Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 307 бұйрығына
1-қосымша
«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық
заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 28.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тіркеу үшін құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы, қайта тіркеу үшін - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге берілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қатаң есептілік бланкісі болып табылатын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген себептер мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште рәсімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін:
өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарт (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), технологиялық нұсқаулық, рецептура көшірмелері;
дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;
өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;
өтініш беруші куәландырған биологиялық белсенді қоспалардың ерекше белсенділігі туралы құжаттардың көшірмелері (белгісіз құрамдауыштары, ресми емес жазбалары бар препараттар үшін);
ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және Кеден одағының Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісі;
парфюмерлік-косметикалық өнімде техникалық регламентте регламенттелген наноматериалдардың болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациялары;
өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және Кеден одағының Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім (тауар) үшін:
өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған (халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты, технологиялық нұсқаулық, рецептура) көшірмелері;
парфюмерлік-косметикалық өнімде техникалық регламентте регламенттелген наноматериалдардың болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациялары;
өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;
дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, талдау сертификаты, сапа туралы куәлік, еркін сату сертификаты көшірмелері немесе өнім дайындаушысының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;
косметикалық өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдардың) осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында оның еркін айналысына рұқсат ететін құжатының дайындаушы (өндіруші) куәландырған көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің болмауы туралы дайындаушының (өндірушінің) мәліметтері;
өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және Кеден одағының Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;
бақылаудағы өнім (тауар) үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттың көшірмесі.
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында дайындалатын өнім (тауар) үшін:
өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарт), (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), технологиялық нұсқаулық, рецептураның электрондық көшірмелері;