• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 08.05.2020 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығына 2-қосымша

«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 жылғы № 370Бұйрығына сәйкес   
Редакция 10.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. «Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 21.01.2016 жылғы № 23 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 жылғы № 364 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
4-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 21.01.2016 жылғы № 23 Бұйрығымен (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
4-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 жылғы № 364 Бұйрығымен (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 жылғы № 970 Бұйрығына сәйкес (02.06.2017 ж. реадкцияны қараңыз) (өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
лицензия беру – 4 (төрт) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні;
заңды тұлға-лицензиат бөліну, жеке шығу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны қайта ресімдеу – 4 (төрт) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар алынған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар болуы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны - электрондық.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз тасығышта алуға өтініш білдірген жағдайда, лицензия электрондық пішінде ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және басшысының қолымен куәландырылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету заңды тұлғаларға ақылы негізде жүзеге асырылады.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 жылғы № 970 Бұйрығына сәйкес (02.06.2017 ж. реадкцияны қараңыз) (өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюджетке «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексi) сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төленеді:
1) аудиторлық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензиялық алым лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын бергенi үшiн лицензиялық алым лицензия беру кезiндегi мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ веб-портал арқылы төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, үзіліссіз сағат 9-дан бастап 20.00-ға дейін жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 21.01.2016 жылғы № 23 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады, кезекті портал арқылы брондауға болады;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшiн қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 21.01.2016 жылғы № 23 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Мемлекеттік корпорацияға:
1) лицензия алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкін болмаған жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк куәліктерін беру туралы басшының және аудиторлардың мәліметтерінің нысаны;
Шетелдік ұйым (шетелдік ұйымдар) Қазақстан Республикасының резиденті-аудиторлық ұйым құрылған кезде жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, шетелдік аудиторлық ұйым өзiнiң мәртебесiн растау үшiн мыналарды:
елдiң кәсiби аудиторлық ұйымы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы аудармасымен нотариалдық куәландырылған хат және шетелдiк аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын Халықаралық бухгалтерлер федерациясындағы кәсiби аудиторлық ұйымның мүшелiгі туралы құжат немесе өзi резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы аудармасымен нотариалдық куәландырылған хат не нотариалдық куәландырылған лицензияның көшiрмесi; 
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкін болмаған жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді.;
қайта ресімдеу үшін негіздемені растайтын құжат (құрылтайшылар шешімі).
Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алатын кезде бұрын берілген лицензияны көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады;
3) заңды тұлға-лицензиат бөліну, жеке шығу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны қайта ресімдеу үшін осы мемлекеттік осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген мәліметтердің нысандары және құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
4) лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда);
мерзімді баспа басылымдарында жариялау туралы себептері мен мәліметтерін көрсете отырып, ерікті нысандағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкін болмаған жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді;