Toggle Dropdown
Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 39 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 наурызда № 13431 болып тіркелді
1. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12097 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұранымын өңдеу ұзақтығы:
1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.
Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы «электрондық» кезекті брондауға болады.
Көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыға берілетін, көрсетілген Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау күні туралы белгісі мен жоспарланатын мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру күні бар қолхат өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) көрсетілетін қызметті алушының сұранымын Мемлекеттік корпорацияда өңдеу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
3) Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының сұранымын жөнелту мерзімдері – құжаттарды қабылдағаннан кейін бірден.»;
[[11-тармақ645950083]] мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық іс-қимылдары мен шешімдері:
1) 1-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – АЖ) мемлекеттік қызмет көрсету үшін логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
2) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті алушы деректерін, сондай-ақ сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушы өкілінің деректерін енгізуі (нотариалды куәландырылған сенімхат болған кезде, сенімхатты өзгеше куәландырған кезде сенімхат деректері толтырылмайды);
3) 3-процесс – электрондық үкіметтің төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі – ЗТ МД) немесе жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі – ЖТ МД) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйеде (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұраным жолдау;
4) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЗТ МД-да, сенімхат деректерінің БНАЖ-да бар-жоғын тексеру;
5) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЗТ МД-да, сенімхат деректерінің БНАЖ-да болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
6) 5-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының сұранымды қағаз нысанында құжаттардың бар-жоғы туралы белгі қою және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерден өткізу, оларды сұраным нысанына бекіту және мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранымның толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыру бөлігінде толтыруы;
7) 6-процесс – Мемлекеттік корпорация операторы ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранымын) ЭҮТШ арқылы МД АЖ-ға жіберу;
8) 7-процесс – сұранымды МД АЖ-да тіркеу және мемлекеттік көрсетілетін қызметті МД АЖ-да өңдеу;
9) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің рұқсат беру үшін көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін тексеруі;
10) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтату және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті хабарлама жіберу;
11) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының МД АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (электрондық рұқсат) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып қалыптастырылады.».
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков