• Мое избранное

Отправить по почте

8

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген

4
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
Қағидалар мен шарттар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 05.07.2016 жылғы № 429 Бұйрығымен (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.08.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар мен шарттар өзгертілді  ҚР Білім және ғылым министрінің 17.10.2017 жылғы № 530 Бұйрығымен (05.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар мен шарттар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 12.04.2018 жылғы № 152 Бұйрығымен  (17.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар мен шарттар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 29.06.2018 жылғы № 316 Бұйрығымен (12.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар мен шарттар жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 19.12.2019 жылғы № 539 Бұйрығына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар мен шарттар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 жылғы № 132 Бұйрығымен (19.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар мен шарттар жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 14.05.2020 жылғы № 202 Бұйрығына сәйкес (07.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар мен шарттар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 жылғы № 561 Бұйрығымен (14.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар мен шарттар жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 30.12.2022 жылғы № 533 Бұйрығына сәйкес (12.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогтерді аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аттестаттау – педагогтердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санаттары беріледі (расталады);
2) аттестатталушы – осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санатын беруге (растауға) үміткер педагог (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының тізбесіне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып тіркелген);
3) аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін алқалы орган (бұдан әрі – Комиссия);
4) аттестаттау кезеңі – біліктілік санатын соңғы берген (растаған) күннен бастап келесі аттестаттау мерзімі басталғанға дейін немесе мерзімінен бұрын аттестаттау үшін шарттар болған жағдайдағы уақыт аралығы;
5) апелляция – осы Қағидаларға сәйкес педагогтің өтініші бойынша жүзеге асырылатын педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау рәсімі; 6) апелляциялық комиссия – білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау бойынша шешім қабылдайтын комиссия;
7) біліктілікті бағалау – білім беру ұйымының педагогтің материалдарын (портфолиосын) біліктілік сипаттамаларына сәйкес барлық құжаттарының бар болуын қарауы;
8) біліктілік санаты – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен бекітілген «Педагог» кәсіптік стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31149 болып тіркелген) (бұдан әрі – Кәсіптік стандарт) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;
9) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау – педагог қызметінің дәлелдері мен жетістіктерінің біліктілік санатының талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі;
10) педагогтің білімін бағалау (бұдан әрі - ПББ) – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым жүргізетін педагогтің білімін тестілеу рәсімі;
11) Ақпараттандыру нысаны «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы» (бұдан әрі – Платформа) – педагогтің кәсіби қызметі туралы деректерді жинауды және өңдеуді қамтамасыз ететін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымның платформасы.
3. Педагогтерді, әдіскерлерді, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының орынбасарларын аттестаттау «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес кемінде бес жылда бір рет өткізіледі.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
4. Білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) педагогтері, әдіскерлері, бірінші басшылары, басшы орынбасарлары біліктілік санатын беруге (растауға) аттестаттау кезінде өтініші негізінде біліктілік бағалауынан, ПББ-дан, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өтеді.
5. Тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты бар педагогтерді аттестаттау кәсіптік стандартқа және біліктілік сипаттамаларына сәйкес өту мерзімдері мен біліктілік санатының бірізділік принциптерін сақтай отырып жүзеге асырылады:
педагогикалық өтілі кемінде бір жыл «педагог-тағылымдамашы»; педагогикалық лауазымдағы жұмысын қайта бастаған (тиісті бейіні бойынша жалпы педагогикалық өтілі кемінде 1 жыл болған кезде педагогикалық лауазымды қайта бастау мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды) және біліктілік санаты жоқ; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мамандығы бойынша оқуда (тағылымдамада) болған; тиісті бейіні бойынша педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шет елдерден келген, сондай-ақ мынадай кәсіптік құзыреттіліктері бар тұлғалар:
оқу пәнінің мазмұнын (қызмет салалары), білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке дамуына арналған педагогика мен психологияның заманауи тәсілдерін біледі;
жоспарлауды жүзеге асырады, әртүрлі әдістерді, оқыту стратегияларын (тәрбиелеу, дамыту) және бағалау құралдарын меңгереді;
танымдық, білім беру процесінің қағидаттарын ескере отырып сабақ (сабақ, қызмет, іс-шара) өткізеді және күтілетін нәтижелерге қол жеткізеді, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) қажеттіліктерін ескере отырып, жеке тәсілді жүзеге асырады;
ата-аналарды (заңды өкілдерді) оқыту (тәрбиелеу, дамыту) нәтижелері туралы хабардар етеді, әріптестерімен (тәрбиеленуші) білім алушылардың үлгерімін (дамуын) талқылайды;
оқыту тәжірибесін жетілдірудегі өз қажеттіліктерін айқындайды, әріптестерімен өзара іс-қимыл жасайды;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасының нормаларын, этикалық нормаларды сақтайды;
кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар және мынадай кәсіби құзыреттіліктері бар педагогтер:
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сабақты (оқу, қызмет, іс-шара) жоспарлайды және өткізеді, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін бағалаудың қажетті әдістемелері мен құралдарын анықтайды;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын қолдайды, өз жұмысында этикалық нормаларды қолданады;
білім алушылармен (тәрбиеленушілермен және ата-аналармен (заңды өкілдермен) оқыту (тәрбиелеу, дамыту) нәтижелерін және жақсарту жолдарын талқылайды;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескеретін әріптестердің өзекті нәтижелері мен өз тәжірибесін талдайды;
білім беру ұйымының әдістемелік кеңесі ұсынған оқу-әдістемелік материалдарды немесе бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;
«Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес (бұдан әрі – Тізбе) немесе облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім басқармасы немесе тиісті саланың уәкілетті органының білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген жоспарына сәйкес білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар болады;
Тізбеге немесе облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім басқармасы немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы деңгейіндегі олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушы болып табылады;
«педагог-модератор» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді;
пәнаралық (пәндік) байланыстарды, бағалау технологиялары мен стратегияларын жоспарлайды және қолданады, жеке қабілеттер мен қажеттіліктерді ескереді;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын қамтамасыз етеді, өз жұмысында жоғары этикалық нормаларды басшылыққа алады;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) қабілеттерінің дамуы мен ілгерілеуін бағалайды және қадағалайды;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін дамыту бойынша өз тәжірибесінің нәтижелерін және әріптестердің өзекті зерттеулерін бағалайды;
аудан/қала (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде жұмыстың әртүрлі нысандары арқылы әріптестеріне әдістемелік қолдау көрсетеді;
аудан/қала білім бөлімінің оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқу-әдістемелік материалдарды немесе бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;
Тізбеге немесе облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім басқармасы немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес аудан/қала (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар болады;
Тізбеге немесе облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім басқармасы немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес аудан, облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы болып табылады;