Bestprofi Logo

Бұйрық № 44 от 2016-02-09г./Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 44 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 наурызда № 13470 болып тіркелді

«Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидалары бекітілсін.

2. «Ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 83 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10471 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В. Школьник

КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының міндетін атқарушы _________________ Б. Иманәлиев 2016 жылғы 12 ақпан

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 44 бұйрығымен бекітілген

Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидалары 1. Жалпы ережелер

1. Осы Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидалар ядролық материалдармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

3. Ядролық материалдарды мемлекеттiк есепке алу ядролық материалдардың қолда бар санын, олардың орын ауыстыруын және олармен жұмыс істеу кезінде орналасқан жерін айқындауды қамтамасыз етеді:

Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу оларды бастапқы өндіру кезеңінен бастап және оларды түпкілікті көмгенге дейін жүргізіледі.

Мемлекеттік есепке алуға құрамында табиғи уранды және оның қайта өңдеудің барлық кезеңіндегі туындыларын, құрамында уран-235, уран-233, плутоний мен торийді қоса алғанда, оның ішінде радиоизотоптық құралдардың құрамына кіретін уран изотоптары бар ядролық материалдар жатады.

4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2) есеп беру құжаттары - ядролық материалдардың орын ауыстыруы туралы есептер, ядролық материалдардың түгендеу санының өзгергені туралы есеп, ядролық материалдың нақты қолда бар санының тізімі, материалдық-теңгерімдік есеп;

3) материал партиясы (партия) – негізгі өлшем нүктесінде құрамы мен саны ерекшеліктің немесе өлшемнің бірыңғай кешенімен айқындалатын есепке алу мақсаты үшін өлшем бірлігі ретінде пайдаланылатын ядролық материалдың бір бөлігі;

4) материалдардың теңгерім аймағы – ядролық материалды теңгерім аймағына немесе одан әрбір орын ауыстыру кезіндегі саны айқындалатын және ядролық материалдың нақты қолда бар саны айқындалатын қондырғыдағы немесе одан тыс аймақ;

5) материалдық-теңгерімдік есеп – ядролық материалдың бастапқы және соңғы тіркелген санын, ядролық материал санының есепті кезең ішінде ұлғаюын (азаюын), материалдың теңгерім аймағындағы ядролық материалдың соңғы нақты қолда бар саны мен санын түгендеу айырмашылығын қамтитын есеп;

6) негізгі өлшем нүктесі (НӨН) – материалдың ағынын немесе түгендеу санын айқындау үшін ядролық материалды өлшеуге болатындай нысанда болатын жер;

7) түгендеу саны – қондырғыдағы немесе қондырғыдан тыс болу орнындағы ядролық материалдың саны;

8) түгендеу санының өзгеруі туралы есеп – ядролық материалдың түгендеу санындағы барлық өзгерістер туралы мәліметтерді қамтитын есеп;

9) физикалық түгендеу – материалдық теңгерім аймағындағы ядролық материалдың нақты саны мен жай-күйін тексеру;

10) ядролық материалдың нақты қолда бар саны - белгіленген рәсімдерге сәйкес алынған материалдың теңгерім аймағында қазіргі кезде нақты қолда бар партиялар бойынша ядролық материалдың барлық өлшенген немесе бағаланған санының сомасы;

11) ядролық материалдың нақты қолда бар санының тізімі – физикалық түгендеу нәтижесінде айқындалған ядролық материалдың әрбір бірліктегі немесе партиядағы саны көрсетілген ядролық материалдың есептік бірліктерінің және/немесе партияларының тізбесі;

12) ядролық материалдың теңгерімі – тіркелген ядролық материалдың ядролық материалдың нақты қолда бар санымен салыстырмалы жиыны.

Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

5. Ядролық материалды мемлекеттік есепке алу жеке және заңды тұлғалардың ядролық материалдардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы есептері негізінде жүзеге асырылады.

6. Жеке және заңды тұлғалардың ядролық материалдардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы есептері әзірленген ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырылатын есептің сенімді деректеріне негізделеді.

7. Ядролық материалдардың меншік иесі болып табылатын және (немесе) оларды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың ядролық материалдарды есепке алуы олардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан орны туралы, оның ішінде жыл сайынғы түгендеудің нәтижесі бойынша алынған мәліметтерге, сондай ақ ядролық материалдарды есепке қою және одан алу туралы деректерге негізделеді.

2. Ядролық отынды дайындау үшін немесе U-235 изотопы бойынша уранды байыту үшін қажетті құрам мен тазалыққа жетпеген ядролық материалдарды (уран өнімі) мемлекеттік есепке алу тәртібі

8. Ядролық отынды дайындау үшін немесе U-235 изотопы бойынша уранды байыту үшін қажетті құрам мен тазалыққа жетпеген ядролық материалдарды (бұдан әрі - уран өнімі) мемлекеттік есепке алу жеке және заңды тұлғалар ұсынатын нақты орын ауыстыру туралы есептер негізінде жүзеге асырылады.

9. Жеке немесе заңды тұлға уран өнімін Қазақстан Республикасының аумағынан болжалды орын ауыстыру (экспорт немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу) күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшыға сәйкес нысан бойынша уран өнімінің Қазақстан Республикасының аумағынан тыс алдағы орын ауыстыруы (экспорт немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу) туралы алдын ала хабарлама береді.

Уран өнімін жоспардан тыс орын ауыстыруы туралы шешім қабылдаған жағдайда (экспорт немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу) осы Қағидаларға 1-қосымшыға сәйкес нысан бойынша уран өнімінің Қазақстан Республикасының аумағынан тыс алдағы орын ауыстыруы (экспорт немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу) туралы алдын ала хабарлама болжалды жөнелту күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей жіберіледі.

10. Жеке немесе заңды тұлға уран өнімін Қазақстан Республикасының аумағынан нақты өткізгеннен кейін (экспорт немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу) бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уран өнімінің Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орын ауыстыруы (экспорт немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу) туралы хабарламаны және тауарға арналған декларацияның көшірмесін береді.

11. Жеке немесе заңды тұлға уран өнімін Қазақстан Республикасының аумағына болжалды өткізу (импорт немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағында қайта өңдеу) күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уран өнімінің Қазақстан Республикасының аумағына алдағы орын ауыстыруы (импорт немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағында қайта өңдеу) туралы алдын ала хабарлама береді.

Уран өнімін жоспардан тыс алып өткен жағдайда (импорт немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағында қайта өңдеу) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уран өнімінің Қазақстан Республикасының аумағына алдағы орын ауыстыруы (импорт немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағында қайта өңдеу) туралы алдын ала хабарлама алғаннан кейін дереу жіберіледі.

12. Жеке немесе заңды тұлға уран өнімін Қазақстан Республикасының аумағына нақты өткізгеннен кейін (импорт немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағында қайта өңдеу) бес күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уран өнімінің Қазақстан Республикасының аумағына орын ауыстыру (импорт немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағында қайта өңдеу) туралы хабарламаны және тауарға арналған декларацияның көшірмесін береді.

13. Жеке немесе заңды тұлға тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Ф1-нысан бойынша есепті кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орнын ауыстырған уран өнімі туралы есеп береді.

14. Жеке немесе заңды тұлға тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Ф2-нысан бойынша есепті кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағына орнын ауыстырған (алынған) уран өнімі туралы есеп береді.

15. Уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалар беретін алдын ала хабарламалардағы, хабарламалардағы және есептердегі деректерді бұрынғы деректермен салыстырып-тексеруді жүргізеді. Ақпаратты ұсынған жеке немесе заңды тұлғалардың тіркеу деректері туралы ақпаратқа, атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті қызмет түріне лицензиясының бар-жоғына, экспортқа немесе импортқа лицензиясының бар-жоғына тексеру жүргізеді. Деректер Қазақстан Республикасында уран өнімінің бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы бірыңғай қорға енгізіледі.

16. Алынған деректер негізінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасында уран өнімінің бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы тоқсан сайын есеп жасайды.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание