«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
"Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 619 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 8 ақпандағы № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда № 13416 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 619 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11630 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;»;
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік корпорацияға жүгiну тәртiбiнің, көрсетiлетiн қызметті алушының өтiнiшiн өңдеу ұзақтығының сипаттамасы:
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгiну тәртiбiнің сипаттамасы:
1-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ) логин мен парольді (авторизациялау процесі) енгізеді;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішке қол қойған тұлғаның жеке басын сәйкестендіреді;
3-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшiн сұрау нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетiлетін қызметті алушының деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық үкiмет шлюзi (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы көрсетiлетін қызметті алушының деректерi туралы сұрауды «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк деректер базасына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) немесе «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк деректер базасына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) жiберуі;
1-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДБ-да бар болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДБ-да жоқ болуына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады;
2-шарт – өтініштің дұрыс толтырылуы және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ тізбесіне сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығы;
7-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерiнің құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруі.
8-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың тізімін енгізуі, құжаттардың көшірмесін түсіруі, оларды сұрау нысанына бекітуі және көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмi негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрауын, сондай-ақ құжаттардың тұпнұсқаларын (көшірмелерін) өзіне қызметтiк мақсатта пайдалану үшiн берiлген электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландыруы;
9-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерiнің көрсетілетін қызметті алушыдан тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ берген штрих-коды бар қолхатты беруі;
10-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкерi құжаттар топтамасын «Е-лицензиялау» Мемлекеттiк дерекқоры» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЕЛ МД АЖ) ЭҮШ арқылы өзіне қызметтік мақсатта пайдалану үшін берілген ЭЦҚ куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында рұқсат беру шарттарына және талаптарына сәйкестiгін қарастыру, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн жолдау үшін жіберуі;
мемлекеттiк қызметті көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге қажеттi құжаттар мен ақпараттардың тізбесі «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен айқындалған.
11-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алуға арналған қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беруі;
2) көрсетiлетiн қызметті алушының өтiнiшiн Мемлекеттік корпорацияда өңдеу ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
11. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесiнің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
1) мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесiн алу тәсiлi – Мемлекеттік корпорацияда қолма қол;
2) мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесiн алу процесiнің ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды;
3) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн алу тәртiбi:
1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш бланкісінің-қолхаттың жыртылмалы талонының негізінде онда көрсетілген мерзімде, жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне жүгінеді;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхаттағы штрих-кодты сканерлеу үшін көрсетілетін қызметті алушыдан штрих-коды бар қолхатты қабылдайды;
3-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, көрсетілетін қызметті алушыға алғандығы туралы белгі қойғыза отырып, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн береді.
Көрсетілетін қызметті алушының кінәсінен мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады.»;
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;»;
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік корпорацияға жүгiну тәртiбiнің, көрсетiлетiн қызметті алушының өтiнiшiн өңдеу ұзақтығының сипаттамасы:
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгiну тәртiбiнің сипаттамасы:
1-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ) логин мен парольді (авторизациялау процесі) енгізеді;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішке қол қойған тұлғаның жеке басын сәйкестендіреді;
3-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшiн сұрау нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетiлетін қызметті алушының деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық үкiмет шлюзi (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы көрсетiлетін қызметті алушының деректерi туралы сұрауды «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк деректер базасына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) немесе «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк деректер базасына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) жiберуі;
1-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДБ-да бар болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДБ-да жоқ болуына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады;
2-шарт – өтініштің дұрыс толтырылуы және Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ тізбесіне сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығы;
7-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерiнің құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруі.
8-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың тізімін енгізуі, құжаттардың көшірмесін түсіруі, оларды сұрау нысанына бекітуі және көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмi негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрауын, сондай-ақ құжаттардың тұпнұсқаларын (көшірмелерін) өзіне қызметтiк мақсатта пайдалану үшiн берiлген электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландыруы;
9-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерiнің көрсетілетін қызметті алушыдан тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ берген штрих-коды бар қолхатты беруі;
10-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкерi құжаттар топтамасын «Е-лицензиялау» Мемлекеттiк дерекқоры» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЕЛ МД АЖ) ЭҮШ арқылы өзіне қызметтік мақсатта пайдалану үшін ЭЦҚ куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беру шарттарына және талаптарына сәйкестiгін қарастыру, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдау үшін жібереді;
мемлекеттiк қызметті көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге қажеттi құжаттар мен ақпараттардың тізбесі «Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен айқындалған.
11-рәсім - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алуға арналған қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беруі;
2) көрсетiлетiн қызметті алушының өтiнiшiн Мемлекеттік корпорацияда өңдеу ұзақтығы – 15 минуттан аспайды.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
11. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесiнің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
1) мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесiн алу тәсiлi – Мемлекеттік корпорацияда қолма қол;
2) мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесiн алу процесiнің ұзақтығы – 15 минуттан аспайды;
3) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн алу тәртiбi:
1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш бланкісінің-қолхаттың жыртылмалы талонының негізінде онда көрсетілген мерзімде, жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне жүгінеді;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхаттағы штрих-кодты сканерлеу үшін көрсетілетін қызметті алушыдан штрих-коды бар қолхатты қабылдайды;
3-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, көрсетілетін қызметті алушыға алғандығы туралы белгі қойғыза отырып, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн береді.
Көрсетілетін қызметті алушының кінәсінен мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады.»;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;»;
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік корпорацияға жүгiну тәртiбiнің, көрсетiлетiн қызметті алушының өтiнiшiн өңдеу ұзақтығының сипаттамасы:
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгiну тәртiбiнің сипаттамасы:
1-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ) логин мен парольді (авторизациялау процесі) енгізеді;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішке қол қойған тұлғаның жеке басын сәйкестендіреді;
3-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшiн сұрау нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетiлетін қызметті алушының деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық үкiмет шлюзi (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы көрсетiлетін қызметті алушының деректерi туралы сұрауды «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк деректер базасына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) немесе «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк деректер базасына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) жiберуі;
1-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДБ-да бар болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДБ-да жоқ болуына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады;
2-шарт – өтініштің дұрыс толтырылуы және Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ тізбесіне сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығы;
7-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерiнің құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруі.
8-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың тізімін енгізуі, құжаттардың көшірмесін түсіруі, оларды сұрау нысанына бекітуі және көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмi негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрауын, сондай-ақ құжаттардың тұпнұсқаларын (көшірмелерін) өзіне қызметтiк мақсатта пайдалану үшiн берiлген электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландыруы;
9-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерiнің көрсетілетін қызметті алушыдан тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ берген штрих-коды бар қолхатты беруі;
10-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкерi құжаттар топтамасын «Е-лицензиялау» Мемлекеттiк дерекқоры» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЕЛ МД АЖ) ЭҮШ арқылы өзіне қызметтік мақсатта пайдалану үшін ЭЦҚ куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында қорытынды беру шарттарына және талаптарына сәйкестiгін қарастыру, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдау үшін жібереді;
мемлекеттiк қызметті көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге қажеттi құжаттар мен ақпараттардың тізбесі «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен айқындалған.
11-рәсім - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алуға арналған қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беруі;
2) көрсетiлетiн қызметті алушының өтiнiшiн Мемлекеттік корпорацияда өңдеу ұзақтығы – 15 минуттан аспайды.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
11. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесiнің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
1) мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесiн алу тәсiлi – Мемлекеттік корпорацияда қолма қол;
2) мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесiн алу процесiнің ұзақтығы – 15 минуттан аспайды;
3) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн алу тәртiбi:
1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш бланкісінің-қолхаттың жыртылмалы талонының негізінде онда көрсетілген мерзімде, жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне жүгінеді;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхаттағы штрих-кодты сканерлеу үшін көрсетілетін қызметті алушыдан штрих-коды бар қолхатты қабылдайды;
3-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, көрсетілетін қызметті алушыға алғандығы туралы белгі қойғыза отырып, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн береді.
Көрсетілетін қызметті алушының кінәсінен мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады.»;
2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 166 бұйрығына 1-қосымша
«Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 166 бұйрығына 2-қосымша
«Кепiлдiк мiндеттемені (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 166 бұйрығына 3-қосымша
«Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша