1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығына 7-қосымша
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (03.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) Стандарт күшін жойды 2017 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 28.04.2017 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Жалпы ережелер
1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):
Комитет – санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімі бар мамандарға жоғары санатты беру үшін;
Комитеттің аумақтық департаменттері – санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі орта білімі бар мамандарға жоғары санатты, жоғары және орта білімі бар мамандар үшін екінші және бірінші санатты беру үшін көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) «электрондық үкімет»: www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 жылғы № 291 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезінде - 22 (жиырма екі) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге берілген ең ұзақ уақыт - 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетуге берілген ең ұзақ уақыт - 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті беруші бекітетін, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған әңгімелесуді өткізу кестесіне сәйкес алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес біліктілік санатын беру туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Куәлік кәсіптік даярлықты бағалаудың және әңгімелесудің оң нәтижесі болғанда беріледі.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 жылғы № 291 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады;
2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 жылғы № 291 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
тиісті біліктілік санатын бере отырып, 5 (бес) жыл мерзімі бар куәлікті алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;
кәсіби даярлықты бағалаудың және растаудың оң нәтижесінің көшірмесі;
білімі туралы құжаттың көшірмесі;
соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың көшірмесі;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
соңғы 2 жыл ішіндегі үміткердің есебі;
бірінші немесе жоғары біліктілік санатын бере отырып, мерзімсіз сертификатты алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;
кәсіби даярлықты бағалаудың және растаудың оң нәтижесінің көшірмесі;
соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың көшірмесі;
біліктілік санатын бере отырып бұрын алынған үш сертификаттың немесе куәліктің көшірмелері;
2) порталға:
тиісті біліктілік санатын бере отырып, 5 (бес) жыл мерзімі бар куәлікті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;
кәсіби даярлықты бағалаудың және оны растаудың оң нәтижесінің электрондық көшірмесі;
білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |