• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2020 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына 12-қосымша

Осы Бұйрық 12-қосымшамен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.12.2015 жылғы № 1046 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
«Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-180/2020 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 13.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 жылғы № 464 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-86 Бұйрығына сәйкес (27.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 жылғы № 464 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 
1) қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 3 (үш) жұмыс күні; 
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды; 
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды. 
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде. 
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеу туралы анықтама не осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеуден бас тарту туралы анықтама;
2) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтама.
7. Жеке тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. 
8. Жұмыс кестесі:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-128 Бұйрығына сәйкес (24.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін үзіліссіз сенбі күні – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжат:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-128 Бұйрығына сәйкес (24.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
тікелей жүгінген кезде жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш.
2) порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат түріндегі сұрау салу.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
9-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 жылғы № 464 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда;
3) қарсы көрсетілімдерінің болуы (туберкулез, АИТВ/ЖИТС, В және С гепатиттері, психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, наркологиялық бұзылулар, жыныстық жолымен берілетін инфекциялық аурулар) негізі болып табылады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 жылғы № 464 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне): мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына шағым беру арқылы шағымдануы.
10-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-86 Бұйрығына сәйкес (27.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі, көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңесінде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметі көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы заңнамамен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 жылғы № 464 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
12. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндігі шектелген көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар мен лифтер) көзделген. 
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурстарында орналастырылған.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-86 Бұйрығына сәйкес (27.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары арқылы алуға құқығы бар. 
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-86 Бұйрығына сәйкес (27.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16. Көрсетілген қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
4-тарау 16-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-128 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Транспланттау мақсатында
 азаматтан қайтыс болғаннан кейін
 оның тіндерін және (немесе) ағзаларын
 (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі
 туралы көзі тірісінде еркін көңіл
 білдіруіне келісім беру немесе қайтарып
 алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына
 1-қосымша
Нысан
Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру туралы анықтама
      Құрметті ______________________________________________________