1. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
-
Продукты:
Судебная практика
Отправить по почте
«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 жылғы № 370 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 жылғы № 364 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
4-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 жылғы № 364 Бұйрығымен (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 жылғы № 970 Бұйрығына сәйкес (02.06.2017 ж. реадкцияны қараңыз) (өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
куәлікті беру – 5 (бес) жұмыс күні;
куәлікті қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні;
куәліктің телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуінің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кәсіби бухгалтерлік ұйымды аккредиттеу туралы куәлік, қайта рәсімдеу, телнұсқа беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 жылғы № 364 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электрондық қолтаңбасымен (бұдан - әрі ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлікті алуға қағаз тасығышта өтініш білдірген жағдайда электрондық нысанда рәсімделген бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылды).
9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) оқыту іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуын растайтын құжаттың (бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау туралы келісім) электрондық (сканерленген) көшірмесі.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 жылғы № 970 Бұйрығына сәйкес (02.06.2017 ж. реадкцияны қараңыз) (өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу үшін, сондай-ақ бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген кезде, егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделсе, телнұсқаны беру үшін көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес сұрау салуды порталда толтыру қажет.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |