• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 176 бұйрығы

БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департамент:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
  • 1
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 176
 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 348-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5094 болып тіркелген, 2008 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының № 5 актілер жинағында жарияланған).
2. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу кезінде субъектілердің мониторинг жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 143-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7710 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 495-500 (27573) жарияланған).
3. «Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп дайындау жөніндегі өлшемдер мен әдістемелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 149-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7712 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 534-539 (27612) жарияланған).
4. «Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 348-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 170-Ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7762 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 551-556 (27629) жарияланған).
5.«Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 77 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10446 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» газетінде № 71 (28549) жарияланған).
6. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 692 бұйрығына қосымшаның 1, 2 және 3-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12850 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).