Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысы
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардар бастап ҚР Үкіметінің 31.12.2019 ж. № 1060 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысымен (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
1) «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;
2) «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары;
3) «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидалары;
4) «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары;
5) «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;
6) «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары;
7) «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 522 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 522 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 556 қаулысы.
2. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысының 2-тармағы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 368 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
4. «Облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған негізгі шарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 848 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 1001 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары
Осы Қаулы Қағидалармен толықтырылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Ішінара кепілдік беру қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және банктердің кредиттері бойынша микроқаржы ұйымдарының міндеттемелерін орындауын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдік беру тетігі мен шарттарын айқындайды.
2. Микроқаржы ұйымдарының кредиттері бойынша кепілдік беру «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган мен қаржы агенттігі арасында жасалған «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде микрокредит беру бойынша кепілдік беру туралы шарттың негізінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган аударады. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде микрокредит беру бойынша кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
2-тарау. Терминдер мен анықтамалар
4. Осы Ішінара кепілдік беру қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында микроқаржы ұйымының банктік қарыз шартының негізінде банк беретін ақша сомасы. Банктік кредитке кредиттік желі де жатады;
2) кепілдік беру – Бағдарламада, осы Ішінара кепілдік беру қағидаларында және кепілдік шартында айқындалған шарттарда микроқаржы ұйымының кредиті бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде кепілдік беру түрінде пайдаланылатын микроқаржы ұйымын мемлекеттік қолдау нысаны;
3) мемлекеттік даму институттары – ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;
4) кепілдік шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк және микроқаржы ұйымының арасында жасалған кепілдік беру туралы жазбаша келісім;
5) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – кәсіпкерлерді Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлік консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;
6) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
7) микрокредит – микроқаржы ұйымы кәсіпкерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында беретін кредит;
8) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;
9) қаржы агенттігі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
10) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган.
3-тарау. Кепілдік беру шарттары
5. Ішінара кепілдік беру кейін моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне микрокредит беру мақсатында банктерден айналым қаражатын толықтыруға алынған МҚҰ-ның жаңа кредиттері бойынша ғана беріледі.
6. Кепілдік беру бағдарламасына қатысатын МҚҰ-ға қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өту, өтінімді қарау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтерді орындауы;
2) банкке өтінім берген күнге ағымдағы кредиттері, лизинг шарттары бойынша өтеу мерзімі өткен борыштарының болмауы;
3) кепілдік алуға өтініш білдірген күннің алдындағы соңғы есептік күнге салық төлеу бойынша берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;
4) МҚҰ проблемалы кредиттерінің жиынтық көлемі (өтеу мерзімін 30 күннен асыруға жол берген) банкке өтінім берген күнге МҚҰ кредиттік қоржынының көлемінен (берешектің қалдығынан) 10 %-дан аспауға тиіс;
5) МҚҰ-ның Бағдарлама шеңберінде кредит беретін банкпен үлестестігінің болмауы.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |