• Мое избранное
Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 24 ақпандағы № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 наурызда № 13543 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 жылғы № 263 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 08.10.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 08.02.2022 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (24.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бекітілсін.
2. Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы Б. Нұрымбетов
КЕЛІСІЛДІ                         
Қазақстан Республикасының         
Білім және ғылым министрі        
____________ Е. Сағадиев         
2016 жылғы 26 ақпан
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
____________ Қ. Қасымов
2016 жылғы 25 ақпан 
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және әлеуметтік
 даму министрінің міндетін атқарушының
 2016 жылғы 24 ақпандағы
 № 138 бұйрығымен бекітілген
Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 08.02.2022 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (24.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 08.02.2022 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (24.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы стандарт адам саудасының құрбандарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді алушылар) күндіз болуға (күніне бір сағаттан төрт сағатқа дейін), уақытша тәулік бойы (6 ай мерзімге дейін) немесе ұзақ тұруға (шарт ұзартылған жағдайда) арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда (бұдан әрі – ұйым) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну көлемін және оның шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, ұйымның қызмет тәртібін, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, көрсетуді тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды.
3. Осы стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) адам саудасының құрбаны – жасалған әрекеттерге катысты қылмыстық іс жүргізуді қозғау фактісінің бар-жоғына қарамастан, адам саудасымен байланысты құқық бұзушылықтан тікелей зардап шеккені жөнінде пайымдауға негіз бар жеке тұлға;
2) адам саудасының құрбанын сәйкестендіру – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 630, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 399 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 240 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10013 болып тіркелген) Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлеріне (бұдан әрі – Критерийлер) сәйкес адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен, оларды пайдаланудың өзге де түрлерімен байланысты іс-қимылдар, сондай-ақ адамдарды ұрлау салдарынан әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудан зардап шеккендерге жатқызу;
3) қайта әлеуметтендіру – индивидтің үзілген әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіруге немесе жағдаяттармен нашарлаған әлеуметтік байланыстарын нығайтуға бағытталған психологиялық, педагогикалық, кәсіби және заңды шаралар кешені, сондай-ақ адам саудасының құрбандарын отбасы мен қоғамға қайта интеграциялауға бағытталған өзге де іс-шаралар.
4. Ұйымдар:
1) адам саудасының құрбандарын оңалту орталығы;
2) адам саудасының құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы;
3) адам саудасының құрбандарына арналған баспана;
4) адам саудасының құрбандарына қызметтер көрсететін өзге де ұйымдар түрінде құрылады.
5. Ұйымдар Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан жеке тұлғаларды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, адам саудасының құрбандары ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, түрлі себептерге байланысты жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 жылғы № 383 Бұйрығына сәйкес (23.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Мынадай:
1) науқастың өзі үшін және айналасындағылар үшін қауіпті мінез-құлықтың ауытқуларымен сүйемелденетін психикалық аурулардың;
2) белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, инфекциялық аурулардың, карантиндік инфекциялардың, шаш және тері жұқпалы ауруларының;
3) алкогольдік, есірткілік масаю жағдайының;
4) паллиативтік көмек көрсету және мейіргерлік күтім қызметтерін қажет ететін аурудың терминалдық (түпкілікті) сатысының;
5) мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық ем алуды қажет ететін басқа да аурулардың және (немесе) жарақаттанулардың болуы көрсетілетін қызметтерді алушылардың ұйымдарда болуына медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.
Жоғарыда аталған медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар тиісті денсаулық сақтау ұйымдарына жіберілуге тиіс.
2-тарау. Ұйымның міндеттері мен функциялары
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 08.02.2022 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (24.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Мыналар:
1) адам саудасының құрбандарын сәйкестендіру;
2) жеке жоспарға сәйкес қызметтер көрсету арқылы қорғауды және көмекті қамтамасыз ету;
3) көрсетілетін қызметтерді алушыны социумға қайта әлеуметтендіру процесіне жәрдемдесу;
4) көрсетілетін қызметтерді алушының ұйымда болу және тұру кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету;
5) көрсетілетін қызметтерді алушының жеке басының және оның жеке өмірінің құпиялылығын сақтау ұйымның негізгі міндеттері болып табылады.
8. Мыналар:
1) көрсетілетін қызметтерді алушыларды қабылдау және (немесе) орналастыру, қайта әлеуметтендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу;
2) көрсетілетін қызметтерді алушыны орналастырған кезде койка-орын беру, төсек керек-жарақтарымен, жеке гигиена заттарымен, қажет болған жағдайда ішкиіммен, киіммен және аяқкиіммен қамтамасыз ету;
3) ұйымда қолайлы моральдық-психологиялық климат қалыптастыру;
4) осы стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;