• Мое избранное
Қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептiлiкті ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 5

Қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептiлiкті ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 наурызда № 13504 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 184 Қаулысына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 220 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (18.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 104 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 47) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 279 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 184 Қаулысына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 220 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (18.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 104 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептiлiкті ұсыну қағидалары бекітілсін
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 184 Қаулысына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 220 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (18.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 104 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрлігі 
Статистика комитеті 
Төраға м.а. Иманәлиев Б.З. 
2016 жылғы 16 ақпан 
  • 3
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 41 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының күші жойылады деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. «Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 130 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8571 тіркелген, 2013 жылғы 12 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 137 (2338) жарияланған).
2. «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8883 тіркелген, 2013 жылғы 26 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 192 (2393) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы.
3. «Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 7 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9410 тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 2-қосымша түрінде бекітілген Қазақcтан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 41 қаулысымен
бекітілді
  • 1
Қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептiлiкті ұсыну қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 279 Қаулысынмен (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді  ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 жылғы № 251 Қаулысымен(28.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 жылғы № 132 Қаулысымен (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі"
Қағидалар өзгертілді  ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 184 Қаулысымен(29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 220 Қаулысымен(27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.05.2020 жылғы № 68 Қаулысына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2021 жылғы № 34 Қаулысымен (18.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 104 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептiлiкті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 47) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда мыналар:
1) қаржы ұйымдарының қаржылық есептіліктің нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және ұсыну мерзімін қоса алғанда, оны ұсыну тәртібі;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі – бейрезидент-ұйымдардың филиалдары) бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептіліктің нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және ұсыну мерзімін қоса алғанда, оны ұсыну тәртібі айқындалады.
2. Қаржылық есептілік және бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілік электрондық форматта ұсынылады.
3. Қағаз тасымалдағыштағы қаржы ұйымдарының (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда) қаржылық есептілігі мен бейрезидент-ұйымдар филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілігіне қаржы ұйымының және (немесе) бейрезидент-ұйымдар филиалдарының бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын адам, бас бухгалтер, орындаушы қол қояды және ол қаржы ұйымында және (немесе) бейрезидент-ұйымның филиалында сақталады.
Қаржы ұйымы (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда) және (немесе) бейрезидент-ұйымның филиалы Ұлттық Банктің және (немесе) Ұлттық Банктің аумақтық филиалының және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей түзетулері және өшірілген жерлері болмауға тиіс қағаз тасымалдағыштағы есептілікті ұсынады.
Электрондық форматта ұсынылған қаржы ұйымдарының (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда) қаржылық есептілігі және (немесе) бейрезидент-ұйымдар филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілігі қағаз тасымалдағышта ұсынылған қаржылық есептілігіне сәйкес келеді. Электрондық форматта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін қаржы ұйымының және (немесе) бейрезидент-ұйым филиалының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам қамтамасыз етеді.
Қағаз тасымалдағыштағы жылдық қаржылық есептілікте және (немесе) бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікте 2 (екі) немесе одан көп салыстырмалы кезеңдердің болуына рұқсат етіледі.
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысының немесе оның міндетін атқаратын адамның және бас бухгалтердің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық форматтағы қаржылық есептілігі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде сақталады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ұлттық Банктің және (немесе) уәкілетті органның талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынған электрондық форматтағы қаржылық есептілікті ұсынады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде сақталатын қаржылық есептілік деректерінің толықтығы мен дәйектілігін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам қамтамасыз етеді.
5. Ұлттық Банкке және (немесе) Ұлттық Банктің аумақтық филиалына бұрын ұсынылған қаржылық есептілікте және (немесе) бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікте қателер анықталған жағдайда, қаржы ұйымы және (немесе) бейрезидент-ұйымның филиалы мынадай іс-шараларды көрсетілген ретпен жүзеге асыру арқылы қателерді түзетуді қамтамасыз етеді:
1) қатені анықтаған сәтте бухгалтерлік есепте бухгалтерлік жазбаны жүзеге асыру арқылы анықталған қатені түзетеді. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес қаржылық есептілікте ретроспективті түзетуді жүзеге асырады;
2) қаржы ұйымы және (немесе) бейрезидент-ұйымның филиалы уәкілетті органға және (немесе) уәкілетті органның Өңірлік өкілдер басқармасына, Ұлттық Банкке және (немесе) Ұлттық Банктің аумақтық филиалына бұрын ұсынылған қаржылық есептіліктен анықталған қатенің сипаттамасын көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.
6. Қаржы ұйымдары Ұлттық Банкке, өзінің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалына ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жыл сайынғы қаржылық есептілікпен бірге электрондық форматта түсіндірме жазбаны ұсынады, онда қаржы ұйымдары бухгалтерлік баланстың «басқа да активтер» және «басқа да міндеттемелер» баптары бойынша, сондай-ақ пайда мен зиян туралы есептің/жиынтық кіріс туралы есептің «басқа да кіріс» және «басқа да шығыс» баптары бойынша нақтылауды жүзеге асырады.
Екінші деңгейдегі банктер пайда мен зиян туралы есептің/жиынтық кіріс туралы есептің және ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есептің «операциялық қызметтен операциялық активтер мен міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі ақша ағындары», «төленген корпоративтік табыс салығы», «пайыздық кірістер», оның ішінде «клиенттердің қарыздары бойынша есептелген пайыздық кірістер», «клиенттердің қарыздарынан алынған пайыздық кірістер» және «пайыздық шығыс» баптары бойынша сомаларды түсіндірме жазбада қосымша нақтылауды немесе қаржылық есептілікте ашып көрсетуді жүзеге асырады. Екінші деңгейдегі банктердің ақшалай қаражатының қозғалысы туралы есебі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес тікелей әдіс бойынша жасалады.
Бейрезидент-ұйымдардың филиалдары Ұлттық Банкке бухгалтерлік есептің деректері бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жыл сайынғы есептілікпен бірге электрондық форматта түсіндірме жазбаны ұсынады, онда активтер мен міндеттемелер туралы есептің «басқа да активтер» және «басқа да міндеттемелер» баптары бойынша, сондай-ақ кіріс пен шығыс туралы есептің «басқа да кіріс» және «басқа да шығыс» баптары бойынша нақтылау мен талдамасы ашылып жазылады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары кіріс пен шығыс туралы есептің және ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есептің «операциялық қызметтен операциялық активтер мен міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі ақша ағындары», «төленген корпоративтік табыс салығы», «пайыздық кірістер», оның ішінде «клиенттердің қарыздары бойынша есептелген пайыздық кірістер», «клиенттердің қарыздарынан алынған пайыздық кірістер» және «пайыздық шығыс» баптарының нақтылауын түсіндірме жазбада қосымша ұсынады немесе қаржылық есептілікте ашып көрсетеді. Филиалдардың ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есебі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес тікелей әдіс бойынша жасалады.
2-тарау. Жылдық қаржылық есептілікті және бухгалтерлік есептің деректері бойынша жылдық есептілікті ұсыну тәртібі
7. Ұлттық Банкке есепті жылдан кейінгі жылғы 31 (отыз бірінші) мамырға (қоса алғанда) дейінгі мерзімде жыл сайын жылдық қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда аудиторлық ұйым растаған, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бухгалтерлік балансты, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайда мен зиян туралы есепті/жиынтық кіріс туралы есепті, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есепті және Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша капиталдағы өзгерістер туралы есепті қамтитын жекелеген және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті электрондық форматта мынадай ұйымдар:
1) екінші деңгейдегі банктер;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері;
3) меншікті активтері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;
4) меншікті активтері бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары;
5) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
6) инвестициялық портфельді басқарушылар;
7) бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;