• Мое избранное
"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 379 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 379 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 128 бұйрығы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 379 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11733 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 шілде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті (С.М. Ахметов) заңнамамен белгіленген тәртіпте: 
1) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберілуін;
2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сұлтанов