Toggle Dropdown
Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 30.10.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Мақта талшығына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К.МӘСІМОВ
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулысымен бекітілген
Toggle Dropdown
Мақта талшығына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі)
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Мақта талшығына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі – Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мақта талшығына арналған мәмілелердің (өткізудің) бағасын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидалар оның 7-9-тармақтарында көрсетілген елдерге мақта талшығын жеткізуге қолданылады. Басқа жағдайларда салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді түзету «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер және анықтамалар:
Toggle Dropdown
1) агент – мақта талшығын сатып алушыны іздеу жөніндегі делдалдық қызметтерді жүзеге асыратын трейдер агенті;
Toggle Dropdown
2) ақпарат көзінен алынған баға – Қағидаларда айқындалған ақпарат көзінен алынған мақта талшығының бағасы;
Toggle Dropdown
3) ақпарат көзінің қолданылу өңірі (бұдан әрі – АКҚӨ) – осы ақпарат көзінен алынған деректерге қарай мақта талшығына нарықтық баға белгіленетін географиялық аумақ;
Toggle Dropdown
4) алдын ала төлем – жеткізілетін тауардың төлемі оны жеткізу сәтіне дейін жүргізілетін форвардтық келісімшарт талаптары;
Toggle Dropdown
5) базалық порт – тиісті АКҚӨ үшін жүкті ауыстырып тиеудің немесе межелі базалық порт;
Toggle Dropdown
6) базалық станция – тиісті АКҚӨ үшін жүкті ауыстырып тиеу, өткізу немесе межелі базалық теміржол станциясы;
Toggle Dropdown
7) жол берілетін ауытқу – мәміле бағасының нарықтық бағадан жол берілетін ауытқуы;
Toggle Dropdown
8) қысқа мерзімді келісімшарт – 50 пайыздан кем алдын ала төлемді алу шартымен мақта талшығын экспорттаушымен жасалған және (немесе) қолданылу мерзімі 3 айдан кем болатын келісімшарт;
Toggle Dropdown
9) мәміле бағасы – келісімшартта және тауарға ілеспе құжаттарда айқындалған, ол бойынша мақта талшығын нақты өткізу жүргізілген мақта талшығының бағасы;
Toggle Dropdown
10) нарықтық баға – дифференциалды ескере отырып түзетілген ақпарат көзінен алынған баға;
Toggle Dropdown
11) сатып алушы – экспорттаушыдан мақта талшығын сатып алатын жеке немесе заңды тұлға (Қазақстан Республикасының бейрезиденті);
Toggle Dropdown
12) трейдер – тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде өз бетінше және (немесе) мәмілеге қатысушының тапсырмасы бойынша делдалдық функцияларды жүзеге асыратын тұлға;
Toggle Dropdown
13) форвардтық келісімшарт – 50 пайыз және одан көп алдын ала төлемді алу шартымен мақта талшығын экспорттаушымен жасалған және қолданылу мерзімі кемінде 3 ай болатын келісімшарт;
Toggle Dropdown
14) экспорттаушы – Қазақстаннан мақта талшығын экспорттайтын жеке немесе заңды тұлға (Қазақстан Республикасының резиденті);
Toggle Dropdown
15) экспедитор – дифференциалдың көлiктік құрамдас бөлігіне кіретін, қандай да бір жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер түрінің құны туралы деректерді ұсынатын экспедиторлық компания.
Toggle Dropdown
4. Осы Қағидаларда мақта талшығының нарықтық бағасын айқындау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) «Цена Дайджест» журналы және «Ценовая информация» бюллетені («Цена Дайджест» журналына қосымша), («Цена-Информ» ЖШҚ, Ресей Федерациясы);
Toggle Dropdown
2) «Cotlook Cotton Quotes» баға ақпараты («Cotlook Limited» ақпараттық агенттігі, Ұлыбритания);
Toggle Dropdown
3) EIKON, («Refinitiv» компаниясы, Ұлыбритания).
Toggle Dropdown
2. Ақпарат көздерінің қолданылу өңірлері
Toggle Dropdown
5. АКҚӨ-ні айқындау экспорттаушының жүк кеден декларациясында және тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген жүк алушының деректері негізінде мақта талшығының әрбір жеткізілімі бойынша жеке жүргізіледі.
Toggle Dropdown
6. Әрбір АКҚӨ-де мақта талшығының нарықтық бағасы аталған ақпарат көзінде жарияланатын бағаға қарай айқындалады.
Toggle Dropdown
7. «Цена Дайджест» журналы мен «Ценовая информация» бюллетені көздері үшін ақпарат көзінің қолданылу өңірі мына елдер болып табылады: Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Украина және Латвия Республикасы.
Toggle Dropdown
8. «Cotlook Cotton Quotes» баға ақпараты көзі үшін ақпарат көзінің қолданылу өңірі Оңтүстік Шығыс Азия елдері болып табылады.
Toggle Dropdown
9. EIKON ақпарат көзі үшін ақпарат көзінің қолданылу өңірі Еуропа елдері (басқа АКҚӨ-де көрсетілгендерді қоспағанда) болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Ақпарат көздерінен алынған бағаларды қолдану
Toggle Dropdown
10. Қазақстандық мақта талшығының нарықтық бағасын айқындау үшін осы Қағидаларда айқындалған бағалар пайдаланылады.
Toggle Dropdown
11. Мақта талшығының құны ақпарат көзінде 1 тонна таза салмағы үшін Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) долларымен емес, басқа шамалармен көрсетілген жағдайларда, ақпарат көзінен алынған баға 1 тонна үшін мақта талшығының құны АҚШ долларымен көрсетілетіндей етіп, қайта есептеледі.
Toggle Dropdown
12. Ақпарат көзінен алынған бағаны мәміле бағасына сәйкестендіру үшін ақпарат көзінен алынған баға дифференциал арқылы түзетіледі. Әрбір ақпарат көзінің өз дифференциал құраушылары бар.
Toggle Dropdown
13. Мәміле бағасы әрбір жеткізілім бойынша жеке айқындалады және тиісті АКҚӨ-де және жеткізу кезеңінде қолданылатын тиісті көзден алынған бағамен салыстырылады.
Toggle Dropdown
4. Мақта талшығының бағасын айқындау тәртібі «Цена Дайджест» журналы мен «Ценовая информация» бюллетені ақпарат көзінен мақта талшығының бағаларын айқындау тәртібі
Toggle Dropdown
14. Қазақстандық мақта талшығының нарықтық бағаларын айқындау үшін Ресей Федерациясына импортталатын мақта талшығына «Цена Дайджест» журналында және «Ценовая информация» бюллетенінде көрсетілген «Сыртқы сауда бағалары» пайдаланылады.
Toggle Dropdown
15. «Цена Дайджест» журналында және «Ценовая информация» бюллетенінде жарияланған баға аталған басылымда көрсетілген кезеңге қолданылады.
Toggle Dropdown
16. Қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша мақта талшығының нарықтық бағасы мақта талшығын тиеп-жөнелту кезеңінде қолданыста болған ақпарат көзінен алынған бағаға байланысты айқындалады.
Toggle Dropdown
17. Форвардтық келісімшарттар бойынша мақта талшығының нарықтық бағасы келісімшартты жасау сәтінде қолданыста болған ақпарат көзінен алынған бағаларға байланысты айқындалады. Көрсетілген баға аталған форвардтық келісімшарт бойынша бүкіл жеткізу мерзімі ішінде, бірақ келісімшарт бойынша бірінші жеткізу күнінен бастап алты айдан артық емес қолданыста болады. Форфардтық келісімшарт бойынша жеткізу мерзімі алты айдан асып кеткен жағдайда, келісілген уақыт шегінен асып кеткен жеткізулер бойынша бағалар мақта талшығына меншік құқығы өткен кезеңде қолданыста болған ақпарат көзінен алынған бағалар бойынша анықталады.
Toggle Dropdown
18. Қазақстандық мақта талшығының нарықтық бағасын анықтау мақсатында «Таралмаған мақта талшығы» тақырыбында көрсетілген, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан (бұдан әрі – ТМД) Ресей Федерациясына әкелінетін мақта талшығының орташа өлшемді бағасы есептеледі.
Toggle Dropdown
19. ТМД-дан әкелінетін мақта талшығының орташа өлшемді бағасы мына формула бойынша есептеледі: АКБ = (Қ1 + Қ2 +…) / (К1 + К2 +…), мұнда:
Toggle Dropdown
АКБ – ақпарат көзінен алынған баға;
Toggle Dropdown
Қ1, Қ2… – «Құны, АҚШ доллары» бағанында көрсетілген бағыттар бойынша ТМД елдерінен әкелінген мақта талшығының жиынтық құны;
Toggle Dropdown
К1, К2… – «Көлемі» бағанында көрсетілген бағыттар бойынша ТМД елдерінен әкелінген мақта талшығының жиынтық көлемі.
Toggle Dropdown
«Cotlook Cotton Quotes» баға ақпараты ақпарат көзінен мақта талшығының бағаларын айқындау тәртібі
Toggle Dropdown
мақта талшығының бағасын айқындау тәртібі
Toggle Dropdown
20. Қазақстандық мақта талшығының нарықтық бағаларын айқындау үшін www.cotlook.com (АҚШ) сайтындағы бағалар пайдаланылады.
Toggle Dropdown
21. «Cotlook Cotton Quotes» баға ақпараты ақпарат көзінде жарияланған мақта талшығының бағасы жарияланған күнінен басталатын және келесі жариялау алдындағы күні аяқталатын уақыт кезеңінде қолданылады.
Toggle Dropdown
22. Мақта талшығының нарықтық бағасын анықтау үшін ағымдағы жылдың егін шығымы үшін көрсетілген бағалар пайдаланылады.
Toggle Dropdown
23. Ақпарат көзінен алынған баға 0,987 коэффициентіне көбейтілген «А» индексі ретінде айқындалады.
Toggle Dropdown
24. Ақпарат көзінен алынған баға 22,0463-ке тең «фунт үшін центтен» «тонна үшін долларға» аудару коэффициентіне көбейтіледі.
Toggle Dropdown
25. Баға мақта талшығына меншік құқығының ауысу күніне айқындалады.
Toggle Dropdown
EIKON ақпарат көзінен мақта талшығының бағаларын айқындау тәртібі
Toggle Dropdown
26. Қазақстандық мақта талшығының нарықтық бағасын айқындау үшін http://baumwollboerse.de/en (Германия Федеративтік Республикасы) сайтындағы бағалар пайдаланылады.
Toggle Dropdown
27. EIKON ақпарат көзінде жарияланған мақта талшығының бағасы осы жарияланған күнінен басталатын және келесі жариялау алдындағы күні аяқталатын уақыт кезеңінде қолданылады.
Toggle Dropdown
28. EIKON бағалары бойынша қазақстандық мақта талшығының нарықтық бағасын есептеу үшін CIF-Бременнің (Германия Федеративтік Республикасы) жеткізуі шарттарымен жарияланатын COT BRE CIS SM (Mid Price Close)-ден және COT BRE CIS M (Mid Price Close)-ден алынған орташа баға пайдаланылады. Көрсетілген бағалар болмаған жағдайда, COT BRE SP SM (Mid Price Close) орташа бағасы пайдаланылады.
Toggle Dropdown
29. Егер, қандай да бір уақыт кезеңінде EIKON жарияланымдарында ТМД елдерінен алынған мақтаның бағалары болмаса, онда нарықтық бағаны есептеу үшін соңғы баға пайдаланылатын болады.
Toggle Dropdown
30. Ақпарат көзінен алынған баға 22,0463-ке тең «фунт үшін центтен» «тонна үшін долларға» аудару коэффициентіне көбейтіледі.
Toggle Dropdown
31. Баға мақта талшығына меншік құқығының ауысу күніне айқындалады.
Toggle Dropdown
5. Дифференциалды ақпарат көздері бойынша айқындау тәртібі
Toggle Dropdown
Дифференциалды есептеудің жалпы шарттары
Toggle Dropdown
32. Дифференциалдың құрамдас бөліктері құжат түрінде, оның ішінде тауарды жеткізумен және оны өткізумен байланысты шығыстарды баптар бойынша нақтылай отырып, келісімшарттармен, төлем құжаттарымен және (немесе) экспедитордың деректерін қоса алғанда ақпарат көздерімен расталады.
Toggle Dropdown
33. Келісімшарт бойынша сатып алушы жеңілдетілген салық жүйесі бар мемлекетте тіркелген заңды тұлға болып табылатын мәмілелер бойынша дифференциал қолданылмайды.
Toggle Dropdown
Дифференциалды есептеу тәртібі
Toggle Dropdown
34. Дифференциал барлық құрамдас бөліктерді қосу арқылы келесі формула бойынша есептеледі:
Toggle Dropdown
Д = КШ + Ж + ТК + АК, мұнда:
Toggle Dropdown
Д – дифференциал,
Toggle Dropdown
КШ – көлік шығыстары,
Toggle Dropdown
Ж – сапасы базалықтан ерекшеленетін мақта талшығына қолданылатын сапа жөніндегі жеңілдіктер,
Toggle Dropdown
ТК – трейдердің комиссиясы,
Toggle Dropdown
АК– агенттің комиссиясы.
Toggle Dropdown
Ескертпе: егер қандай да бір ақпарат көзіне қатысты осы Қағидаларда дифференциалдың қандай да бір құрамдас бөлігін қолдану көзделмесе, онда «Д» есептеу кезінде мұндай құрамдас бөлік ескерілмейді.
Toggle Dropdown
35. КШ шамасы (көліктік шығыстар) мақта талшығын оны жиып-қою орнынан ақпарат көзінде белгіленген жеткізу базисіне дейін тасымалдаумен байланысты шығыстарды қосу арқылы есептеледі.
Toggle Dropdown
36. Мақта талшығын жеткізу шарттарына қарай КШ-ға мәміле шартымен және тиісті АКҚӨ үшін көрсетілген базалық станцияға немесе базалық портқа мақта талшығын жеткізу шарттарымен байланысты, құжат түрінде және/немесе ақпарат көздерімен негізделген және расталған сатып алушының шығыстары кіреді, оған:
Toggle Dropdown
1) Кеден одағының шегінен тыс өткізілетін мақта талшығына кедендік баждарды, төлемдерді және алымдарды төлеу бойынша шығыстар;
Toggle Dropdown
2) мақта талшығын фитосанитариялық ресімдеу бойынша шығыстар;
Toggle Dropdown
3) тауарды базалық станцияға немесе базалық портқа дейін тасымалдау шығыстары (жүкті экспедициялау, бос вагондарды қайтару, тауарды ауыстырып тиеу, вагондарды басқа мекенжайға жіберу, станциялық алымдар бойынша шығыстарды қоса алғанда);
Toggle Dropdown
4) сақтандыру жүзеге асырылған болса, тауарды сақтандыру бойынша шығыстар қосылады.
Toggle Dropdown
37. Келісімшарт бойынша жеткізу базисіне қарай сатушының кейбір шығыстары дифференциалдың құрамдас бөлігі болып табылмауы мүмкін.
Toggle Dropdown
38. Ж мәні (мақта талшығының сапасы бойынша жеңілдіктер) ақпарат көзі бағасынан мынадай формула бойынша есептеледі:
Toggle Dropdown
Ж = АКБ * СЖ, мұнда:
Toggle Dropdown
Ж – мақта талшығының сапасы бойынша жеңілдік,
Toggle Dropdown
АКБ – ақпарат көзінен алынған баға,
Toggle Dropdown
СЖ – сұрыптық жеңілдік, ол мынадай мәндерге ие: 1-сұрып үшін – жеңілдік жоқ, 2-сұрып үшін – 4 %; 3-сұрып үшін – 7 %; 4-сұрып үшін – 15 %; 5-сұрып үшін – 40 %.
Toggle Dropdown
39. ТК мәні (трейдердің комиссиясы) ақпарат көзі бағасынан 2 % көлемінде қабылданады.
Toggle Dropdown
40. АК мәні (агенттің комиссиясы) ақпарат көзі бағасынан 1 % мөлшерінде қабылданады.
Toggle Dropdown
«Цена Дайджест» журналы және «Ценовая информация»
Toggle Dropdown
бюллетені АКҚӨ бойынша дифференциалды айқындау тәртібі
Toggle Dropdown
41. Аталған ақпарат көзі бойынша дифференциал Қазақстан Республикасындағы тиеу станциясынан Озинки (Ресей Федерациясы) теміржол станциясына дейін есептелген көлік шығыстарынан тұрады.
Toggle Dropdown
«Cotlook Cotton Quotes» баға ақпараты АКҚӨ бойынша дифференциалды айқындау тәртібі
Toggle Dropdown
42. Аталған ақпарат көзі бойынша дифференциал:
Toggle Dropdown
1) CFR-межелі порттың жеткізу шарттарында тиеу станциясынан Читагонг (Бангладеш Халық Республикасы) базалық межелі портына дейін есептелген көліктік шығыстардан тұрады. Жеткізіп беру Владивосток (Ресей Федерациясы) ауыстырып тиеу базалық портына дейін жабық теміржол вагондарымен және әрі қарай Читагонг (Бангладеш Халық Республикасы) портына дейін теңіз көлігімен жүргізіледі;
Toggle Dropdown
2) мақта талшығының сапасы бойынша жеңілдіктерден;
Toggle Dropdown
3) трейдердің комиссиясынан;
Toggle Dropdown
4) агенттің комиссиясынан тұрады.
Toggle Dropdown
EIKON АКҚӨ бойынша дифференциалды айқындау тәртібі
Toggle Dropdown
43. Аталған ақпарат көзі бойынша дифференциал:
Toggle Dropdown
1) CIF-Бремен (Германия Федеративтік Республикасы) жеткізу шарттарымен тиеу станциясынан Бремен (Германия Федеративтік Республикасы) қаласы станцияларының біріне дейін есептелген көлік шығыстарынан тұрады. Тасымалдау маршруты: жабық теміржол вагондарымен (немесе басқа көлік түрлерімен) тиеу станциясынан Бремен қаласы станцияларының біріне дейін;
Toggle Dropdown
2) мақта талшығының сапасы бойынша жеңілдіктерден;
Toggle Dropdown
3) трейдердің комиссиясынан;
Toggle Dropdown
4) агенттің комиссиясынан тұрады.
Toggle Dropdown
6. Мәміле бағасын айқындау кезінде жол берілетін ауытқуды қолдану тәртібі
Toggle Dropdown
44. Мақта талшығын сатып алу-сату келісімшарттары үшін мәміле бағасының нарықтық бағадан 10 пайыздан асырылмай ауытқуына рұқсат беретін жол берілетін ауытқу қағидасы қолданылады.
Toggle Dropdown
Жол берілетін ауытқу әрбір жеткізу бойынша бөлек есептеледі.
Toggle Dropdown
46. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7. Мәміле (өткізу) бағасын нарықтық бағамен салыстыру тәртібі
Toggle Dropdown
47. Қазақстандық мақта талшығының нарықтық бағасы былайша есептеледі:
Toggle Dropdown
НБ = АКБ — Д, мұнда
Toggle Dropdown
НБ – қазақстандық мақта талшығының нарықтық бағасы;
Toggle Dropdown
АКБ – ақпарат көзінің қолданылу өңіріне сәйкес ақпарат көзінен алынған мақта талшығының бағасы;
Toggle Dropdown
Д – дифференциал.
Toggle Dropdown
Келісімшарт бойынша сатып алушы жеңілдікті салық салу қолданылатын мемлекетте тіркелген заңды тұлға болып табылатын мәмілелер бойынша дифференциал қолданылмайды.
Toggle Dropdown
48. Мақта талшығының мәміле бағасы қазақстандық мақта талшығының нарықтық бағасынан 10 пайыздан артық ауытқымауы тиіс.
Toggle Dropdown
Нарықтық баға мен жол беріледі ауытқу арасындағы айырмашылық мәміле бағасынан төмен немесе оған тең болған ((МБ ≥ НБ – ЖА)) жағдайларда, мәміле бағасына жол берілген деп танылады. Нарықтық баға мен жол берілген ауытқу арасындағы айырма мәміле бағасынан жоғары болған (МБ < НБ – ЖА) жағдайларда, мәміле бағасына жол берілмейді деп танылады, мұнда:
Toggle Dropdown
МБ – сатып алушыға меншік құқығы өткен күндегі мақта талшығының мәміле бағасы;
Toggle Dropdown
НБ – сатып алушыға меншік құқығы өткен күндегі мақта талшығының нарықтық бағасы;
Toggle Dropdown
ЖА – 10 %-ға тең жол берілетін ауытқу.