Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 10 наурыздағы № 115 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 наурызда № 13451 болып тіркелді
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
101 «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
003 «Мұрағат қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламаның атауына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
107 «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппарат» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 111 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«111 Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының қүрделі шығыстары»;
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 209 бюджеттік бағдарламасы бар 242 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«242 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
209 Тұрғын-үй құрылыс жинақтары үлестері бойынша төлем ақы төлеу
032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен»;
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
240 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Мәдениет, спорт және дін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 111 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«111 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің күрделі шығыстары»;
244 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен іске асыру және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл» бюджеттік бағдарламасы және 100 «Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік кіші бағдарлама атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен іске асыру
100 Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»;
406 «Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
007 «Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру» бюджеттік бағдарламасы және 100 «Қаржылық бақылау органдары кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау» және 101 «Мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы зерттеулер» бюджеттік кіші бағдарлама атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«007 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру
100 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау
101 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулер»;
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
1 «Құқық қорғау қызметi» функционалдық кіші тобында:
244 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
014 «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша жедел-іздестіру және сыбайлас жемқорлық қылмыстар және құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық процеске қатысатын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарлама атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«014 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру»;
мынадай мазмұндағы 102, 104 және 111 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«102 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету
104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету
111 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының күрделі шығыстары»;
04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында:
2 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру» функционалдық кіші тобында:
225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
099 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
110 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне орта білім беру ұйымдарынының 10-11-сыныптарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік кіші бағдарлама атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«110 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
мынадай мазмұндағы 114 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«114 Ақмола облысының бюджетіне жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
261 «Облыстың білім басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: