Toggle Dropdown
2
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 наурызда № 13487 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 14.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
Toggle Dropdown
1
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшыларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, кәсәптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының назарына жеткізілсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
_____________________ А. Мамытбеков
15 ақпан 2016 ж.
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі
_____________________ Т. Дүйсенова
17 ақпан 2016 ж.
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
_____________________ А. Мұхамедиұлы
19 ақпан 2016 ж.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 66 бұйрығымен бекітілді
Toggle Dropdown
1
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасынаа сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы (бұдан әрі – ТКОБКБ ұйымдары) меншік құқығына тиесілі немесе өзге заңдық негізде ұйымдардың иелігінде тұрған жатақханалардағы орындарды бөлу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. ТКОБКБ ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беруді ТКОБКБ ұйымдары конкурстық негізде орындарды бөлу қорытындылары бойынша арнайы құрылған комиссия жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Жатақханаларда бос орындардың болуы туралы мәліметтер ТКОБКБ ұйымдарының ресми сайттарында орналастырылады.
Toggle Dropdown
2-1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш негізінде тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
Toggle Dropdown
1) ТКОБКБ ұйымдары;
Toggle Dropdown
2) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
3) «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету әдістерін, мерзімін, нысанын және оны көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы бұйрыққа 2-қосымшада жазылған.
Toggle Dropdown
2-2. Мемлекеттік қызметті проактивті тәсілмен көрсету «электрондық үкімет» веб-порталында көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін тіркеу және дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинауға және өңдеуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі болған кезде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушыға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраным жасалған автоматты хабарлама жіберу;
Toggle Dropdown
2) проактивті қызметті көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімін алу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының көмегімен шектеулі қолжетімді мәліметтерді алу енеді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағатты құрайды. Күту мерзімі өткеннен кейін сұрау салу жойылады және көрсетілетін қызметті алушыға қысқа мәтіндік хабарлама арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге сәйкес хабарлама жіберіледі.
Toggle Dropdown
2-3. Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «бір өтініш қағидаты бойынша» «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға құжаттарды беру кезінде өтініш бере алады, ол Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындысы бойынша көрсетілетін болады.
Toggle Dropdown
2-2 Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. Комиссияны қалыптастыру тәртібі
Toggle Dropdown
3. Жатақханалардағы орындарды конкурстық негізде, арнайы құрылған комиссия бөледі.
Toggle Dropdown
4. Жатақханалардағы орындарды бөлу жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – конкурстық комиссия) сандық және жеке құрамын, сондай-ақ оның өкілеттік мерзімдерін ұйымның бірінші басшысы айқындайды.
Toggle Dropdown
5. Конкурстық комиссия мынадай құрамда құрылады:
Toggle Dropdown
1) ұйымның басшылық құрамының өкілі – білім алушылардың жатақханаларда тұру мәселесіне жетекшілік ететін ТКОБКБ ұйымы басшысының орынбасары;
Toggle Dropdown
2) қоғамдық ұйымдардың өкілдері - ерiктi негiзде құрылған кәсiподақтар және басқа да бiрлестiктердің өкілдері;
Toggle Dropdown
3) студенттік өзін-өзі басқару органдарының өкілдері;
Toggle Dropdown
4) күндізгі бөлімше меңгерушілері;
Toggle Dropdown
5) жастар саясатының мәселелеріне жетекшілік ететін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері.
Toggle Dropdown
6. Ұйым басшысының білім алушылардың жатақханаларда тұру мәселесіне жетекшілік ететін орынбасары конкурстық комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
Toggle Dropdown
7. Конкурстық комиссия жұмысының негізгі міндеттері:
Toggle Dropdown
1) конкурстық комиссия отырысының кестесін анықтау;
Toggle Dropdown
2) өтініштерді жан-жақты және жария түрде қарау, сондай-ақ олардың қорытындылары бойынша білім алушылардың құқықтары мен мүдделеріне қысым жасамайтын шешімдер қабылдау;
Toggle Dropdown
3) конкурстық комиссия отырысының қорытындылары бойынша шешімдер шығару болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу тәртібі
Toggle Dropdown
1
8. Конкурстық комиссия ТКОБКБ ұйымдары жатақханаларынан орын бөлуді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш негізінде немесе порталға электрондық түрде берілген өтініш негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Тізбенің 8-тармағында көрсетілген қызметті алушының мәртебесін растайтын құжаттарды қоса бере отырып жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
Toggle Dropdown
ТКОБКБ ұйымдары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес құжаттар топтамасын қабылдау күнін көрсете отырып, құжаттарды алғаны туралы қолхаты қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
Портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» құжаттар топтамасын қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда ТКОБКБ ұйымдары өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Toggle Dropdown
ТКОБКБ ұйымдары кеңсесі өтініш берген күні құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті комиссияның қарауына береді.
Toggle Dropdown
8-1. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәлікті (жетім балалар үшін), жылжымайтын мүлкінің бар (жоқ) екендігі туралы ақпаратты, жасына байланысты зейнетақы/жәрдемақы алушының куәлігі (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына сәйкес өтініш берушінің (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Toggle Dropdown
9. Жатақханалардағы орындар Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген) Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес жылжымайтын мүлкінің бар (жоқ) екендігі туралы (ұйым орналасқан қалада (елді мекенде) жеке меншігінде тұрғын үй бірлігі (пәтер, үй) жоқ) ақпарат ұсынған жағдайда тұрғын жайға мұқтаж білім алушылар арасында бөлінеді.
Toggle Dropdown
10. Конкурстық комиссия жатақханалардағы орындарды бөлуді негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып, мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
1) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;
Toggle Dropdown
2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, біреу немесе екі ата-анасының мүгедектігі бар адамдар, көп балалы отбасылардың балалары, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамдар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан адамдар, сондай-ақ қандастар;
Toggle Dropdown
3) «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін – 2050») жобасы шеңберіндегі білім алушылар;
Toggle Dropdown
4) бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және/немесе конкурс жеңімпазының немесе жүлдегерінің сертификатын иеленген білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, білім туралы растайтын құжаты бар (куәліктер, аттестат) талапкерлер;
Toggle Dropdown
5) білім беру ұйымы өткізген конкурстың немесе әңгімелесудің қорытындысы бойынша жоғары балл алған бірінші курсқа оқуға қабылданған білім алушылар.
Toggle Dropdown
Білім беру ұйымы өткізген қабылдау қорытындылары бойынша тең балл жинаған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидаларын бекіту туралы қағидаларына сәйкес өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама ұсынған жағдайда, білім алушының материалдық жағдайы ескеріледі.
Toggle Dropdown
6) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғарғы курс студенттері қатарындағы білім алушылар;
Toggle Dropdown
7) ұйымның өзге де білім алушылары.
Toggle Dropdown
Мемлекет осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттағы азаматтарға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде жатақханаларда тұрғаны үшін жылына 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгіленген жиырма тоғыз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шығыстарын «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес өтейді.
Toggle Dropdown
11. Білім алушылар қатарындағы шетелдік азаматтар халықаралық және үкіметаралық шарттарға сәйкес жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
12. Конкурстық комиссия өтініштерді қарау қорытындылары бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде жатақханадан орын беру туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
13. Конкурстық комиссия білім алушының күтпеген отбасылық, материалдық және басқа жағдаяттар себептерінен тұрғын жайға мұқтаждығы туындағанда жатақханадан орын беру туралы, сондай-ақ жатақханада тұру ережелерін немесе ұйымның жарғысын сақтамағаны үшін негізделген ұсыныс бойынша жатақханадан шығару туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
14. Конкурстық комиссия жатақханаларда орын бөлуді кезең-кезеңмен:
Toggle Dropdown
1) бірінші курстан басқа, барлық курстарда келесі оқу жылында білім алушыларға оқу жылының соңында (шілде);
Toggle Dropdown
2) бірінші курсқа оқуға қабылданған немесе басқа оқу орындарынан ауысып келген білім алушыларға оқу жылының басында (тамыз);
Toggle Dropdown
3) жатақханаларда тұратын білім алушылар контингентінің өзгеруіне сәйкес, сондай-ақ ауысып келген немесе қайта қабылданған білім алушыларды негізді орналастыру үшін оқу жылының ішінде, қажеттілігіне қарай жүргізеді.
Toggle Dropdown
15. Жатақханада тұру үшін қалыптастырылған тізім негізінде білім алушыға Комиссия төрағасының қолы қойылған ТжКБ немесе ЖЖОКБҰ жатақханаларынан орын беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту беріледі.
Toggle Dropdown
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ТжКБ-ның немесе ЖЖОКБҰ -ның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Toggle Dropdown
16. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Заңның 10-бабының 5-тармағына, 14-бабының 3-тармағына, 23-бабына сәйкес орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартып және көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс-орталығына.
Toggle Dropdown
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен оған шағым жасауға құқылы.
Toggle Dropdown
1
Білім беру ұйымдарының
жатақханаларындағы орындарды
бөлу қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
____________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________
Toggle Dropdown
білім беру ұйымының атауы,
Toggle Dropdown
оның басшысының тегі, аты, әкесінің аты
Toggle Dropdown
(болған кезде)
Toggle Dropdown
___________________________________
Toggle Dropdown
___________________________________
Toggle Dropdown
___________________________________
Toggle Dropdown
білім алушының тегі, аты, әкесінің аты
Toggle Dropdown
(болған кезде) толығымен
Toggle Dropdown
__________________________________
Toggle Dropdown
__________________________________
Toggle Dropdown
білім алушының курсы, тобы, мамандығы, факультеті
Toggle Dropdown
Сізден ___________________________________________________________________________ білім беру ұйымының атауы жатақханасынан бір орын бөлуіңізді сұраймын.
Toggle Dropdown
Келген жерім _____________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________.
Toggle Dropdown
Қоса берілетін құжаттар тізбесі ________________________________________.
Toggle Dropdown
20___ ж. «___» ________________ ________________________ білім алушының қолы
Toggle Dropdown
1
Білім беру ұйымдарының
жатақханаларындағы
орындарды бөлу қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
|
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
|
|
1
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
|
|
2
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері
|
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;
3) «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жүзеге асырылады.
|
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері
|
Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні.
|
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электронды (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде/проактивті/«бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін.
|
|
5
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз/проактивті.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне жүгінбеген кезде көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі проактивті нысанда көрсетілетін қызметті алушының мобильді азаматтар базасында тіркелген мобильді нөміріне sms-хабарлама арқылы жіберіледі.
|
|
6
|
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Тегін
|
|
7
|
Жұмыс істеу кестесі
|
1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған
|
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйым басшысының атына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) қандас мәртебесі туралы құжат;
3) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
Порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) қандас мәртебесі туралы құжаттың электрондық көшірмесі; жеке басын куәландыратын құжаттар, ата-анасының (ата-анасының) қайтыс болуы, жылжымайтын мүлкінің бар (жоқ) екендігі туралы мәліметтер, (жетім балалар үшін), жасына байланысты зейнетақы/жәрдемақы алушының куәлігі (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген), «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелген) өтініш берушінің (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
|
|
9
|
Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
|
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинет», көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызмет алу шарттары:
Порталдағы «жеке кабинеттен», сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы проактивті нысанда ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған адамның келісімі болған жағдайда үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
Қызметті проактивті форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушының мобильді нөмірін мобильді азаматтар базасында тіркеу қажет.
|
Toggle Dropdown
1
Білім беру ұйымдарының
жатақханаларындағы орындарды
бөлу қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
|
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
|
1
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
|
|
2
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері
|
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
|
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері
|
Қызмет көрсету мерзімі-3 жұмыс күні.
|
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде
|
|
5
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама, немесе дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды/қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.
|
|
6
|
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Тегін
|
|
7
|
Жұмыс істеу кестесі
|
1) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті берушінің/ Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсету шарты:
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезек броньдалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) порталда www.egov.kz орналастырылған
|
|
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйым басшысының атына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) қандас мәртебесі туралы құжат;
3) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат арқылы (сәйкестендіру үшін).
Порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) қандас мәртебесі туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, отбасы болған жағдайда отбасы құрамы туралы анықтама, ата-анасының (ата-анасының) қайтыс болуы туралы куәлік (балалар үшін – туралы анықтама (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10589 тіркелген) нысан бойынша мүгедектікті растау туралы анықтама, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқығын растау туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады».
|
|
9
|
Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 тіркелген) білім беру ұйымдарының жатақханаларында орын бөлу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.
|
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
Порталдағы «жеке кабинеттен» ұсынылған мәліметтер сұралатын тұлғаның келісімі жағдайында үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
|
Toggle Dropdown
1
Білім беру ұйымдарының
Жатақханаларындағы орындарды
бөлу қағидаларына
4-қосымша
Toggle Dropdown
Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат № ___________
Toggle Dropdown
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________ мынадай құжаттар алынды:
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
1. Өтініш____________________________________________________________
2. Басқа _____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру ұйымыұйымы қызметкерінің
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ____________________________________________ (қолы)
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының (қолы)
___________ 20 ___ ж. «___» ______________
Toggle Dropdown
1
Білім беру ұйымдарының
жатақханаларындағы
орындарды бөлу қағидаларына
5-қосымша
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің негізгі талаптарының тізбесіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету), Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет Негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарға байланысты, атап айтқанда:
Toggle Dropdown
Жоқ құжаттардың атауы:
Toggle Dropdown
1) ____________________________________________________________
Toggle Dropdown
2) ____________________________________________________________
Toggle Dropdown
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Toggle Dropdown
Орындаушының Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________ Қолы __________
Toggle Dropdown
Телефон______
Toggle Dropdown
Қабылдады: _______________________ «___» ___________ 20 ___ жыл
Toggle Dropdown
(Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда ), қолы)
Toggle Dropdown
Білім беру ұйымдарының
Жатақханаларындағы орындарды
бөлу қағидаларына
6-қосымша
Toggle Dropdown
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларына жатақханалар беру туралы жолдама
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
(білім беру ұйымының мекенжайы және атауы) азамат (-ша)
____________________________________________________________________
/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
№ ___жатақханаға орналасуға жолдама беріледі.
Жатақхананың мекенжайы
____________________________________________________________________
20___ жылғы «____» _________ cағат ______ келуді ұсынамын.
Білім беру ұйымының басшысы _____________
(қолы)
20___ ж. «____»___________
М.О.