Bestprofi Logo

Нысан № 93 от 2016-01-28г./Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысаны

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына 1-қосымша

Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысаны

______________________________________________ негізінде әрекет етуші

(құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)

_____________________________________________________________ атынан,

(басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты)

бұдан әрі «білім беру ұйымы» деп аталатын ___________________________

(білім беру ұйымның атауы, білім беру қызметімен

_____________________________________________________________________

айналысу үшін мемлекеттік лицензияның №)

____________________________________________________ бір жағынан және

бұдан әрі «білім алушы» деп аталатын ________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))

_______________________________________________ екінші жақтан, немесе

______________________________________________________ негізінде және

(құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)

азамат(ша) __________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))

мүддесі үшін әрекет етуші ___________________________________________

(заңды тұлғасы басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты,

_____________________________________________________________________

атынан, бұдан әрі «тапсырыс беруші» деп аталатын

_____________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) немесе

_____________________________________________________________________

екінші жақтан төмендегілер туралы осы шартты жасады.

1. Тапсырыс беруші тапсырады және төлейді, ал білім беру ұйымы білім алушыға қорытынды аттестаттаудан өтуі және білім беру қызметтерін толық өтеу арқылы оған тиісті біліктілікті және білім туралы құжатты беру арқылы Қазақстан Республикасының білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сәйкес келетін мамандық бойынша, білім алу нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру және білім алушының білім беру қызметтерін алу бойынша өз міндетіне алады.

2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2. Білім беру ұйымы өзіне мынадай міндеттемелер алады:

1) конкурс қорытындысы бойынша (немесе басқа білім беру ұйымынан ауысу арқылы, академиялық қарыздарын өтеген жағдайда) ол немесе тапсырыс беруші (өкілі) білім беру ұйымының жылдық төлем сомасынан ____% мөлшерінде төлемді беру жағдайында білім беру ұйымының білім алушылар қатарына қабылдау;

2) осы шартты жасау кезінде білім алушыны білім беру ұйымының Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиясымен, білім беру ұйымының ішкі қабылдау тәртібін реттейтін тәртіп ережелерімен және білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі негізгі құжаттармен таныстыру;

3) білім алушыны «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес даярлауды қамтамасыз ету;

4) білім алушының оқу жүктемесінің көлемін және сабақ кестесін қолданыстағы нормативтерге сәйкес үзілістермен анықтау, білім алушының салауатты, қауіпсіз оқу жағдайын жасау;

5) білім беру ұйымдары кітапхана қорының ақпараттық қорларына, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға еркін қол жеткізуді және оларды пайдалануды қамтамасыз ету;

6) білім алушыға оқу бағдарламалары шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін білім беру ұйымының басшысы бекіткен жекелеген ережелермен қаралған тәртіпте және жағдайларда компьютерлік техниканы пайдалану мүмкіндігін беру;

7) білім беру ұйымының оқу жоспарына сәйкес білім алушының кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру;

8) білім алушыны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген тәртіпте оның өтініші негізінде білім алушылар қатарына қайта қабылдау және оқудан шығару;

9) білім алушыны бір мамандықтан екінші мамандыққа немесе бір оқу нысанынан екіншісіне, сондай-ақ басқа білім беру ұйымына «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары) бекітілген тәртіпте ауыстыру;

10) шартты бұзған кезде білім алушы барлық оқу мерзіміне алдын ала ақы төлеген жағдайда, төленген ақшасын ағымдағы оқу кезеңіндегі шығыстарды алып тастау арқылы, оған бұйрық шыққан сәттен бастап қайтарып беру;

11) білім алушыны оның келісімінсіз және оқу үдерісіне зиян тигізетін қоғамдық және басқа да тапсырмаларды орындауға тартуға жол бермеу;

12) білім алушыға білім беру ұйымының ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларына, сондай-ақ халықаралық ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларға ерікті түрде қатысуға мүмкіндік беру;

13) толық оқу курсын ойдағыдай аяқтаған соң және қорытынды аттестаттаудан өту нәтижелері бойынша білім алушыға біліктілігін беріп, білім туралы құжатты табыстау;

14) оқу орны таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда білім алушыға басқа білім беру ұйымында білім алуды жалғастыру үшін білім алушыларды ауыстыру бойынша шаралар қабылдау.

1) білім алушыдан осы шарт пен білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес міндеттерді адал және тиісті орындауды, сондай-ақ оқу тәртібін қадағалауды, білім беру ұйымының оқытушыларына, қызметкерлері мен білім алушыларына дұрыс әрі құрметпен қарауды талап етуге;

2) оқу тәртібін, осы шарт талаптарын, ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін білім алушыларға ықпал ету шараларын қолдануға;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание