• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптама органдарының сот-наркологиялық сараптамалар жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптама органдарының сот-наркологиялық сараптамалар жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 94 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 наурызда № 13525 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылдың 18 маусымынан бастап ҚР Әділет министрлігінің 27.04.2017 жылғы № 484 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 20) бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптама органдарының сот-наркологиялық сараптамалар жүргізу нұсқаулығы бекітілсін.
2. Бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 165 «Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өндіру Нұсқаулығын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6142 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 қарашадағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 54 «Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9189 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 шілдедегі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін, осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жолдауды:
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев 
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 24 ақпандағы
№ 94 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптама органдарының сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
1. Осы (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптама органдарының сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу нұсқаулығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық, Азаматтық процессуалдық кодексіне, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы сараптама органдарының сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу тәртібін нақтылайды.
2. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу негізі болып Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде белгіленген тәртіппен шығарылған прокурордың, нотариустың әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі бар соттың, органның (лауазымды тұлғаның) қылмыстық процесін жүргізуші органның сот сараптамасын тағайындау туралы қаулысы, ұйғарымы болып табылады.
3. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу кезінде сот-наркологиялық сарапшылар осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналын толтырады, оған сот-наркологиялық сараптамадан өткен тұлға және сараптама қорытындылары туралы деректер енгізіледі.
4. Тұтқындағы тұлғаларға қатысты сот-наркологиялық сараптама (бұдан әрі - СНС) көрсетілген тұлғалардың болған орындарында жүргізіледі (тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы), сондай-ақ қажет болған жағдайда зерттеулер жүргізу үшін сот сарапшысының кабинетінде.
5. Сот-наркологиялық сараптама амбулаторлық жағдайларда жүргізіледі. Егер сот-наркологиялық сарапшылар амбулаторлық жағдай нәтижесінде СНС ұзақ және егжей-тегжей бақылау салдарынан қойылған сұрақтарға жауап бере алмаған жағдайда, олар СНС стационарлық жағдайда өткізу туралы ұсыныс береді.
6. Қорытынды беру мүмкін еместігі туралы сот-наркологиялық сарапшылардың қорытындысы немесе хабарламасы сот сараптамасын тағайындаған органға (тұлғаға) олар жасалғаннан кейін үш күн ішінде жіберіледі (беріледі).
7. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу үдерісінде психикалық аурулардың бар болуы туралы деректер анықталған кезде, сот-наркологиялық сарапшы қойылған сұраққа жауап берумен қатар сот-психиатриялық сараптаманы өндіру қажеттігін қорытындыда көрсетеді.
2. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу мерзімдері
8. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу мерзімі сот-наркологиялық сараптаманы және оның объектілерін тағайындау туралы қаулыны, анықтаманы сот сараптама органы жүргізуге қабылдаған күннен бастап есептеледі. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу мерзімі отыз тәуліктен аспауы тиіс, тек Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі көздеген ерекше жағдайларды қоспағанда.
9. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу мерзімін тоқтата тұру туралы осы сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу барысында, оларды зерттеусіз қорытынды беру мүмкін болмағанда, қосымша материялдарды ұсыну қажеттігі туындаған жағдайда сот сараптамасы органының басшысы осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеті тәулік ішінде сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу мерзімін тоқтата тұру туралы дәлелді өтініш жібереді. СНС жүргізуді көрсетілген жағдайда тоқтата тұру үшін негіз болған жағдайлар жойылғанға дейін сот сараптама органының басшысы тоқтатады, бірақ он тәуліктен аспауы қажет.
3. Сарапшы қорытындысының құрылымы және мазмұны
10. Зерттеулердің нәтижелері бойынша сот сарапшысы (сарапшылар) өзінің атынан жазбаша қорытынды жасайды және оны өздерінің жеке қолымен және жеке мөрімен куәландырады. Сот сарапшысының (сарапшылардың) қолы сот сараптама органының мөрімен расталады. Сарапшының қорытындысы осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
11. Қорытындыда көрсетілуі тиіс: оны ресімдеу күні, сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу мерзімі және орны; сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу негізі; сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған орган (тұлға) туралы мәліметтер; сот сараптама органы және сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу тапсырылған сот-наркологиялық сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, лауазымы); көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы ескертілгені жөнінде сот сарапшысының (сарапшылардың) қолымен куәландырылған белгі; сот сарапшысының (сарапшылардың) шешуіне қойылған сұрақтар; сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу кезінде прцеске қатысушылар туралы мәліметтер және олардың берген түсініктемелері туралы деректер; зерттеу объектілері; зерттеулердің мазмұны және нәтижелері; жүргізілген зерттеулер нәтижелерін бағалау, сот-сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған сұрақтар бойынша қорытындыны негіздеу және тұжырымдау.
12. Сарапшының (сарапшылардың) қорытындысы негізделуі тиіс:
1) клиникалық зерттеу үдерісінде алынған деректерге;
2) сот-наркологиялық сараптамаға жатқызылатын тұлға туралы сипаттау мәліметтері бар іс материалдарындағы мәліметтерге (істің беті көрсетіле отырып); қажетті материалдар: бұрынғы сотталғандығы туралы талап-анықтама, учаскелік инспекторлардың, туысқандарың мінездемелері;
3) психиатриялық, наркологиялық ұйымдардан алынған медициналық құжаттамаға;
4) зерттеулердің аспаптық және зертханалық әдістерінің нәтижелеріне.
13. Анамнездік мәліметтерде қамтылуы тиіс:
1) ерте дамуы туралы мәліметтер;
2) тұқым қуалаушы психикалық, наркологиялық бұзушылықтар туралы мәліметтер;
3) алған білімі туралы мәліметер;
4) еңбек жолы, әскери қызметі туралы мәліметтер;
5) ауырғанға дейінгі тұлғалық ерекшеліктерін және ауырған кезінде пайда болған сипаттық өзгерістерді анықтау;
6) бастан кешірген соматикалық ауруларды, жарақаттарды және олардың салдарларын анықтау;
7) әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы мәліметтер;
8) отбасылық жағдайы туралы деректер;
9) өзгертілген реактивтілік (пайдалану түрінің, төзімділіктің өзгеруі, дозасы асып кеткенде қорғаныс реакциясының жоғалуы және масаю түрінің өзгеруі) синдромының, психикалық тәуелділік синдромы және тәни тәуелділік синдромының қалыптасуын көрсете отырып, үлкен наркологиялық синдромның қалыптасуы туралы деректер қамтылған ауру анамнезі. Психоактивті заттарды соңғы қабылдау ұзақтығы және болдырмау жағдайы көрсетіледі. Психотикалық бұзылыстардың, құрысу талмаларының пайда болуының жүйелілігі белгіленеді. Бұрын жүргізілген емдеу және оның нәтижелері туралы деректер көрсетіледі.
14. Жалпы қарауға кіреді:
1) әртүрлі зақымдану іздерін анықтау, оның ішінде, көктамыр, бұлшық ет инъекцияларының іздері, «соқпақтар» (орналасу орны, түсі, пайда болған уақыттың ұзындығы), өздік тіліктер (олардың пайда болған уақытын ескерумен), татуировкалардың ерекшеліктері, егер олар бар болса;
2) бастан кешірген жарақаттардан кейінгі тыртықтарды анықтау үшін бастың шашты бөлігін қарау;
3) сілекейлі ауыз қуысын қарау (тыртықтар, эпилептикалық салдарынан тістүйі іздерінің болуы).
15. Анамнезде қойылатын шағымдар және соматикалық аурулардың болуын ескере отырып, органдар және жүйелер бойынша соматикалық жағдайын зерттеуге кіреді:
1) тыныс алу органдарының перкуссиясы және оларды аускультациялық зерттеу;
2) жүрек-тамыр жүйесін зерттеу (аускультация, артериялық қысымды, тамырдың соғу жиілігін өлшеу);
3) ас қорыту органдарын зерттеу (ішті пальпациялау, егер ол бар болса бауырдың ұлғаюын анықтау).
16. Неврологиялық жағдайын зерттеу кезінде анықталады:
1) бас сүйек-ми нервілері функцияларының бұзылуы.
2) сіңір және периосттық рефлекстер, олардың өзгерулері, патологиялық рефлекстердің болуы, еркін қозғалыстардың көлемі, параличтердің, қол-аяқ парездерінің болуы;
3) экстрапирамидтік бұзылыстар (гипокинез, гиперкинез көрінісі, бұлшықеттер тонусының бұзылуы, әртүрлі гиперкинездердің болуы, діріл, миоклониялар);
4) мишық патологиясы және қозғалыс жұмысын басқарудың бұзылуы, сөйлеу әрекетінің бұзылуы, жазудың, нистагмның өзгеруі;
5) сезімталдық және оның бұзылуы;
6) вегетативтік нерв жүйесі функциясының бұзылуы.
17. Сот-наркологиялық сараптама жүргізетін тұлғаның психикалық жағдайын айтқан кезде сипаттамалық әдіс қолданылады. Онда жалпылама анықтамалар және стандартты тұжырымдамалар болмауы тиіс. Белгілі бір симптомды немесе синдромды сипаттай отырып, сот-наркологиялық сараптамаға жіберілген тұлғаның сыртқы келбетін және мінез-құлқын сипаттаудан бастау керек. Сипаттауға санасының жағдайы, аффекттік, еріктік, психомоторлық бұзылыстар, түйсік, ойлау, зерде, зейін, жады бұзылыстары жатады. Сауал қою белсенді, жоспарлы және мақсатты түрде жүргізілуі тиіс. Психопатологиялық симптомдарды сипаттау бытыраңқы және кездейсоқ түрде емес, бір-бірімен өзара байланыста жүргізілуі тиіс.
Түйсік және сандырақ күйзелістерінің бұзылуын қысқаша түрде ауру күйзелістерінің нақтылығын тұлғаның қалай дәлелдейтінін көрсете отырып баяндау қажет. Пароксизмалы бұзылыстарды сипаттауды (құрысу, құрысусыз талмалар) еске алу және куәлардың мәліметтері бойынша, олардың пайда болуы және психоактивті заттарды қабылдауды тоқтату арасындағы уақыттағы байланысты қадағалай отырып жүргізу керек. Психикалық статусты зерттеу зерттелетін тұлғаның сот-наркологиялық сараптамаға қатынасын және өзінің жағдайын бағалауын анықтаумен аяқталуы қажет.
18. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу барысында зертханалық (организмнің биологиялық ортасын (зәр, қан) психоактивті заттардың болуына, сондай-ақ қатаң түрде медициналық көрсеткіштер бойынша (жазасын одан әрі өтеу орны бойынша мәжбүрлеп емдеу туралы шешім қолданылуы мүмкін болатын тұлғаларға қатысты) зерттеу, жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, қан микрореакциясы және басқалар) және аспаптық (ішперде қуысы ағзаларын ультрадыбыстық зерттеу, бас миының компьютерлік томографиясы, кеуде клеткасы органдарын рентгендік зерттеу және басқалар) әдістер қолданылады.
19. Жүргізілген сот-наркологиялық сараптама нәтижелері бойынша сот сарапшысы (сарапшылар) қорытындыларын негіздеумен жүргізілген зерттеулер нәтижелерін бағалау жүргізіледі.
4. Қорытындыны беру мүмкін еместігі туралы хабарламаның құрылымы мен мазмұны
20. Егер сот сарапшысы (сарапшылар) зерттеуді жүргізгенге дейін алдына қойылған сұрақтар оның арнаулы ғылыми білім шегінен шығатын болса немесе оған ұсынылған материалдар жарамсыз немесе қорытынды беруге жеткіліксіз болса және толықтырылмайтын немесе ғылым мен сараптама тәжірибесі қойылған сұрақтарға жауап бермейтін болса, ал қорытынды беру мүмкін емес туралы хабарлама жасайды және оны өзінің қолымен және жеке мөрімен куәландырады. Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама осы Ңұсқаулықтың 4-қосымшсына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
21. Қорытынды берудің мүмкін болмауы туралы хабарламада көрсетіледі: оны ресімдеу күні, сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу орны мен мерзімдері; сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу негізі; сот сараптамасын тағайындаған орган (тұлға) туралы мәліметтер; сот сараптама органы туралы және (немесе) сот сараптамасын жүргізу тапсырылған сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, лауазымы); көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілік ескертілгені туралы сот сарапшысының (сарапшылардың) қолымен куәландырылған белгі; сот сарапшысының (сарапшылардың) шешуіне қойылған сұрақтар; зерттеу объектілері, сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған сұрақтарға жауап берудің мүмкін болмауын негіздеу.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
сот сараптама органдарының
Сот-наркологиялық
сараптаманы жүргізу
нұсқаулығына
1-қосымша
Нысан
_______________________________________________________________
Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізуді тіркеу журналы

Т.А.Ә.

Жынысы

Туған жылы

СНС жүргізу туралы қаулыны кім берді және қашан берілді

СНС жүргізілген уақыты

1

2

3

4

5

6










 










 










 










 










 










 

Журналдың жалғасы

Диагноз

Қорытынды

Медициналық сипаттағы ұсынылатын шаралар

Қорытынды берілген күн

Қорытынды кімге берілді

Ескертпе

7

8

9

10

11

12

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
сот сараптамаоргандарының
Сот-наркологиялық
сараптаманы жүргізу
нұсқаулығына
2-қосымша
Нысан
 _______________________________________________________________
(сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу орны)
Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу мерзімін тоқтата тұру туралы өтініш
  __________________________________________________________________
(сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған өтініш, жіберілетін орган (тұлға)
  20 ___ж. «___» ____________
Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу мерзімі:
20 ___ж. «____» _______ бастап 20 ___ж. «____» ______ дейін
Сот-наркологиялық сараптама тағайындалаған тұлға
_____________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы)
        Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша
сезікті, айыпталушы немесе куәгер, жауапкер; 20 __ ж. «____»
__________ (сот-наркологиялық сараптаманы тағайындалған тұлға немесе
органның қаулысы, анықтамасы)
Осы сұрау салудың қысқаша негіздемесі бар қажетті қосымша
материалдардың тізбесі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сот-наркологиялық сараптама органның басшысы
  __________________
қолы
Мөр орны (болған кезде)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
сот сараптамаоргандарының
Сот-наркологиялық
сараптаманы жүргізу
нұсқаулығына
3-қосымша
Нысан
  ОКУД бойынша нысанның коды _______
_______________________________________________________________
(сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу орны)
_____ сарапшының қорытындысы
  1. Ресімдеу күні ____________________________________________________
2. Сот сараптамалық сараптаманы жүргізу мерзімі және орны
_____________________________
3. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________
4. Жасы _____________________________________________________________
5. Мекенжайы ________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша сезікті, айыпталушы немесе куәгер, жауапкер; арнайы медициналық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін адамға қатысты шешілетін мәселе; медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану; әрекетке қабілеттілігі; кәмелет жасқа толмаған адамды наркологиялық ұйымға тиісті ем қабылдауға жіберу (астын сызу)
_____________________________________________________________________
(сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған тұлға немесе органның қаулысы, анықтамасы)
6. Бастапқы, қайталанған, қосымша сот-наркологиялық сараптама (астын сызу); соңғы екі жағдайда сот-наркологиялық сараптаманы қашан және кім өткізгені туралы, сарапшылардың қорытындылары көрсетіледі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған орган және сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу негізі туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
8. Сот-наркологиялық сараптаманы шешуге қойылатын сұрақтар:
1) __________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
4) __________________________________________________________________
9. Сот-наркологиялық сараптама туралы мәліметтер
________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Сараптама (сарапшылар)туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, сарапшылық
мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі мен атағы,
атқарған лауазымы)
11. Қорытынды беруден бас тарту немесе көрінеу жалған қорытынды бергені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 420-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілігі туралы сарапшылар ескертілді
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                       (сарапшылардың қолы)
12. Сот-наркологиялық сараптама кезінде шешуге жататын сұрақтар және «Қорытынды» басқа бөлімдері мынадай ______ парақта жазылады.
13. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру кезінде қатысқандар, процеске қатысушылар туралы мәлімет _________________________________
_____________________________________________________________________
14. Процеске қатысушылардың түсініктеме деректері ___________________
_____________________________________________________________________
15. Іс материалдарын зерттеу ________________________________________
_____________________________________________________________________
16. Медициналық құжаттамаларды зерттеу (наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан мәліметтер) ________________________________
_____________________________________________________________________
17. Анамнездік мәліметтер (соның ішінде медициналық құжаттамалардан) ____________________________________________________
18. Осы зерттеу кезінде мыналар анықталды:
1) Жалпы тексеріп-қарау: __________________________________________
2) Соматикалық жай-күйі _____________________________________________
3) Неврологиялық жай-күйі __________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4) Психикалық жай-күйі ______________________________________________
5) Зертханалық және аспаптық зерттеулердің деректері ________________
6) Рентгенологиялық зерттеулердің деректері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
19. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
20. Қойылған сұрақтар бойынша қорытындылардың негіздемесі және тұжырымдасы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сот-наркологиялық сарапшының (лардың) қол(дар)ы
_____________________________________________
Мөр орны (болғанда)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
сот сараптамаоргандарының
Сот-наркологиялық
сараптаманы жүргізу
нұсқаулығына
4-қосымша
Нысан
Қорытынды берудің мүмкін болмауы туралы хабарлама
  1. Ресімдеу күні ____________________________________________________
2. Сот-наркологиялық сараптама жүргізу мерзімі және орны
_________________________________________
3. Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)____________________________
_____________________________________________________________
4. Жасы _____________________________________________________________
5. Мекенжайы ________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша сезікті, айыпталушы немесе куәгер, жауапкер; арнайы медициналық ұйымға мәжбүрлеп емдеу туралы жіберілетін адамға қатысты шешілетін мәселе; медициналық сипаттағы мәжбүрлеп шаралар қолдану; әрекетке қабілеттілігі; кәмелетке толмаған адамды наркологиялық ұйымға тиісті ем қабылдауға жіберу (астын сызу)
_____________________________________________________________________
(сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған тұлға немесе органның қаулысы, анықтамасы)
6. Сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған орган (тұлға) туралы мәліметтер және сот-нарклогиялық сараптама жүргізуге негіздеме
__________________________________________________________
7. Сараптаманы шешуге қойылған сұрақтар:
1) __________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
4) __________________________________________________________________
8. Сот-наркологиялық сараптама органы туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
9. Сараптама (сарапшылар) туралы мәліметтер:_________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі мен атағы, лауазымы)
10. Қорытынды беруден бас тартқаны немесе көрінеу жалған қорытынды бергені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 420-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілігі туралы сарапшылар ескертілді
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
сарапшының (сарапшылардың қолы)
11. Сараптама кезінде шешуге жататын және «Қорытынды» басқа бөлімдері мынадай ______ парақта жазылады.
12. Сот-наркологиялық сарапшының (лар)дың алдына қойылған сұрақтарға жауап берудің мүмкін болмауы туралы негіздеме
_____________________________________________________________________
____________________________________________________
Сот-наркологиялық сарапшының (лардың) қол(дар)ы
___________________________________________________
Мөр орны (болған кезде)