• Менің таңдаулыларым
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығының кейбір мәселелері туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 12.09.2023 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 1

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 274 қаулысы

Осы Қаулы 2023 жылғы 12 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 731 Қаулысына сәйкес 
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі — қор) қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін норма мен лимит есепті айдан кейінгі айдың басына қордың банктік шотындағы ақшаның инвестицияланбайтын ай сайынғы қалдығы түрінде қорға соңғы күнтізбелік он екі айда түскен соманың 1/12 мөлшерінде, бірақ 50000000000 (елу миллиард) теңгеден төмен емес болып белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ