• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген

«Бизнестің жол қартасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1060 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі − Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және кәсіпкерлердің кредиттері бойынша міндеттемелердің орындалуын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру тетігі мен шарттарын айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.05.2019 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Кепілдік беру кәсіпкерлердің «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі − Бағдарлама)/ «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігі (бұдан әрі − Тетік) шеңберіндегі кредиттері бойынша жүзеге асырылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.05.2019 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Кепілдік беру кәсіпкерлерді қаржылық қолдау құралы болып табылады және кредиттік ресурстарға қол жеткізуді кеңейту мен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.05.2019 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 373 Қаулысына сәйкес (23.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.05.2019 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.08.2019 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес (28.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бағдарлама бойынша − облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі Бағдарлама шеңберінде өзара жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Агроөнеркәсіптік кешендегі, өңдеу өнеркәсібіндегі өңдеу және Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде көрсетілетін қызметтер ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін қаражат аударуға арналған шарт (бұдан әрі – Шарт) негізінде бөлінетін республикалық бюджет қаражаты Бағдарлама шеңберінде кепілдік беру құралына бағытталуы мүмкін. Қаржы агенттігі өңірлердің қажеттілігіне қарай алынған қаражатты бөлуді дербес жүзеге асырады. Кепілдік беру құралына арналған Шарт бойынша бөлінген және қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылында пайдаланбаған қаражат кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға қайтарылады.
Тетік шеңберінде кепілдік жағдайы (кепілдік бойынша төлем) туындаған кезде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жылына кемінде екі рет қаржы агенттігі мен уәкілетті орган арасында жасалған Тетік шеңберінде кепілдік беру үшін қаражат аударуға арналған келісімнің негізінде қаржы агенттігіне республикалық бюджеттен жобалар бойынша қаржы агенттігі орындаған талаптың 100 %-ы мөлшерінде төлем жүргізеді.
2. Терминдер мен анықтамалар
5. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) банк – екінші деңгейдегі банк, оның ішінде Бағдарламаға қатысатын даму банкі/Тетікке қатысатын екінші деңгейдегі банк;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.05.2019 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы. Кредиттік желі де банктік кредитке жатады.
Ислам банкі үшін кредит қаржыландыру – кәсіпкерге ислам банкі қаржыландыру шартына сәйкес ұсынатын тауар үшін төлемді кейінге шегеру немесе бөліп төлеу ретінде түсініледі;
3) кепілдік беру – Бағдарламада/Тетікте, осы Кепілдік беру қағидаларында және кепілдік шартында айқындалған шарттарда кәсіпкердің кредиті бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау нысаны;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.05.2019 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) кепілдік – банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша кепілдік шартынан туындайтын кәсіпкер міндеттемелерін орындау үшін кепілдік сомасының шегінде қаржы агенттігінің банк алдында жауап беру міндеттемесі;
4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
5-тармақ 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
5) ИИДМБ – Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама;
6) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады.
Ислам банкі үшін банктік қарыз шарты қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім ретінде түсініледі, оның шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарларды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді. Бас қаржыландыру келісімі де қаржыландыру шартына жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жеке шарттар жасасады. Тауар сатудың тауардың бағасы мен тауардың үстеме бағасынан қалыптасатын бағасы бойынша төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу арқылы кәсіпкерге тауар сату жолымен саудадағы делдал ретінде кәсіпкердің сауда қызметін ислам банктерінің қаржыландыруы коммерциялық кредит деп түсініледі;
7) кепілдік шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк және кәсіпкер арасында жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;
8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – БЖЗҚ); 
9) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
10) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – кредит бойынша сыйақының банктік қарыз шартын жасасу кезінде сол шартта белгіленген мөлшерлемесі, оны банктік қарыз шартында көзделген жағдайларда банк біржақты тәртіппен не тараптардың келісімі бойынша өзгерте алады.
Ислам банкі үшін тауардың үстеме бағасы – ислам банкінің коммерциялық кредит беруге байланысты тауар бағасынан түсетін пайыз (пайда) түрінде не тіркелген сома түрінде көрсетілуі мүмкін кірісі номиналды сыйақы мөлшерлемесі деп түсініледі;
11) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-әрекет пен іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредит алуға болады;
12) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын, облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
13) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
14) тауар – оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында Ислам банктерінің сатып алу-сату мәмілелерін жасасуына рұқсат берілген, кейіннен коммерциялық кредит шарттарында кәсіпкерге беру мақсатында ислам банкі тауар сатушыдан сатып алу-сату шарты бойынша сатып алатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік;
15) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
16) қаржы агенттігі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы.
17) портфельдік кепілдік беру – банк үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдіктер берудің нысаны.
5-тармақ 17-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес
18) кәсіпкер – өз қызметін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінде көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектісі.
5-тармақ 18-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.05.2019 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (өзгерту 17.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары
6. Мыналар:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және моноқалаларда салалық шектеулерсіз өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер;
2) барлық өңірлерде өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер салалық шектеусіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмай Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кепілдік беруге қатыса алады.
Қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын көздейтін жобалар тиімді жобалар деп түсініледі.
100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.
Бұл ретте Бағдарламаның бірінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда:
1) тұрақтандыру немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, БЖЗҚ, облыс, астана, республикалық маңызы бар қала әкімдігінің және қаржы агенттігінің қаражаттары есебінен іске асырылатын бағдарламалардың шеңберінде банктер арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлердің;
2) кредит алу үшін өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлеу бойынша берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ кәсіпкерлердің кепілдік алуға қатысуына рұқсат етіледі.
7. Мыналар:
1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын кәсіпкерлер;
3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын кәсіпкерлер;
4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке меншік мекеме нысанында құрылған заңды тұлғалар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кепілдік алуға қатысушы бола алмайды.
8. Бағдарлама шеңберінде мынадай: