Toggle Dropdown
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 наурызда № 13527 болып тіркелді
Редакция 08.10.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шалалардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
______________ Е. Сағадиев
2016 жылғы 25 ақпан
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 134 бұйрығымен бекітілген
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидалары
1. Осы Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген мұқтаждығын бағалау мен айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;
2) әлеуметтік депривация – адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айрылу;
3) медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілей (белгілемей) отырып, куәландырылатын адамның организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау;
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) – балаларды зерттеп-қарауды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы.
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер айқындайды.
4. Жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің қорытындысының негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдайды.
5. Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарда (бұдан әрі – МӘҰ) қызмет көрсетілетін өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері мен көлемін осы МӘҰ-ның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы айқындайды.
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1) организм функцияларының бұзылушылықтарына қарай айқындалатын тіршілік-тынысының шектелуі;
2) әлеуметтік бейімсіздену;
3) әлеуметтік депривация;
4) адамның (отбасының) өмір сүруінің, қалыптасуының және
қызметінің материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайларының жеткіліксіздігімен немесе болмауымен сипатталатын қолайсыз әлеуметтік орта – өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін айқындау критерийлері болып табылады.
8. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждығын бағалау арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындау критерийлеріне сәйкес және мыналардың:
1) организм функцияларының бұзылу кезінде өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетін айқындау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес;
2) әлеуметтік бейімсізденуі кезінде, оқуға, еңбек қызметіне, бағдарлануға, қарым-қатынасқа және өзінің мінез-құлқын бақылауға жеке қабілеттеріне қарай, дербестік қабілетін айқындау негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес;
3) әлеуметтік депривация кезінде, өзіне-өзі қызмет етудің және осы проблеманы отбасымен шешудің жеке қабілетіне қарай, дербестік қабілетін айқындау негізінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес;
4) әлеуметтік ортаны бағалау, өмір сүруі үшін материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайлардың жеткіліксіздігімен немесе болмауы негізінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес айқындалады.
9. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес белгіленеді.
10. Балалардың психикалық-дене және психикалық сөйлеу тұрғысынан даму деңгейін ПМПК психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру негізінде айқындайды.
11. Медициналық-әлеуметтік сараптама мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысын өмірлік қиын жағдайда жүрген адам не оның заңды өкілі немесе оның отбасы мүшелерінің біреуі:
1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) үйде немесе жартылай стационарлық үлгідегі МӘҰ-да қызмет көрсетілген жағдайда – жергілікті атқарушы органдарға;
2) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар МӘҰ-да тұрақты немесе уақытша тұрған жағдайда – стационарлық үлгідегі МӘҰ-ға ұсынады.
12. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, ұсынылған МӘС нәтижелерінің және ПМПК қорытындысының, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру және ішкі істер органдары ақпаратының негізінде жергілікті атқарушы органдар мен МӘҰ-ның әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандары әлеуметтік бейімсіздену және әлеуметтік депривация деңгейіне қарай тіршілік-тынысының шектелу дәрежесінің негізінде және әлеуметтік ортаның жай-күйіне байланысты әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтердің көлемін айқындайды.
Арнаулы әлеуметтік
көрсетілетін қызметтерге
мұқтаждықты бағалау
мен айқындау
қағидаларына 1-қосымша
Организм функцияларының бұзылуы кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
Туған күні _______________________________________________________
Бағалау күні _____________________________________________________
Негіздеме ________________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы _________________________________
__________________________________________________________________
№
|
Өзіне-өзі қызмет көрсету критерийлері
|
Дәрежесі
|
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді бағалау
|
Белгі (+ немесе -)
|
1
|
Өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті
|
Бірінші
|
Қажетті жағдайлар жасалған кезде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті
|
|
Екінші
|
Біреудің көмегімен өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті
|
|
Үшінші
|
Өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу
|
|
2
|
Өздігінен жүріп-тұру қабілеті
|
Бірінші
|
Көмекші құралдардың көмегімен өздігінен жүріп-тұру қабілеті
|
|
Екінші
|
Көмекші құралдардың және жеке өмекшінің көмегімен өздігінен жүріп-тұру қабілеті
|
|
Үшінші
|
Өздігінен жүріп-тұруға қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу
|
|
3
|
Оқу қабілеті
|
Бірінші
|
Көмекші құралдарды пайдалану арқылы оқу қабілеті
|
|
Екінші
|
Арнайы білім беру ұйымдарында немесе үй жағдайларында көмекші құралдарды пайдалану арқылы оқу қабілеті
|
|
Үшінші
|
Оқуға қабілетсіздігі
|
|
4
|
Еңбек қызметіне қабілеті
|
Бірінші
|
Мазмұнға қойылатын талаптарға сәйкес еңбек қызметіне қабілеті
|
|
Екінші
|
Басқа адамдардың көмегімен өздігінен еңбек қызметіне ішінара қабілеті
|
|
Үшінші
|
Еңбек қызметіне қабілетсіздігі немесе басқа адамдарға толық тәуелді болу
|
|
Арнаулы әлеуметтік
көрсетілетін қызметтерге
мұқтаждықты бағалау мен
айқындау қағидаларына
2-қосымша
Әлеуметтік бейімсіздену кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________
Туған күні _________________________________________________________
Бағалау күні _______________________________________________________
Негіздеме __________________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы ___________________________________
____________________________________________________________________
№
|
Өзіне-өзі қызмет көрсету критерийлері
|
Дәрежесі
|
Өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетінің шектелуі
|
Белгі (+ немесе -)
|
1
|
Өз бетінше оқу қабілеті
|
Бірінші
|
Оқу процесінің арнайы режимін сақтай отырып және/немесе көмекші құралдарды пайдалану арқылы және/немесе басқа адамдардың көмегімен жалпы үлгідегі білім беру ұйымдарында өз бетінше оқу қабілеті
|
|
Екінші
|
Тек арнайы білім беру ұйымдарында немесе үй жағдайларында арнайы бағдарламалар бойынша өз бетінше оқу қабілеті
|
|
Үшінші
|
Өз бетінше оқуға қабілетсіздігі
|
|
2
|
Еңбек қызметіне қабілеті
|
Бірінші
|
Біліктіліктің төмендеу немесе өндірістік қызмет көлемінің азаю жағдайларында, өз кәсібі бойынша жұмысты орындау мүмкін болмаған кезде еңбек қызметін өз бетінше орындау қабілеті
|
|
Екінші
|
Көмекші құралдарды және/немесе арнайы жабдықталған жұмыс орнын пайдалану арқылы және/немесе басқа адамдардың көмегімен еңбек қызметін өз бетінше орындау қабілеті
|
|
Үшінші
|
Еңбек қызметін өз бетінше орындауға қабілетсіздігі
|
|
3
|
Бағдарлау қабілеті
|
Бірінші
|
Көмекші құралдарды пайдалану жағдайында өзін-өзі бағдарлау қабілеті
|
|
Екінші
|
Басқа адамдардың көмегін қажет ететін өз бетінше бағдарлау қабілеті
|
|
Үшінші
|
Өз бетінше бағдарлау қабілетсіздігі
|
|
4
|
Қарым-қатынас жасау қабілеті
|
Бірінші
|
Ақпаратты түсіну, қабылдау, беру жылдамдығының төмендеуі, көлемінің азаюы арқылы сипатталатын өз бетінше қарым-қатынас жасау қабілеті
|
|
Екінші
|
Көмекші құралдарды пайдалану арқылы және/немесе басқа адамдардың көмегімен өз бетінше қарым-қатынас жасау қабілеті
|
|
Үшінші
|
Өз бетінше қарым-қатынас жасауға қабілетсіздігі
|
|
5
|
Өз мінез-құлқын бақылау қабілеті
|
Бірінші
|
Өз мінез-құлқын дербес бақылау қабілетінің ішінара төмендеуі
|
|
Екінші
|
Өз мінез-құлқын тек бөгде адамдардың көмегімен ішінара немесе толықтай дербес бақылау қабілеті
|
|
Үшінші
|
Өз мінез-құлқын дербес бақылау қабілетсіздігі
|
|
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін
қызметтерге мұқтаждықты бағалау
мен айқындау қағидаларына
3-қосымша
Әлеуметтік депривация кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
Туған күні _______________________________________________________
Бағалау күні _____________________________________________________
Негіздеме ________________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы _________________________________
__________________________________________________________________
№ |
Өзіне-өзі қызмет көрсету критерийлері |
Дәрежесі |
Қабілетінің шектелуі |
Белгі
(+ немесе -) |
1 |
Өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті |
Бірінші |
Өзіне-өзі қызмет көрсетуге ішінара қабілеті |
|
Екінші |
Басқа адамдардың көмегімен өзіне-өзі қызмет көрсетуге ішінара қабілеті |
|
Үшінші |
Өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу |
|
2 |
Дербес еңбек қызметіне қабілеті |
Бірінші |
Дербес еңбек қызметіне ішінара қабілеті |
|
Екінші |
Басқа адамдардың көмегімен дербес еңбек қызметіне ішінара қабілеті |
|
Үшінші |
Еңбек қызметіне қабілетсіздігі және басқа адамдарға толықтай тәуелді болу |
|
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін
қызметтерге мұқтаждықты бағалау
мен айқындау қағидаларына
4-қосымша
Әлеуметтік ортаны бағалау
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
Туған күні _______________________________________________________
Бағалау күні _____________________________________________________
Негіздеме ________________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы _________________________________
__________________________________________________________________
№ |
Әлеуметтік ортаны бағалау |
Белгі |
1 |
Жетімдік |
|
2 |
Ата-ана қамқорлығының болмауы |
|
3 |
Бірге тұратын отбасы мүшелерінің тіршілік-тынысының шектелуі |
|
4 |
Отбасының белгілі бір тұрғылықты жерінің болмауы |
|
5 |
Отбасының аз қамтамасыз етілуі |
|
6 |
Қатігездік |
|
7 |
Созылмалы аурулар және бірге тұратын отбасы мүшелері денсаулығының ерекшелігі |
|
8 |
Бірге тұратын отбасы мүшелерінің зиянды әдеттері: алкогольді, есірткіні және темекіні тұтынуы және т.б. |
|
9 |
Дінге көзқарасы |
|
10 |
Отбасының өзара қарым-қатынас ерекшелігі, келіспеушілік мінез-құлықтар |
|
11 |
Тәрбиелеу стилі (гипер қамқорлық, қатаңдатылған бақылау, қараусыздық, көңіл бөлмеу және т.б.) |
|
12 |
Бірге тұратын отбасы мүшелерінің тәрбиелеу, дамыту процесіне қатысуға дайындығы |
|
13 |
Әлеуметтік-еңбек ерекшеліктері (бірге тұратын отбасы мүшелерінің кәсібі, білімі) |
|
14 |
Әлеуметтік-тұрмыстық ерекшеліктері (отбасындағы тұрмыстық міндеттерді бөлу, отбасында өмірлік қиын жағдайда жүрген адам қандай көмек көрсетеді, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның үйдегі міндеттері) |
|
15 |
Отбасындағы бос уақыт (өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның бос уақытта/демалыс кезінде отбасының басқа мүшелерімен бірге қатысуы) |
|
16 |
Отбасының әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері және проблемалары (бұрынғы және қазіргі құқықтық жағдайы, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның отбасында әлеуметтік-құқықтық қорғалуы) |
|