• Мое избранное
Атом энергиясын пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 наурызда № 13466 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 02.10.2023 жылғы № 353 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 22.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 02.10.2023 жылғы № 353 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 81 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10518 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 cәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
_______________ Е. Досаев 
2016 жылғы 17 ақпан
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2016 жылғы 5 ақпандағы
 № 37 бұйрығымен
 бекітілген
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптары
Осы Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 жылғы № 215 Бұйрығына сәйкес (05.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (16.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптары «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 02.10.2023 жылғы № 353 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал мынадай санаттарға бөлінеді:
1) мамандар – жоғары буын басшыларын, аға басшыларды (бөлімдер мен секторлардың бастықтарын);
кіші буын басшыларын (аға операторларды, техникалық қызмет көрсету және техникалық қолдау топтарының бастықтарын және олардың орынбасарларын) қамтитын персонал;  
қызметі атом энергиясы пайдаланылатын объектіні пайдалануға байланысты инженерлік және (немесе) ғылыми персонал;
2) техниктер – бақылау-өлшеу аппаратурасының техниктерін, радиациялық бақылау техниктерін , химиялық зертхана техниктерін, техник-механиктерді, техник-электриктерді және электрондық аппаратура техниктерін қамтитын персонал, сондай-ақ ядролық қондырғыны пайдалануға байланысты жұмыстармен тікелей айналысатын өзге де мамандандырылған персонал;
3) жұмысшылар – дәнекерлеушілерді, слесарьларды, механиктерді, электриктерді, механизмдер операторларын және басқа да білікті жұмысшы персоналды қамтитын персонал.
2-тарау. Мамандарға қойылатын біліктілік талаптары
3. Радиациялық қауіптілігі 1 және 2 санатты объектілер үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін мамандарға қойылатын біліктілік талаптары:
1) ұйым жұмысының бағдарына сәйкес келетін техникалық мамандықтар бойынша дипломмен расталған жоғары білімі;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес, құжат түрінде расталған атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
3) біліктілігін және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес дайындықтан өткенін растайтын сертификаттар, куәліктер болуын қамтиды.
4. Радиациялық қауіптілігі 3 және 4 санатты объектілер үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін мамандарға қойылатын біліктілік талаптары:
1) ұйым жұмысының бағдарына сәйкес келетін мамандықтар бойынша дипломмен расталған жоғары білімі;
2) біліктілігін және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес дайындықтан өткенін растайтын сертификаттар, куәліктер болуын қамтиды.
3-тарау. Техниктерге қойылатын біліктілік талаптары
5. Радиациялық қауіптілігі 1 және 2 санатты объектілер үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін техниктерге қойылатын біліктілік талаптары:
1) ұйым жұмысының бағдарына сәйкес келетін техникалық мамандықтар бойынша дипломмен расталған жоғары, орта білімнен кейінгі білімі немесе орта білімі (техникалық және кәсіптік);
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес, құжат түрінде расталған атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
3) біліктілігін және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес дайындықтан өткенін растайтын сертификаттар, куәліктер болуын қамтиды.
6. Радиациялық қауіптілігі 3 және 4 санатты объектілер үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін техниктерге қойылатын біліктілік талаптары:
1) ұйым жұмысының бағдарына сәйкес келетін техникалық мамандықтар бойынша дипломмен расталған жоғары, орта білімнен кейінгі білімі немесе орта білімі (техникалық және кәсіптік);
2) біліктілігін және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес дайындықтан өткенін растайтын сертификаттар, куәліктер болуын қамтиды.
4-тарау. Жұмысшыларға қойылатын біліктілік талаптары
7. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін жұмысшыларға қойылатын біліктілік талаптары:
ұйым жұмысының бағдарына сәйкес келетін мамандықтар бойынша дипломмен расталған орта білімнен кейінгі білімі немесе орта білімі болуын қамтиды.
Үй-жайларды, жабдықтарды және материалдарды қатерсіздендіру (радиоактивті ластанудан тазарту) бойынша жұмыстарды жүргізу үшін, сонымен қатар радиациялық оңалту, аумақтарды және объектілерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жоғарғы, орта білімнен кейінгі білімі немесе орта (техникалық және кәсіби) білімі жоқ жұмысшыларды тартуға рұқсат етіледі.