Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 138 бұйрығына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 25.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Осы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) әзірленді.
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет Министрлікпен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік корпорация бөлімшелері үшін – 3 (үш) жұмыс күні;
2) басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорация бөлімшелері үшін – пошталық жөнелтілімдерді ескере отырып 10 (он) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
3) порталда – 3 (үш) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді;
4) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;
5) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамалардағы, архивтік құжаттардың көшірмелеріндегі немесе архивтік үзінділердегі апостиль мөртаңбасы, не стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен орны көрсетілген хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.
7. Мемлекеттiк қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 609-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 (елу) пайызын құрайтын мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік баж банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленеді, олармен мемлекеттік бюджетке мемлекеттік баж төленгені туралы құжат (төлем кұны мен күнін растайтын түбіртек немесе төлем тапсырмасы) беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу портал арқылы берілген жағдайда, төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Құжаттарға апостиль қою үшін төлем жасау реквизиттері: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша салық комитетінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық комитеті, БСН 081240013779, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, БСК kkmfkz2a, ЖСК kz24070105 ksn0000000, КНП 979, КБК 108125.
8. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорация – жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Құжаттарды қабылдау электрондық кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкiлi: өкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша – жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
жеке тұлға үшін – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), заңды тұлға үшін – құрылтай құжаттың көшірмесі;
стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш;
апостиль мөртаңбасын қоюды қажет ететін мемлекеттік архивпен берілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 62 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18392 болып тіркелген, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану кезінде ресімделетін (жасалатын) құжаттар нысандарына (бұдан әрі – Нысандар) 50-қосымшаға сәйкес нысандағы архивтік анықтама немесе архивтік құжаттың көшірмесі немесе Нысандарға 51-қосымшаға сәйкес нысандағы архивтік үзінді;
бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкерi «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкерi көрсетілетін қызметті алушыға осы тармақшада көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Егер, көрсетілетін қызметті алушы қолхатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларына сәйкес Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін қолхатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін сол күні береді.
Егер, көрсетілетін қызметті алушы қолхатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде Мемлекеттік корпорацияға жүгінбеген жағдайда, талап етілмеген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші талап етілмеген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 1 (бір) жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушіде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін сақтау мерзімі ішінде жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру туралы сұраныс жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорациядан сұраныс келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды;
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе бір реттік паролін енгізу көмегімен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
мемлекеттік архивпен берілген Нысандарға 50-қосымшаға сәйкес нысандағы электрондық архивтік анықтама немесе архивтік анықтаманың электрондық көшірмесі, архивтік құжаттың электрондық көшірмесі не Нысандарға 51-қосымшаға сәйкес нысандағы электрондық архивтік үзінді немесе архивтік үзіндінің электрондық көшірмесі;
бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайдан басқа).
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін алатын күні, уақыты мен орны көрсетілген хабарлама жолданады.