1. «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).










Отправить по почте
«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 жылғы № 370 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 жылғы № 364 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
4-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 жылғы № 364 Бұйрығымен (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 жылғы № 970 Бұйрығына сәйкес (02.06.2017 ж. реадкцияны қараңыз) (өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
куәлікті беру – 5 (бес) жұмыс күні;
куәлікті қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні;
куәліктің телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуінің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік, қайта рәсімдеу, телнұсқа беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 жылғы № 364 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан - әрі ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымын аккредиттеу туралы куәлік алуға қағаз тасығышта өтініш берген жағдайда электрондық нысанда ресімделген бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымын аккредиттеу туралы куәлік басып шығарылады және мөрмен көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының және қолымен куәландырылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда,тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылды).
9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша емтихан модульдерін және емтихандар нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелері;
4) мыналар:
тест сұрақтарын және ахуалдық есептерді қамтитын емтихан модульдерінің құрылымдарын;
сертификаттау пәндері бойынша емтихандардың кемінде үш сағат ұзақтығын;
кәсіби бухгалтерлерге кандидаттардың жұмыстарына тексеру жүргізудің күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімін;
соңғы сертификаттау пәні бойынша оң нәтиже алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен аспайтын сертификаттарды беру мерзімін;
нәтиже бекітілген күннен бастап кейінгі үш жыл ішінде, «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша - нәтиже бекітілген күннен бастап кейінгі бес жыл ішінде ғана жарамды деп танылатын «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша кандидаттың оң нәтиже алғанын;
кандидаттардың құқықтары, міндеттері және жауаптылықтары көрсетілген кәсіби бухгалтерді сертификаттау жөніндегі емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы бекітілген ереженің электрондық көшірмесі;
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес емтихан комиссиясы төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз бақылаушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауаптылықтарын және оның құрамын көрсете отырып, емтихан комиссиясы туралы бекітілген ереженің электрондық көшірмесі;
6) апелляция комиссиясының (кеңес) құрамын, шағымдарды беру мерзімін және қарау мерзімдері, шағым мен комиссия (кеңес) шешімінің нысандары белгілене отырып, емтихан нәтижелері бойынша шағымдарды сотқа дейін қарауды жүргізу тәртібін көрсете отырып, аппеляциялық комиссия (кеңес) туралы бекітілген ереженің электрондық көшірмесі.
Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу үшін, сондай-ақ бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген кезде, егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделсе, телнұсқаны беру үшін көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес сұрау салуды порталда толтыру қажет.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және дәйексіздігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілген қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
9-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
Осы Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 жылғы № 364 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйекті еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10703 болып тіркелген) Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіз болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым жазбаша түрде Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдап алған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орнын көрсете отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |