Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 19 сәуірдегі
№ 234 қаулысымен
бекітілген
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары
Редакция 31.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетігін айқындайды.
1. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:
кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің екінші деңгейдегі банктер берген кредиттері бойынша «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігі (бұдан әрі – Тетік) шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Субсидиялау кәсіпкерлер кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
3. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтерін уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейді.
4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарлама және Тетік бойынша жергілікті және (немесе) республикалық бюджет қаражаты есебінен:
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарлама шеңберінде өзара жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде қаржы агенттігіне аударады (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді);
кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган өзара жасалатын субсидиялау үшін қаражат аудару шарты (бұдан әрі – қаражат аудару шарты) негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.
5. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру:
Бағдарлама шеңберінде республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады;
Тетік шеңберінде республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
2-тарау. Терминдер мен анықтамалар
6. Осы Субсидиялау қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
2) даму банкі – «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және (немесе) оның үлестес лизингтік компаниясы;
3) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және лизингтік компанияның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға тиіс;
4) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
6) ИИДМБ – Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
7) субсидиялау шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;
8) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;
9) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады;
10) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
11) лизингтік компания – Бағдарламаға қатысатын лизингтік компания;
12) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимыл жиынтығы;
13) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – облыс әкімі айқындайтын, кәсіпкерлерді Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;
14) ЭҚЖЖ (бұдан әрі – Бағдарлама шеңберіндегі экономиканың басым секторлары) – Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары;
15) кәсіпкер – өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ өз қызметін Тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі.
16) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-әрекет пен іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредит/лизингтік мәміле алуға болады;
17) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын, облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
18) субсидиялау – кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарын болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;
19) субсидиялар – қаржы агенттігі субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде өтеусіз және қайтарымсыз негізде банкке/лизингтік компанияға төлейтін мерзімді төлемдер;
20) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
21) қаржы агенттігі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
22) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
23) электрондық өтінім – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған, мемлекеттік қолдау алуға арналған өтінім;
24) электрондық құжат топтамасы – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат.
25) жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген «Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары» шеңберінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің уәкілетті басқармасы (бұдан әрі – № 436 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген).
3-тарау. «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары
7. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытына салалық шектеусіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмай қатыса алады.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қатысуға жобаның іске асырылу орнына қарамастан және шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің тіркеу орнын есепке алмай салалық шектеулерсіз айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен кредиттер алған (алатын) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері де жіберіледі.
1) даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;
2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;