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер;
4) көмірсутек шикізатының кен орны – аумақ бойынша бір алаңға арналған және қолайлы тектоникалық құрылыммен немесе басқа түрдегі тұтқыштармен байланысты бір немесе бірнеше жиектелген шоғырларда құрамында табиғи шоғырланған пайдалы қазбасы бар жер қойнауының бөлігі;
5) көмірсутек шикізатының қорлары – мұнайдың, конденсаттың массасы, сондай-ақ стандартты шарттарға (0,1 МПа және 20o С) келтірілген, табылған, барланатын және игерілетін шоғырлардағы газдың көлемi;
6) көмірсутек шикізаты шоғырларын игерудi реттеу – әртүрлi технологиялық және техникалық іс-шаралар кешенiнiң көмегiмен көмiрсутек шикізатын алу процесін басқару;
7) көмірсутек шикізаты шоғырларын сынамалы пайдалану – мұнай және мұнай-газ кен орындарында жүргізілетін және бұрғыланған барлау ұңғымаларын уақытша пайдалануды көздейтін операциялар;
8) қазба бірлігі – пайдаланылуы пайдалы қазбаның саны мен сапасы бойынша өндірудің неғұрлым дәл жеке есебі жүзеге асырылуы мүмкін, қазбаның технологиялық схемамен және игерудің бірыңғай жүйесімен жүзеге асырылатын, бастапқы қорларды (блок, панель, лава, кемердiң бөлiгi) дұрыс есептеумен кен орнының неғұрлым үнемді және технологиялық оңтайлы учаскесi;
9) рентабельді геологиялық қорлар (алынатын) – жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын сақтай отырып, қазіргі сыналған технологиялар мен техниканы пайдалану кезінде үнемділігі жағынан алынуы тиімді геологиялық қорлардың бөлігі;
10) рентабельді емес геологиялық қорлар – жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын сақтай отырып, қазіргі сыналған технологиялар мен техниканы пайдалану кезінде үнемділігі жағынан алынуы тиімсіз қорлар;
11) сарқынды сулар - адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызып жіберілетін ластанған аумақтағы сулар;
12) шоғыр – қиманың бір қат-коллекторына, екі-үш және одан көп байланыстағы қаттар-коллекторларына немесе кен орындары таужыныстары-коллекторларына орайластырылған табиғи біртұтас сугаздинамикалық резервуарда көмірсутек шикізатының жиналуы. Кен орнының геологиялық қимасындағы шоғырлар саны өнімді қаттар санына сәйкес немесе одан аз болуы мүмкін.
2. Көмірсутек шикізаты кен орындарын барлау тәртібі
4. Жер қойнауындағы шоғырлар көмірсутек шикізатының бастапқы табиғи фазалық жай-күйі бойынша бір фазалық және екі фазалық болып бөлінеді.
Бір фазалыққа жататындар:
ерітілген газы бар мұнайдан ғана тұратын мұнай шоғырлары;
төмен молекулярлы көмірсутектерден шикізатынан тұратын, құрамында табиғи газ ғана бар газ шоғырлары;
газ күйіндегі көмірсутекті конденсаты бар газдан тұратын газконденсатты шоғырлар.
Екі фазалық шоғырлар бастапқы табиғи түрінде қаттарда бір мезгілде бүркеме түрінде мұнайдың үстінде жатқан мұнай мен бос газды немесе шоғырдың газконденсатты бөлігін және мұнай шоғыршағын ұстайды.
5. Көмірсутек шикізаты шоғырлары жалпы көлемінің мұнайға қаныққан Vн бөлігі көлемінің үлесіне байланысты тұтастай алғанда екі фазалық шоғырларға жататындар:
Vн>0,75 кезінде газды немесе газ конденсатты бүркемесі бар мұнайлы;
0,5 0,25 Vн<0,25 кезінде газды немесе мұнай шоғыршағы бар газконденсатты.
Екі фазалық шоғырлар үшін игерудің бастапқы жүйесі бірінші кезекті фазаны алуға бағытталады, оның көлемінің үлесі шоғырдың жалпы көлемінен асып түседі (50 пайыздан жоғары). Фазаны іріктеу кезегі бойынша түпкілікті шешім техникалық-экономикалық есептерге негізделеді.
6. Көмірсутекті шикізат кен орындары кен орнының барлық шоғырларындағы көмірсутекті шикізаттың жалпы көлемінде мұнайға қаныққан Vн бөлігі көлемінің үлесіне байланысты мыналарға бөлінеді:
0,5 0,25 Vн <0,25 кезінде газды немесе газконденсатты.
Мұнай қорлары шоғырдың жалпы көлемінен 30 пайыздан аз болған жағдайда, қат қысымын агентті айдау арқылы ұстау түрінде іріктеуді алмастырумен мұнайгазконденсатты кен орнының мұнайлы және газконденсатты бөліктерін бір мезгілде игеруге жол беріледі.
7. Құрылымының күрделілігіне байланысты кен орындары (шоғырлар) мыналарға бөлінеді:
өнімді қаттары ауданы мен қимасы бойынша қалыңдығы мен коллекторлық қасиеттерінің төзімділігімен сипатталатын, тектоникалық бұзылмаған немесе нашар бұзылған құрылымдарға орайластырылған қарапайым құрылым;
өнімді қаттары ауданы мен қимасы бойынша қалыңдығы мен коллекторлық қасиеттерінің төзімсіздігімен немесе литологиялық алмасулардың немесе біртұтас шоғырларды жеке блоктарға бөлетін тектоникалық бұзылыстардың болуымен сипатталатын күрделі құрылым;
шоғырларды жеке блоктарға бөлетін литологиялық алмасулардың немесе тектоникалық бұзылыстардың бір мезгілде үйлесуімен, осы блоктардың шегіндегі өнімді қаттардың қалыңдығы мен коллекторлық қасиеттерінің төзімсіздігімен сипатталатын өте күрделі құрылым, мұнай газ асты аймақтарында табанды су болып жататын және біртекті емес қаттардың жіңішке жиектерінде болатын газ-мұнайлы және мұнай-газды шоғырлар.
8. Барлау далалық геологиялық-геофизикалық зерттеулерді, құрылымдық бұрғылауды, іздеу және барлау ұңғымаларын бұрғылауды, тәжірибе жүргізу мен сынауды қамтиды. Барлау іздеу жұмыстарының бекітілген жобасы бойынша жүргізіледі, онда ұңғымалардың саны, орналасқан жері және бұрғылау мерзімі, олардың шешетін міндеттер, қажетті зерттеулер кешені мен көлемі негізделеді.